Коучинг жоспары «Блум таксономиясы»

Жалпы мақсаты:Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, Блум таксономиясын сабақтарға мақсат қоюға, білімді игертуге деңгейлік тапсырмаларды дұрыс әзірлей алуға бағыттау; Күтілетін нәтиже:Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы,түрлі тапсырмалар орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге      6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді. Түйінді идея:Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг жоспары «Блум таксономиясы»



Жалпы мақсаты

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, Блум таксономиясын сабақтарға мақсат қоюға, білімді игертуге деңгейлік тапсырмаларды дұрыс әзірлей алуға бағыттау

Күтілетін нәтиже

Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы,түрлі тапсырмалар орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге

6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді.

Түйінді идея

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау

Ресурстар

Интерактивті тақта, А-3 парақтары, стикер ,маркер, түрлі суреттер, таратпа материалдары



Коучинг сессияның өту барысы

Өтілу кезеңдері

Уақыты

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Сергіту сәті

2 мин

Шеңбер құру арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтылады, бір -бірімен танысады

Топқа бөлу

2 мин

Шеңберде тұрған адамдар үш-үштен бөлініп тұра қалады. Санамақ ойыны арқылы үш топқа бөлінеді

Ой шақыру, теориялық материал

7 мин

«Көбелек сабағы» презентациясы

Блум таксономиясы туралы теориялық білім

Топтық жұмыс

5 мин

Әр топқа 3 минуттан

Барлығы 14 мин

Тапсырма «Бауырсақ» ертегісін Блум таксономиясына салу.

1-тапсырма

1- топ

Ертегінің негізгі кейіпкерін постерге бейнеле.

2-топ

Кейіпкерлерді жақсысынан жаманына қарай жікте, жіктеу әрекетіңізді түсіндір.

3-топ

Ертегіні бүгінгі жаңа күн талабына сай үлгіде суретте. (5 минут тапсырманы әзірлеуге, 3 минут қорғауға)

Рефлексия

2 мин

Үш топ бір-бірін «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Топтық жұмыс

5 мин

Әр топқа 3 минуттан

Барлығы 14 мин

Нәтижеге жету

2 тапсырма

1-топ. Бауырсақ ертегісін көрініс түрінде бейнеле.

2-топ. Ертегіні жарнамала.

3-топ. Түлкінің бауырсақтың кездескендегі әрекетін бейнеле.

(5 минут тапсырманы әзірлеуге, 3 минут қорғауға)

Рефлексия

2 мин

Үш топ бір-бірін «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Кері байланыс

2 мин

Мұғалімдер өз ойларын, пікірлерін стикерге жазады



© 2010-2022