Қазақ әдебиеті 8-сынып Қазақтың күй өнері

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есентемирова Мейрамгүл Наурызбайқызы

Жбб Қособа орта мектеп-балабақша

кешенінің мұғалімі

Сырым ауданы

Батыс Қазақстан облысы

Қазақ әдебиеті 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың күй өнері

Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры

Сабақтың мақсаты:

a) Білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын , күй өнерінің құдіретін ұғындыру.

ә) Дамытушылық: оқушылардың шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін білдіруге дағдыландыру.

б) Тәрбиелік: еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге баулу, өнер иелеріне деген саналы көзқарасын арттыру.

Сабақтың түрі: білімді жинақтау

Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, энциклопедия, автор суреті және «Нар идірген» күй

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеу, топқа болу ( 3 түсті қағаз арқылы)

3. Зейіндерін сабаққа аудару: «Білемін», «Білдім», «Білгім келеді» әдісі арқылы

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: (тапсырмаларды орындауға 3-5 минут, қорғауға, бағалауға 8-10 минут)

Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Жасалған хронологиялық кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін ортаға салады. (тақырыпқа байланысты слайд )

І топ: оқулықтар мен энциклопедия арқылы хронологиялық кесте құру

1923 жылы

Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген

1941 жылы

Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады

1948-51

Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған

1951-53 жылдары

"Қазақ фильм" киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы

1953-54 жылдары

"Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жұлдыз") журналының редакторы

1954-55жылдары

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы

1955-57 жылдары

Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы

1957-58 жылдары

Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы

1966 жылы

Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді

ІІ топ: автор мәліметін «топтастыру»

Қазақ әдебиеті 8-сынып Қазақтың күй өнеріРедактор

АҚазақ әдебиеті 8-сынып Қазақтың күй өнеріҚазақ әдебиеті 8-сынып Қазақтың күй өнеріҚазақ әдебиеті 8-сынып Қазақтың күй өнеріудармашы Тахауи Ахтанов Жазушы

Қазақ әдебиеті 8-сынып Қазақтың күй өнері

Абай атындағы мем.сыйлықтың лауреаты Драматург

ІІІ топ: әңгіменің композициялық құрылымын құру

Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.

(оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)

Оқиғаның басталуы (экспозициясы)

Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.

Оқиғаның дамуы

Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.

Оқиғаның шиеленісуі

Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.

Оқиғаның шарықтау шегі

Жаңа күйдің пайда болуы.

Оқиғаның шешімі

Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ой қозғау «Күй аңызы» әңгімесіне арқау болған

«Нар идірген» күйі аңызымен қоса тыңдалады. (7,52 минут)

- Күй өнері туралы не білеміз? (тірек сөздер)

шығу тарихы, өнер түрі, домбыра, қобыз , ұлттық мұра, әуен, саз

оқиға, жағдай

Жаңа сабақ «Мағынаны тану» әдісі бойынша басталады. (5 минут)

1-топ: Кейіпкерлерді топтастыр

2-топ: Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу (Естемес, Оразымбет, Жаңыл, қарт)

3-топ Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)

кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

1

Естемес.

Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды

Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді.

жақсы

2

Оразымбет.

Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт

Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал.

жоғары

3

Жаңыл.

Жігерлі жан, өз бақытын табуда өжеттік таныта білді.

Кішіпейіл, ибалы, өжет.

жоғары

4

Қарт.

Жоғары, жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан.

Көпті көрген, қонақжай, есті кісі.

жақсы

5) Тест тапсырмасы (оқулықпен, дәптермен жұмыс 4 минут )

Кімнің сөзі:

1. «Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

2. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

3. «Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

4. «Сөзім -сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

5. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

6. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

7. «Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

Бағасы: 7 - «5», 5, 6- «4», 3,4 - «3»

6) Тест интервью.1 Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты.

2 Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты.

3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.

4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ.

5 Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?

ІV. Сабақты бекіту: 10 минут «5 минуттық эссе» және оны қорғау (5 минут)

«Автор орындығы» стратегиясымен «егер мен автор болсам» айдарымен өз болжамдық-аяқтауларын оқыту. Әңгімеден алған әсерің? Несімен әсер етті?

VІ. Үйге тапсырма: (1 м.) «Қазақтың күйі - қазақтың жаны» деген тақырыпқа эссе немесе «кейіпкерлерге хат» жазу

VІ. Бағалау. (2 минут)


© 2010-2022