Разработка на казахском языке Жақсылық жасай білейік!

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Жақсылық жасай білейік!

Құндылық: «қайырымдылық»,«қамқорлық»
Қасиеттер: мейірімділік, әдептілік

Мұғалiм: Н.Уразниязова

Сыныбы : 4 «а»,«ә»,«б»,«в»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық»,«жақсылық»,«қамқорлық»

Құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

  • Міндеттері:

  • жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөнінде және де жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

  • қайырымды ,қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.

Дәйексөз.

Жақсының жақсылығын айт ,нұры тасысын.

Халық мақалы

Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады.Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді.Өйткені адамдар оны, айналасы жақсы көреді, сыйлайды,онымен достасқысы келеді.Өмірде көптеген жетістіктерге жетеді. Сондықтанда халық: «Жақсының жақсылығын айт ,нұры тасысын» деп бекер айтпаған.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жақсылық жасау дегеніміз не?

Жақсы адамның бойында қандай құндылықтар болады?

Сендердің жақсылық жасаған кездерің болды ма? Қандай жақсылық жасадыңдар және қандай сезімге бөлендіңдер?

  • Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай , адамдарға , айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.

Мәтінмен жұмыс

Жақсылық пен жамандық

Ертегі

  • Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

  • Жамандыққа ерсең жаман боласың,жақсылыққа ерсең жақы боларсың деген ойға қандай пікір айта аласыңдар?

Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген ертегіні өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар.

.... Бір күні орманда шөп жанып, өрт басталады. Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі.Тек тасбақа өзінің қысқа аяқтарымен алысқа кете алмайды. От тасбақаға жақындап қалады. Ол енді қалай құтылады?

Қорытындылау

Жаңа ақпарат

Адамдар бір-біріне қайырымдылық,мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Үйге тапсырма

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісіні ң ізін өз ойларыңмен жалғастырыңдар.





© 2010-2022