Ашық сабақ Мақал-мәтелдер сайысы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысыАшық сабақ Мақал-мәтелдер сайысы5- сынып Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік

2.Дамытушылық

3.Тәрбиелік

Мақал-мәтелдерді күнделікте өмірде қолдана білу.

Мақал-мәтелдердің тіліміздегі сөздің көркі екенін ұқтыру, мақалды әңгіме жаздыру арқылы тілін дамыту.

Мақал арқылы адамгершілікке, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

  • Жаңа оқу материалын беру сабағы

  • Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікіралмасу, тапсырма орындау, тақтамен жұмыс.

Сабақтың жабдығы: үлестірме қағаздар, слайд, интерактивті тақта,

Сыныппен жұмыс түрі: топпен, ұжымдық

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды түгендеу

2.Сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Жазбаша берілген тапсырманы тексеру.

Теориялық материалды еске түсіру.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Аяқталған сөйлемТоптастыру әдісі:

Ой тиянақты, дәлелді

Мақал

Екі бөлімді

салыстыру



Мағына тұспалды

Сөйлем не сөз тіркесі

Мәтел

Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ

Топшалау


Мақал

Мәтел

Біреу тойып секіреді,

Біреу тоңып секіреді.

Әлін білмеген әлек.

Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

Еменнің иілгені - сынғаны.

Көппен көрген - ұлы той.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Көрмес түйені де көрмес.

ІҮ. Бекіту:

І топ: Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Ел үмітін ер ақтар. Денсаулық - зор байлық.

Жұмбақты шешу.

1. Бұл жұмбақ төрт сөзден құралған. Оның біріншісі - сарай сөзінің синонимі, екіншісі - астында сөзінің антонимі, үшіншісі - ірі сөзінің антонимі, төртінші сөз - тау жынысты қатты заттың аты. (Үй үстінде ұсақ тас. Жұлдыз)

2. Бірінші сөзі - көп сөзінің антонимі, екінші сөзі - сөйлемнің ең кішкене бөлшегі, үшінші сөзі - қымбат металл аты болып келетін мақал. (Аз сөз - алтын)

ІІ топ: Қос жазба күнделік.

Мақал-мәтел

Мағынасы

1. Ащы мен тұщыны татқан білер,

Жақын мен алысты жортқан білер.

2. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,

Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

3. Жаман сөз - жанға кірген тікен,

Жақсы сөз - таптырмайтын ем.

4. Жақсы адам тауып айтады,

Жаман адам итше қауіп айтады

ІІI топ: Шағын мәтіндер жаздыру, мақал-мәтелдермен ыңғайлы аяқтау.

Ү.Қорытынды:

Не білдім? Нені үйрендім? Не білгім келеді?

+ - +

VІ. Үйге тапсырма беру.

  1. Топ мақал мен мәтелді ажыратып, баған түрінде жазу (кестемен жұмыс).

  2. Топ құрамында сан есім бар он мақал жазу.

  3. Шағын әңгіме оқып, мәтіннің мазмұнына қарай мақал-мәтел жазу.

ҮІІ. Бағалау:

«5» «4» «3»



© 2010-2022