• Преподавателю
  • Другое
  • ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ

КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ


Сагитова Ж.С. Павлодар қаласы «№ 21 орта мектебі» ММ

Контактный телефон 8(7182)57-73-96; сот. 87076040366


Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып,айта білуге,сауатты жазуға,бір-бірімен сөйлесе білуге дағдыландыру,ойын қазақша жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу,сапалы және терең білім беру. Өйткені, заман талабы педагог мамандардың оқушы құзыреттілігін артыруына талап қойып отыр.

Ал енді сол «құзірет» және «құзыреттілік» деген сөзге тоқтала кетсек.

Құзірет - дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы.

Құзыреттілік - адамның әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі. Мен өзім сабақ беретін 6-сыныптарда оқушылардың коммуникативтік және тілдік құзыреттілігінің дамуына көңіл бөлемін.

1. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) -оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, қатысымдық құзыреттілікті меңгергені.

2.Тілдік, лингвистикалық құзыреттілік: сөздерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларға сай қолдана білуі, сөздің дұрыс айтылу, жазылу ережелерін білуі;мәтін түрлерін құрастыра білу дағдылары қалыптастырылады.

Әр оқушының ақыл-ой қабілеті әр түрлі, сол себепті олардың бағдарламадағы материалдарды қабылдауы да бірдей емес. Біреулері жақсы ұғынып, түсініп жатса, кейбіреулері үлгере алмай жатады. Бұл -оқушы құзыреттілігінің дамуы да әр түрлі екендігін білдіреді. Сондықтан оқушыларды білімге бірдей жетелеу үшін, сабақты меңгертіп, тілін, ой ұшқырлығын, құзыреттілігін арттыру үшін сабақ үдірісін түрлендіретін бір әдіс-ойын түрлері.

Қазақ тіліне байланысты ойын түрлері -грамматикалық ойындар, логикалық ойындар, коммуникативтік ойындар, рөлдік ойындар, салт-дәстүрге байланысты ойындар т.б болып бөліне береді. Әр сабақтың тақырыбына сай ойын түрлері де өзгеріп отырады.

Мен грамматикалық ойындары қазақ тілінен фонетика, морфология, синтаксис, лексика салаларын оқытқанда қолданамын.

Фонетика бойынша: «Кім жылдам?» ойыны.

  1. А әріпінен басталатын қалалардың аттарын жазу. Мысалы: Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе т.б.

  2. Тек қана а,е,ы,і дауысты дыбыстар кездесетін сөздер ойлап жазу. Мысалы: Тамаша, астық,арман,еңбек,тіршілік т.б.

  3. Қай жағынан оқылса да мағынасы өзгермейтін сөздер жазу. Мысалы: қырық,нан,ана,апа,қазақ т.б.

  4. Сөйлем ішіндегі сөздер бір дыбыстан басталатын сөйлем құрастыр. Мысалы: Оқушы оқып отыр. Талғат табиғатты тамашады.

  5. «Адасқан әріптпер». Мына әріптерден сөз жаса. а, ы, з, ұ, қ, м, а, н, ғ, р (Құрманғазы); б, ы, д, р, м, о, а. (домбыра);і,ш,к, й, ү (күйші).

Бұл грамматикалық ойындар оқушылардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі.

Логикалық ойындар оқушының ойлау қабылетін жетілдіріп,сұраққа тез,анық жауап беруге ұмтылдырады. Мысалы:

  1. Қолда буын көп пе, аяқта көп пе? (қолда)

  2. Шалға қарағанда болады не көп? (дыбыс)

  3. Бота мен қозы ұқсас екен,неліктен? (дыбыс саны быун саны бірдей).

«Әрі ойын-әрі сөздік» ойын түрінде берілген тапсырмалар да

Город- қала трава- шөп мысль- ой

Ребенок- ... много- ... рост- ...

Список- тізім бери- ал мать- ана

Виноград- ... мед- … гений- …

Коммуникативтік ойындар баланың ашылуына,сөйлеу әрекетінің дамуына ықпал етеді. Мысалы: «Телефон» ойыны. Оқушылар өздерінше бір-біріне қоңырау шалып,сөйлесуге әрекеттенеді. Бұл жерде белгілі бір жағдаятты кіргізуге болады.

  1. Сен сабаққа келмей қалдың,үй тапсырмасын сұра.

  2. Досынды қонаққа шақыр.

  3. Сен «Бұқар Жырау» мұражайына баратын болдың, бірақ оның қай жерде екенін білмейсің, мекен-жайын сұра т.б.

Рольдік ойындары оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттырамын.

Мысалы: 6 сынып оқулығының VI модуліндегі «Менің қалам» тақырып бойынша ролдік ойын (жағдаят) ұйымдастырдым. Оқушыларды 3 топқа бөлдім: 1- топ Саяжай ауданы; 2-топ- Усолка ауданы; 3-топ- II Павлодар.


I

II

III

1.

Мәтінді құрастыру

4

4

5

2.

Сұрақ-жауап

3

5

5

3.

Өзіңдік ой жүйесі

3

5

5

Нәтижесінде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттырамын.Ролдік ойын кезіндегі оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда сөздік қорларының да орны ерекше. Мысалы: «Туған жерім», «Жабайы аңдар», «Көктем», «Елтану», атты тақырыптық ойындарын өткіземін. «Мерекелер» атты тақырыбын өткен кезде оқушылардың туған күн,мейрам кездегі тілек айту,өз сезімдерін, ойларын жеткізу біліктерін дамытуда қолданылады.

Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген модуль бар. Мен өз сабақтарымда (нәтиже сабақта) көптеген ойын түрлерін қолданамын. Ойын «Кім тез?» ай аттарын дұрыс жаз.

1. ңақарт

2. пақан

3. уарзын

Қазақтың ұлттық ойындарының бір түрі асық ойыны. Асықты «Сан есім» тақырыбын өткенде де ойынатуға болады. Мысалы «Бес асық» ойыны арқылы оқушылар тез санауды үйренеді.

Дидактикалық ойындардың мақсаты- оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар»,«Ұйқасын тап»т.б. Тапқырлыққа берілетін ойындар әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең-есептер, викториналар т.б.

Ойын түрлері

Грамматикалық

ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары

Коммуникативтік

ойыны

Рөлдік

ойыны

Дидактикалық ойындары

Жұмыстың бұл түрінде қандай да бір тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар өз шығармашылықтарын көрсетуі тиіс. Ол өлең,реферат т.б. түрде болуы мүмкін. Мысалы, «Адамдардың көктемгі киімі», «Ұлттық тағамдар»,тақырыбын өткен соң,«киімі» немесе «тағам» тақырыбына үлгілер көрмесін ұйымдастыруға болады. Тіпті сабақта әркім өз үстіндегі киімі туралы айтып беруге де болады. ойын түрін жүргіземін «Адасқан малдар» ойыны.

Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нәтиже сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модульға сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут).

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда төмендегі құзыреттілікттердің қалыптасуы қажет.

Коммуникативтік құзыреттілік бойынша: әдеп қалыбына сәйкес кейіпкерлер туралы, соған байланысты туындайтын түрлі әрекеттер туралы өз пікірін білдіру, өзіндік тұғырлы көзқарасының болуы; ауызекі қарым-қатынас әдебін меңгеру; ауызекі монолог құра алу; коммуникацияның түрлі құралдарын қолдана білу, т.б.

Мақсаты: Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-6- сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында ойын арқылы оқушының қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру;тілге деген қызығушылығын дамыту қалыптастыру.

Міндеттері: қазақ тілі пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың ойын арқылы қатысымды құзіреттілік,әрекеттік бағыттармен бірлікте дамытудың әдістерін ұсыну;ойын технологиясының тәрбиелік, дамытушылық мақсатын анықтау;ойын кезінде оқушының дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім мазмұны аяларға бөлініп, қатысымдық, рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.

Жүзеге асырынуы: ойын технологиясын оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушының білім, білік дағдысын, белсенділігін арттыру;

- ұлттық ойын элементтерін қолдану арқылы салт-дәстүрді білуге, сүюге тәрбиелеу.

Болжамы: сабақ барысында ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, оқушының пәнге деген қызығушылығының артатынына, сөздік қорының молайғанына көз жеткізе аламыз. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын - ала әзірлеу.

Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.

Сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады;баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Ойын элементтерін 5-6 сыныптарда қолдануы өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу,пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.

Сабақта қолданылатын негізгі ойын түрлері: «Бәйге», «Аукцион», «Мен саған, сен маған», «Әңгімені қалпына келтір»,«Шашыранды сөздерден сөйлем құра»,«Жалғасын айт» тағы басқа толып жатқан түрлері бар.

Қорыта келгенде, ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор. Сонымен, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғары дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдайларда өздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, білділік, дағдыларын дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оразбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас негіздері. Алматы,2005.

2. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Мектеп», 1998.

3. Ж.Мизамхан. Халық ойындары. Өлгий - 1982 ж.

4. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 2005.

5. Пособие для учителей. «Введение в коммуникативную методику обучения языку» Оксфорд-пресс. 1997 г.



© 2010-2022