Урок Мақал-мәтелдер

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 5 сынып

Тақырыбы:Мақал-мәтелдер

Мақсаты:Мақал -мәтелдер және олардың айырмашылығы туралы алған білімдерін тереңдету.Тілдерін және сөздік қорларын дамыту.Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.

Сабақтың көрнекілігі:электрондық оқулық,слайд,суреттер,маркер

Сабақтың барысы:

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Еңбек етіп ерінбей

Жақсы баға алайық

Топқа бөлу түске байланысты 2 топқа бөлеміз.

Өткенді қайталап ,үй тапсырмасын тексеру.

1-аялдама

1 топ 128- жаттығу 2 топ 129-жаттығу

Эвфемизм дегеніміз не? Дисфемизм дегеніміз не?

Мақал дегеніміз не? Мәтел дегеніміз не?

Операциялық -орындаушылық кезең

Сөзжұмбақ шешу.

Яғни ,оқушылар біз бүгін мақал-мәтелдер және олардың айырмашылығы туралы алған білімдерімізді тереңдетеміз.

Мақал-тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.Ал мәтел-ой-пікірді бейнелеп, тұспалап,ишаралап тұратын сөздер тобы.

2-аялдама «Полиглот»

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сол сөзді үш тілде айту.

1 топ 1.... тас жарады,

Тас жармаса ,бас жарады. (Тіл,язык,таң)

2.Таяқ еттен өтеді,

... сүйектен өтеді. ( Сөз, слово, уорд)

2 топ

1... таумен кездеспейді,

Адам адаммен кездеседі. ( Тау, гора, маунтэйн)

2.... көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды. (Дос,друг,фриэнд)

3-аялдама «Жылдам жауап» ойыны.Сәйкестендіру.

Еңбек түбі Зейнет

Бейнет түбі Береке

Ұрлық түбі Бұлақ

Сөз анасы Қорлық

Су анасы Тұяқ

Жол анасы Құлақ

4-аялдама «Кім жылдам»

Мақалды жалғастыру.
1. Баланың ұяты - әкеге... (қыздың ұяты - шешеге.)
2. Атаңа не қылсаң,... (алдыңа сол келер.)
3. Туған жердей жер болмас... (туған елдей ел болмас.)
4. Батыр туса - ел ырысы,... (жаңбыр жауса - жер ырысы.)
5. Екі жақсы қас болмас,... (екі жаман дос болмас.)

6.Ұяда не көрсең... (ұшқанда соны ілерсің.)

5-аялдама

Сатылай кешенді талдау (математикалық тәсілмен)

1 топ Мақал

2 топ Мәтел сөздерін талдайды.

6-аялдама «Жұмбақтар сөйлесе» ( мұғалім айтқан жұмбақтың шешуін тауып, сол жауап сөзі бар мақал-мәтел айтылу керек)

1.Судан шығады, судан қорқады(тұз)

(Досы жоқ адам,тұзы жоқ тағам)

2.Зер-зер кілем зер кілем ( жер)

(Жер құтты болса, мал сүтті болады.)

3.Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса аттама ( кітап)

(Кітап білім бұлағы,Білім өнер шырағы.)

7-аялдама «Мықты болсаң, тауып көр»

1 топ 130-жаттығу 2 топ 132-жаттығу

1.Дос егіз,дұшпан сегіз 10.Қимас досың сұраса,қимасыңды бересің.

2.Доссыз адам, тамырсыз терек. 1.Сәттілікке тәттілік

3.Дос тұтқанды қадірле. 2.Татулық байлық

4.Достың ескісі,киімнің жаңасы жақсы. 3. Бақыт кілті еңбекте

5.Досыңды мақтағаның өзіңді мақтағаның 4.Бақыт-қолдың кірі

6.Досыңды жамандама,доссыз қаласың. 5.Еңбек пен бақыт егіз

7.Ақылды дос аздырмайды 6.Бақ пен дәулет көшпелі

8.Асың барда досың көп. 7.Татулық табылмайтын бақыт

9.Жақсы дос үшін жан пида. 8.Ас адамның арқауы

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Орындарын өзгертуге

Адалдыққа болмайды Жақсылыққа

Тәрбиелейді бастайды

Мақал-мәтелдер

Белгілі тұжырым теріс мінез құлықтарды

Жасайды әшкерелейді

Үйге тапсырма 134,137-жаттығулар

Бағалау Өзін-өзі бағалау 2жұлдыз,1 тілек


© 2010-2022