Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілді



Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі

  1. Жалпы ережелер

1. Білім беру ұйымдарында оқу - әдістемелік жұмысты ұйымдастыру осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 25) тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдарымен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген.

2. Осы Ереже білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретін оқубағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгікәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу - әдістемелік жұмыстарды реттейді.

3. Ғылыми және оқу - әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие үдерісін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

4. Білім беру ұйымдарындағы оқу - әдістемелік жұмыстың міндеттері: - білім беру бағдарламарын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету; - білім беру үдерісінің қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру; - педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасызету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруұйымдарында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында облыстық (қалалық) білім департаменттерінің әдістемелік кабинеттеріне, жоғары оқу орындарында құрылымдық бөлімшелерг ежүктеледі.

5. Оқу-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

I I. Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу - әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:

1. ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психологияның жетістіктерін, дүниетанымның, өзіндік жұмыстың , өзіндік білімнің іскерлігімен дағдысын қалыптастыратын, ақыл-ес және танымдық белсенділікті дамытатын тиімді әдістерді меңгеру;

2. білім беру саласындағы нормативтік құжаттармен танысу;

3. сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын оқытудың түрлі нысандары мен әдістерін және шығармашылық түрде меңгеру;

4. үздік, жаңашыл тәжірибені және оның идеяларын шығармашылық пен пайдалану, менеджменттің қызметтерімен және прогрессивті идеяларымен, инновацияларымен танысу;

5. оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және білім беру ұйымының педагогына практикалық көмек көрсетуг ебағытталған әдістмелік жұмыстың әртүрлі нысандарын дайындау және өткізу;

6. оқыту сапасына , оқыту жетістіктерінің деңгейіне, оқушылардың тәрбиесіне талдау жасау;

7.педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау рәсіміне белсенді түрде қатысу;

8. әдістемелік өнімді әзірлеу;

9. ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау, оқушылардың білімінің, іскерлігінің, дағдысының сапасын талдау және нәтижелерд іжақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

10. педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлерге оқу сабақтар өткізу, оқу әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс шаралар өткізу;

11. сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау, ғылым мен техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;

12. кәсіптік шеберліктен пәндер мен мамандықтар бойынша тақырыптық семинарлар, конференциялар және әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу.

Әдістемелік бірлестік жетекшісінің қызметтік нұсқауы

І. Жалпы ереже

1.1. Нұсқау Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Білім туралы» заңы мен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйелерінің педагогика қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына» сәйкес жасалған.

1.2. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім мәселелері бойынша қаулыларын, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минисрлігінің, облыстық, қалалық білім беру органдарының бұйрықтары мен нұсқауларын, шешімдерін басшылыққа алады.

1.3. Әдістемелік бірлестік пән бойынша мұғалімдер саны 5 - тен кем емес жағдайда немесе бірнеше жақын пәндер бойынша құрылады.

1.4. Әдістемелік бірлестік жетекшісі кәсіби жоғары білімді, біліктілігі бірінші немесе жоғары, педагогикалық жұмысы 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар педагогикалық қызметкер директор бұйрығымен тағайындалады.

1.5. Әдістемелік бірлестік жұмысын жетекші басқарады, өзі болмаған жағдайда хатшысы басқарады.

1.6. Әдістемелік бірлестік жұмысына жалпы бақылауды белгілі бір пән немесе цикл үшін жалпы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

1.7. Әдістемелік бірлестік құру, қайта құру қызметін таңдауды ғылыми жұмыс немесе оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен директор жүзеге асырады.

1.8. Әдістемелік бірлестіктің барлық қызметі педагогикалық талдау, бірлестіктің ағымдық және алдағы жұмысын осы құжатқа және мектептің даму бағдарламасына сәйкес жоспарлау негізінде іске асырылады.

1.9. Әдістемелік бірлестік жетекшісі бірлестік мүшелерінің ұжымдық жұмыстың әр түрлі формаларына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, жұмысты басқа мектептердің әдістемелік бірлестіктерімен, қалалық(аудандық) әдістемелік кабинетінің әдіскерлерімен байланыстыра ұйымдастырады.

1.10. Әдістемелік бірлестік жетекшісі директордың оқу-тәрбие ісі, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен директорға тікелей бағынады.



ІІ. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі және мүшелері білуі қажет:

2.1. ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясын;

2.2. ҚазақстанРеспубликасының «Білімтуралы» заңын;

2.3. «Бала құқықтарытуралы» конвенциясын;

2.4. Қазақтан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ; 2.5. ҚазақстанРеспубликасының «Еңбектуралы» заңын;

2.6. ҚазақстанРеспубликасының «Тілтуралы» заңын;

2.7. Қазақстан Республикасының «Педагог қызметкерлерді аттестаттау» ережесін (3.04.2008 жылғы №181 бұйрығымен бекітілген);

2.8. Білім беру ұйымы қызметінің мазмұнын;

2.9. 12 жылдық, бағдар алды, бағдарлы білім беру құжаттарын;

2.10. Дидактика қағидаларын;

2.11. Білім берудің жалпы және жеке діс - тәсілдерін;

2.12. Білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің әдістемелік бірлестік жұмыстарының тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау, жинақтау және тарату әдістемесін;

2.13. Қазіргі заманғы ғылым, техника жетістіктерін;

2.14. Бағдарламалық - әдістемелік құжаттамаларды;

2.15. Оқытудың ақпараттық - коммуникативтік, интерактивті әдіс - тәсілдері мен технологияларын;

2.16. Педагогикалық ғылым мен тәжірибе нәтижелерін;

2.17. Компьютерлік бағдарламалар мен оларды қолдануды;

2.18 Қауіпсіздік техника ережелері мен нормаларын;

2.19Еңбекті қорғау ережелер мен нормаларын

Колледждің әдістемелік тақырыбы:

«Кәсіптік білім беруде құзіретті маман даярлаудың инновациялық жолдары»

Мақсаты: Сапалы білім беру мен тәрбие арқылы заман талабына сай кәсіби құзіреттті маман даярлау

Міндеттері:

  • Маман даярлауда оқу- әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату;

  • Педагогикалық кадрлардың біліктілігінарттыру жұмыстарын жетілдіру;

  • Колледждегі оқу- әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;

  • Оқу үдерісіне жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Студенттер мен оқытушылардың конференцияларға, байқауларға, конкурстарға қатысуын ұйымдастыру;

  • Жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізілетін сабақтар санын көбейту;

  • Баспасөз беттеріне, әдістемелік сайттарға оқытушылардың мақалаларын жариялауға бағыт-бағдар беру.

Бірлестіктердің әдістемелік тақырыбы:

Әдістеме бірлестік мүшелерінің қызметтік міндеттері:

1.1. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру жұмысын ұйымдастыру;

1.2. Білім мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды оқып, зерттеу;

1.4. Варианттарды есепке ала отырып, пәндер бойынша білім сапасын талдау;

1.5. Сабақ түрлерін өткізу әдістемесін жетілдіру және оларды оқу әдістемелік, материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету;

1.6. Пән бойынша жеке жұмыс жоспарын бекіту;

1.7. Топтан топқа көшіру емтихандары үшін және бітіру емтихандарына материалдар дайындау;

1.8. Колледжішілік бақылаудың қорытындысы бойынша пәннің оқыту сапасын талдау, қорытынды жасау, жұмыстану;

1.9. Белгілі бір тақырыптар бойынша өзара сабаққа ену, сабақты талдау және өзіндік талдау;

1.10. Ашық сабақтарды ұйымдастыру;

1.11. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату;

1.12. Пән бойынша білім стандарттарын негізге ала отырып, бағдарламалардың меңгерілуін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды жасақтау.

1.13. Пән бойынша жасақталған оқу құралдарымен таныстыру, жұмыстану;

1.14. Мұғалімдердің өз білімін көтеру ісі жөніндегі есептерін ұйымдастыру;

1.15. Аралық және қорытынды сынақтар жүйесін жасақтау,

1.16. Пәндік апталықтар мен байқауларды ұйымдастыру және өткізу;

1.17.Кабинеттердің материалдық қорын жетілдіру;

1.18. ӘБ отырыстарын, ғылыми-әдістемелік семинарларды, озат тәжірибе мектебінің жұмысын ұйымдастыру;

1.19. Пән, курс, факультатив мазмұндарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамту ;

1.20. Пәннің оқытылуы әдістемесінің өзекті мәселелері бойынша мектеп мұғалімдері үшін кеңестер беру;

1.21.Әкімшілікпен біріге отырып, мұғалімдерді аттестациялық сынақтан өткізуге әзірлеу;

1.22. Мұғалімдері мен оқушылар үшін ғылыми-практикалық конференциялар өткізу;

1.23. Колледжішілік , Облыстық пәндік олипиадаларды өткізу үшін материалдар жинақтау, дайындау.

1.24 Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік, көркем әдебиеттер, оқулықтармен, электрондық оқулықтармен, дидактикалық материалдармен, көрнекіліктермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру.

1.28. Әдістемелік бірлестіктің құжаттары мен іс-қағаздарының жүргізілуін қадағалау;

Әдістеме бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері:

 Оқу және тәрбие меселелері бойынша ӘБотырыстары;

 Оқу-әдістемелік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, жиналыстар, семинарлар, мұғалімдердің шығармашылық есептері;

 Пәндер бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар;

 Оқу-тәрбие әдістемесі жөніндегі лекциялар, баяндамалар, хабарламалар, басқосулар;

 Пәндік және әдістемелік апталықтарды өткізу;

 Өзара сабаққа ену;

 Ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар;

2. Мұғалімдер туралы статистикалық мәліметтер.

Мұғалім-нің аты-жөні

Ту ған жы лы

Білі-мі

Сана- ты

Пед өтілі

Атқа- ратын Қызме-ті

Курстан өтуі

Марапат талуы

Жүк- теме

Сабақ бере тін сы ныптары

Әдісте- мелік тақыры-бы

Мекен жайы телефоны

Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Мұғалімнің өз білімін жетілдіру жоспары.

Аты-жөні:

Пәні:

Санаты:

Өтілі:

1. Қазақстан Республикасындағы заңдарды білуі.

2.Мұғалімнің саяси-идеялық білімін көтеруі.

3.Педагогика мен психологияның негіздерін білуі.

4.Мұғалімнің ғылыми-теориялық білімін толықтыруы.

5.Проблемалық тақырып бойынша білім жетілдіруі.

6.Педагогикалық шеберлікті жетілдіруі, жаңа технологияларды игеруі.

7.Озық тәжірибені, жаңа технологияларды практикада қолдануы.

8.Оқушылардың психологиялық педагогикалық ерекшеліктерін білуі.

9.Мұғалімнің өз білімін жетілдіруін талдауы:

1.Жоспар өзін ақтады ма, жалпы мектептік проблемамен және жеке білім жетілдіру тақырыбымен қалай үндесті, білім жетілдіру барысында оқып білуге алынған негізгі сұрақтар қалай тұжырымдалған, зерттеу жұмысы жоспарланды ма? 2.Жеке білім жетілдіру тақырыбына сай кімнің және қандай сұрақтар бойынша тәжірибесін үйренді, материалды зерттеу кезеңдері, қандай әдебиет нақты оқылды: психологиялық, педагогикалық, ғылыми. 3.Нақтылы тақырыпты оқып(зерттеп) үйренген соңғы практикалық түйіндер/тезис, баяндама/. 4.Шығармашылық ынтымақтастық( ұстазбен, әдіскермен, оқымыстымен) 5.Әдебиет пен жұмыс тәжірибесін үйренуде болған сұрақтар тізімі, қиыншылықтарды жеңіп шығу үшін не істеу керек. 6.Өз білімін жетілдіру барысында мұғалім танысқан ең қызықты жұмыстар. Өзін өзі бағалау: теориялық, әдістемелік деңгейін көтеру үшін өзіндік жұмыс не берді, істелінген жұмыс туралы мұғалім қандай түйін( қорытынды) жасады, алдағы уақыттағы өз білімін жетілдіру жоспары қандай болмақ.

Сабақты өзіндік талдау

  1. Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:

Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?

Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?

Осы үлгідегі сабақтардың элементтері нақты ашылған ба?

  1. Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру:

Тақырыптың бағдарлама талаптарына сәйкестігі Жаңа материалды түсіндірген кезде оқушылар қаншалықты белсенді болды (қабылдауы, түсінуі, танымдық қызығушылықтың оянуы)? Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» ашылу жолдары дұрыс таңдалды ма? Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай? Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалды түсіндіру барысында бекіту орын алды ма?) Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?

  1. Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:

Оқушылардың ойлау операцияларының негізінен (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма? Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма? Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма? Оқушылардың жалпы дамуына қатысты қандай да бір ақпарат орын алды ма?

  1. 4. Сабақ барысында тәрбиелеу.

Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды ма? Оқушылардың дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді? Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды? Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?

  1. Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.

Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс - әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?

6.Оқыту әдістерін таңдау.

Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.)?

7. Сабақтағы мұғалімнің жұмысы. Сабақта мұғалімнің қандай іс - әрекеті орын , алды қандай көлемде (сөйлеу іс - әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.)? Оқушылармен қарым - қатынас орнатылды ма?

8. Оқушылардың сабақтағы жұмысы. Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі қандай болды? Сабақта оқушылардың қандай іс - әрекеті орын алды? Сабақта қандай тәртіп болды және неге?

9. Сабақтың гигиеналық жағдайы. Класс бөлмелері жеткілікті жарық болды ма? Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгеріміне байланысты отырғызылған ба? Сабақ кестесіне дұрыс қойылған ба?

10.Кейбір әлеуметтік міндеттер. Педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік немесе мектептің зерттеуімен қабылданған шешімімен байланысты міндеттер. Жағдайға байланысты таңдау. Өзіндік талдау - мұғалімнің келесі сабаққа дайындалуының бастамасы.

















Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі















Баяндама









Тақырыбы: Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру









Орындаған : Колледж әдіскері Далеуова А.А.



































Атырау 2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022