Ашық сабақ қазақ тілі 9-сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлем мен оның түрлерінен алған білімдерін білім дағдысына айналдыру,құрмаластың бір түрі-аралас құрмалас сөйлемді меңгеру.

Міндеттері: білімділік-құрмалас сөйлем мен оның түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын,негізгі ерекшеліктерін ажырата білу;

дамытушылық-алған білімдерін қолдана білу,сауатты жазу,ойлау,қолдана білу дағдысын дамыту;

тәрбиелілік- ұлттық салт дәстүрлерді,ұлттық құндылықтарды құрметтеуге,елін,жерін сүюге тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі емес.

Әдісі: баяндау,түсіндіру, «ЭКСПО-2017» жолы, «Тың ұсыныс,жаңа жобалар», «Халқымыздың құндылықтарын әлемге таныту», Сематикалық кесте т.б.

Көрнекілігі: «ЭКСПО-2017» көрмесі,кесте қағаздары, интерактивті тақта, слайдтар.

«ЭКСПО-2017» жолы

Сабақтың барысы:


І. «ЭКСПО-2017 жолын » ұйымдастыру (Ұйымдастыру кезеңі).

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Сабақтың түрі мен типін,мақсатын таныстыру.

ІІ. «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық (Үй тапсырмасын сұрау)

ІІІ. Дайындықты қорыту (Үй тапсырмасын қорытындылау).

ІV. Тың ұсыныс,жаңа жобалар (Жаңа сабақ)

V. Жобаларды жүзеге асыру, талдау (Жаңа сабақты бекіту).

VІ.Халқымыздың құндылықтарын әлемге таныту құрметі

(Сабақты қорытындылау).

VІІ. Ұлттық құндылықтарымызды бағалау (Бағалау).

VІІІ. «Шорға және ЭКСПО» байланысы (Үй тапсырмасы).

«ЭКСПО-2017» жолы

Сабақтың барысы:


І. «ЭКСПО-2017 жолын» ұйымдастыру (ұйымдастыру кезеңі):


  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. Сабақтың түрі мен типін,мақсатын таныстыру.

ІІ. «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық (Үй тапсырмасын сұрау):

  • Ал, балалар, «ЭКСПО-2017 жолымен»сапар шегейік. Әрбір қазақ азаматы көрмеге өз үлесін қосу керек. Ендеше,біз өз біліміміз арқылы үлес қосайықшы.

  • Кәне, кім өз үлесін қалай қосар екен?

  • Үй тапсырмаға өткен құрмалас сөйлемнің түрлеріне жоба жасау арқылы қорғау жұмыстарын берген едім,қане 1-топ жобаларын қорғауға келсін (1-топ жобасы еліміздің мемлекеттік рәміздері мен құрмалас сөйлемнің түрлерінің ұқсастығы бар, мемлекеттік рәміздер сияқты бұл құрмалас сөйлемнің түрлері де бір бірінен ажыратыға болмайды.

  • 2-топ: 6 қанатты киіз жасау арқылы салалас құрмалас сөйлемнің

6 түріне жасап берді.

  • 3-топ : сол 6 қанатты киіз үйді қазақ халқының 6 түрлі ою өрнектерімен безендіру арқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің 6 түрін атап берді)

Оқушылар өз қолдарынан киіз үй,домбыра,қобыз,түйе зергерлік бұйымдарды көрмеге қойылды.

ІІІ. Дайындықты қорыту (Үй тапсырмасын қорытындылау):

*Маған ЭКСПО-ға дайындықтарың ұнады.

Өткен материалды тест арқылы қорытындылау (Ия және жоқ тесті)

Тапсырмалар

Ия

Жоқ

Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары сияқты болып өзара тең дәрежеде байланысады

Оларды үйіне апарады да,қамап қойды-қарсылықты жалғаулықты салалас сөйлем бола ма?

«Бірақ, дегенмен» жалғаулық шылаулары түсіндірмелі салалас сөйлемше жата ма?

Әкесі біресе ұрсады,біресе ақыл айтады-кезектес салалас сөйлем бола алады

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің тұлғалық белгісі -са, -се формасы арқылы жасалады

Бағыныңқы,басыңқы сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлемге тән

Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып келеді

ІV. Тың ұсыныс,жаңа жобалар (Жаңа сабақ)

  • Балалар « ЭКСПО-2017» көрмесі өнертапқыштар әлемге Қазақстанды таныту үшін түрлі ұсыныстар, жобалар ұсынылуда. Мысалы: газбен жүретін такси қызметін көрсетіп әрі арзан, әрі экономикалық жағынан тиімді.Күн энергиясы арқылы электр энергиясын алу т.б.

  • Ал,балалар,сендер де өз ойларыңды, ұсыныстарыңды айтыңдар.

Жаңа сабақ: «Аралас құрмалас сөйлем»

3 топтағы оқушылар жаңа сабақпен танысып, өз ойларын ортаға салды.

  • Топ: Салалас сөйлем мен аралас сөйлемнің айырмашылығы мен ұқсастығы жайлы өз ойларын айтады.

  • Топ : Сабақтас сөйлем мен аралас құрмалас сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы өз ойларын ортаға салды.

  • Топ: Құрмалас сөйлем мен олардың түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы айтып өтеді.

5. Тың ұсыныстарды практикада қолдану

* 151- жаттығу:

Адам өмірін түзеймін деп, сан ғалымдар түрлі ойлар айтты, ол ойларын халыққа таратып,том-том кітаптар жазды. (басыңқы,бағыныңқы,басыңқы)

Адам өзін жаратқан иесін танумен түзеледі десе, жаратқан иесін танып күнде бес уақыт намазын оқып,құранды қақпан қып,елді алдап жүретін молда-сопылардың қылықтарын айтып қараңыз. (бағыныңқы,бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы)

Үкімен жойылса, адам бет-бетімен кетсе, біреу-біреуше жәрдем етпесе,азулы айуандар жекелеген адамдарды жей берсе,қайтіп өмір сүрмек?

(бағыныңқы, бағыныңқы,бағыныңқы,басыңқы)

Жаңа сабақты бекіту үшін семантикалық картамен жұмыс жасау

Мысалдар мен ережелер

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан сіз бармайсыз-құрмаластың қай түрі

Адамды екі нәрсе қартайтпайды:бірі-жақсы мінез,екіншісі-жақсы сөз-құрмаластың қай түрі

Қай сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен бұрын тұрады

Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та,сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін не деп айтамыз

Ұлберген кедей болғанымен,киім кешектерін таза ұстайтын еді-құрмаластың қай түрі

Бағыныңқы,басыңқы,бағыныңқы,басыңқы-бұл сызба қай құрмаластың түріне сәйкес келеді.


VІІ. Ұлттық құндылықтарымызды бағалау (Бағалау).

VІІІ. «Шорға және ЭКСПО» байланысы (Үй тапсырмасы).

Үйге -152 -жаттығу

© 2010-2022