Ш. Айтматовтың Найман - Ана шығармасы бойынша сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ш.Айтматовтың Найман - Ана шығармасы бойынша сабақ жоспары



САБАҚ ЖОСПАРЫ



Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


МҰҒАЛІМ:,Сейсенбаева Ж.




ПӘН:қазақ тілі мен әдебиеті

Сабақ :№ 9




Сынып

8 - сынып

Тақырып:

Тақырыпша:

Қоғамдық қатынастар

Ш.Айтматов «Найман Ана» («Боранды бекет» шығармасынан үзінді)

ПӘНГЕ ҚАТЫСТЫ ТҰЖЫРЫМДАР

Қоғамдағы ең сұмдық дерт- ұлтсыздық пен рухсыздық екенін шығармаддағы мәңгүрт образы арқылы жадыларына өз қорытындыларымен бекіту.

ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

(Оқушылардың сабақ аяғында қол жеткізетін дағдылары) (SWBAT)


  • Тұлға табиғатын және басқалармен қарым-қатынасын зерттейді

  • Қоғамға адамдардың қарым-қатынасы, тигізер әсері туралы сыни ойлау дағдысын дамытады

ЗЕРТТЕУ СҰРАҒЫ (СҰРАҚТАРЫ) & Сабақта сыни тұрғысынан ойлау мүмкіндіктері

Пікірталастық сұрақ: Адам қоғамға бейімделеді ме, әлде қоғам адамға ма?

Зерттеу: Адамнын құндылықтарына не жатады?

РЕСУРСТАР

Электронды тақта, ғаламтор матералдары, оқулық

БАҒАЛАУ

Әр топтың жұмысын критерий арқылы бағалау.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ (қажет болса)











Уақыты


Білім, білік, әдістер

Сабақ мазмұны

Саралау

3мин


2мин

5 мин







15мин












20

мин

)


15 мин




Сыни тұрғыдан ойлау дағдысы



Дағды: жазу, тыңдау, талдау.








Дағды:өзара қатынас













Дағды:

Әріптестік дағдылары

Өткен тақырыпты жаңғырту:

Өткен сабақтармен жаңа сабақ арасындағы сабақтастықты анықтату

-Ш. Айтматовтың «Найман Ана» үзіндісіндегі басты кейіпкері кім?

- Мәңгүрт дегенді қалай түсінесің?

- Егер сен автор болсаң шығарманы бір сөзбен қалай түйіндер едің?

І. Қызығушылықты ояту кезеңі:

Тақтадағы суретке назар аударыңдар.

Ш.Айтматовтың Найман - Ана шығармасы бойынша сабақ жоспары

Тапсырма:

Бұл суретте бейнеленген өзіңіз көріп тұрған заттарды, құбылыстарды атап жаз.

Саған соның ішінде ең жақыны қайсысы? Неліктен?

Сен суреттен өзіңді көрсете аласың ба? Дәлелде.

Осы сурет бойынша әдеби туындылардан мазмұндас, тақырыптас шығарманы ата. Өлең болса оқып бер, шығарма болса, негізгі идеясын түсіндір.

Сен суретшінің орнында болсаң, бұл жұмысқа не қосар едің, нені алып тастар едің? Түйінде.

Тірек сөздер: қоғам, қамқорлық, қарым-қатынас

ІІ.Мағынаны ашу кезеңі:

Топтық жұмыс:

«Оқырмандар» конференциясы. (Әр тараудың басында сыныпқа оқылатын шығармалар тізімі беріледі. Өткен сабақтың соңында мұғалім сауалнама жүргізу арқылы шығарманы оқыған оқушыларды анықтап, бүгінгі сабақта сол оқушыларды қонақ ретінде ортаға шақырады.)

Мақсаты: Оқушылардың көркем шығармаларды оқу қызығушылықтарын арттыру.

Балалар бүгін бізде айтулы күн. Ортамызда «Адамзаттың Айтматовы» атанған ұлы тұлға Ш.Айтматовтың көзін көрген, сол кісіден білім алған бірнеше шәкірттері сіздермен кездесуге келіп отыр. Құрметті қонақтарымызды таныстырып өтейін.

1.Журналист, қоғам қайраткері- .Дәурен мырза

2.Филология ғылымдарының докторы- Әмина ханым

3.Жазушы- Әнел ханым

4.Әдебиет зерттеушісі- Дана ханым

5.Сыншы- Мадина ханым

6.Тілші- Әмина ханым

Конференция жүргізу ережесі таныстырылады.

-Балалар ортамызға құрметті қонақтар келіп отыр екен, ендеше бүгінгі Ш.Айтматовтың «Найман-Ана» шығармасы бойынша пікір алмасайық. Бүгінгі қонақтарымызға қандай сұрақтарың бар? (Балалар сұрақ қояды) Уақыт: 10 минут.

-Шығармада автор қандай мәселені көтереді?

-Бұл шығармамен сіз қалай таныстыңыз?

-Шығармадағы оқиға қай уақытта болған?

-Басты кейіпкердің осы күйге түсу себебі не?

-Ол қандай қиындықтарға кездесті?

-Шығарма немен аяқталды?

-Шығарманы оқығанда сіз қандай сезімде болдыңыз?

Жинақтау. Балалар, шығармада көтерілген басты мәселе не?

Бүгінгі таңда мәңгүрт деп кімді айтар едіңдер? Неліктен? Дәлелдеңдер. Адамнын құндылықтарына не жатады?

Мұғалім: Құрметті қонақтар, сіздерге 8-сынып атынан алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғысымды айтамын. Сіздерден қазір сынып оқушыларынан 3 оқушы таңдап алып, топ құрауларыңыз сұралады.

ІІІ.Ой толғаныс:

6 топ құрылады. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

  1. Пейзаж деген не? Шығармадан пейзажды тауып оқыңдар. Табиғат пен ананың күйі ұқсай ма?

  2. Шығарманы оқи отырып қандай әсер алдыңдар? Алған әсерлеріңді қағаз бетіне түсіріңдер.

  3. Шығармада қарамен берілген сөздерді сөздіктен тауып, мағынасын түсіндіріңдер.

4. Сендер мәңгүрттік мәселесін шешудің қандай жоолдарын ұсынар едіңдер?

5. Ш.Айтматовтың «Найман-Ана» шығармасын өздерің оқыған кітап немесе фильммен салыстырыңдар.

6. Мәтінді оқып, шығармадағы мәңгүрттік жағдайын бүгінгі біздің қоғамымызда бар ма? Салыстырыңдар.

Қорытынды. Төмендегі «Қазақфильм» киностудиясы ұсынған, «Кек» фильмінен алынған үзіндіге назар аударыңдар://kazakh.ucoz.kz/

Пікіралмасу: Адам қоғамға бейімделеді ме, әлде қоғам адамға ма?

Дегенмен, мәңгүрттік мәселесі бүгінгі таңда қоғамның мәселесі болып отыр. Өз тілін, өз ата-анасын, өз елін, өз отбасын ұмытып, мәңгүрттік санасына сіңіп қалғандар аз емес. Санасы уланған адам сезімнің не екенін түйсіне алар ма екен? Елімізде мәңгүрттік мәселесі жойылуы үшін қандай тілек айтасыңдар?

Кері байланыс:

Оқушы рефлексиясы:


  1. Бүгінгі сабақтан әсер алған тұстарың.

  2. Мұғалімнің қай әрекеті ұнады?









































































Әр оқушы өзі құрған топта бірлесе жұмыс істеу үшін топ құрады.


















Сабақ қорытындысын әр оқушы өз деңгейіне қарай шығарады.



© 2010-2022