Урок Төрт түлік мал

Урок предназначен для учащихся 5 класса по теме "Домашние животные". Цель урока: пополнить знания о домашних животных,об их роли в хозяйстве,познакомить с историей происхождения данных животных Сабақ мақсаты: Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, тиянақтау.  Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге  баулу. Дамытушылық: Ой – өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту Тәрбиелік:  Қазақ халқы...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Төрт түлік (Қайталау сабағы)
Сабақ мақсаты: Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, тиянақтау. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.
Дамытушылық: Ой - өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: суреттер, сызбалар, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Әдіс - тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, түсіндіру, ойын, талдау- жинақтау

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
1) Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2) Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Кіріспе.
Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп, тауып алайық.

қ


а

й

т


а


л

а

у


1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(қозы)
2. Ер қанаты не?
3. Қойда бар, тонда жоқ. ( Й)
4. Төрт түліктің төресі не ?
5. Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран).
6. Ешкінің төлі. ( лақ)
7. Сүттің түсі қандай? (ақ)
8. Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп аталады? (уыз)

-Сонымен бірінші қатардағы ,торкөздегі әріптерді қосқанда қандай сөз шықты?
- Қайталау.
- Өте жақсы.
-Ендеше балалар, біз қандай тараумен таныс болған едік ?
-Төрт түлік мал туралы.

2. Диалог «Төрт түлік мал» Аслан - Рихард.

3.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.Қазақ халқының негізгі тіршілігі-мал шаруашылығы.

2.Төрт түліктің өзіне тән ерекшеліктерімен танысамыз.

3. Малды дауысына қарай қалай атаймыз?

Қой маңырайды

Қозы жамырайды

Жылқы кісінейді

Түйе боздайды

4. Малдың төлдеуін қалай атаймыз?

Бие -құлындайды,

Қой қоздайды.

Ешкі лақтайды,

Түйе -боталайды.

Сиыр -бұзаулайды

5.Төлдерді қалай айтамыз?

Түйе төлі-бота

Жылқы төлі-құлын

Сиыр төлі- бұзау

Қой төлі-қозы

Ешкі төлі-лақ

6.Оның пікірлері қалай аталады?

7. Әр төрт түліктің пайдасы қандай?

4. Түлік сыры

Топпен жұмыс.

Оқушыларға қима қағаздарға жазылған сөйлемдер тобы таралып беріледі. Топтағы оқушылар сөйлемдері талдап,оның қай түлікке тән айтылғанын табады. Сөйтіп,тақырыптық мәнін құралады.

1.Түйе.

Төрт түліктің төресі - түйе.Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім.Түйе - таптырмас көлік.Ол шөлге өте төзімді келеді.

2.Жылқы.

Жылқы - ер қанаты.Ол сезімтал, талғампаз жануар.Жылқыда өт жоқ .Сондықтан ол күйіс қайырмайды.Жылқының жүйрігі,жорғасы болады.

3Сиыр.

Сиыр - ірі қара малға жатады.Сиырдың еті , сүті пайдалы.Сүтінінен айран , қаймақ ,құрт, ірімшік жасалады.

4. Қой.

Қой уақ малға жатады.Ол төрт түліктің ішіндегі момыны.Қойдың сүйікті шөптері изен, жусан ,ажырық.Қойдың еті , сүті , майы , терісі пайдалы .Жүнінен киіз басылады .Киім - кешек , алаша , кілем тоқылады .

5.Ешкі.

Ешкі уақ малға жатады .Оның мінезі жеңіл , ұшқалақ .Тастан тасқа секіріп, тыным таппайды .Оның сүті , түбіті пайдалы .Ол ағаш қабығына өш .

5. Тиым сөздер.

1.Малды басынан ұрма.

2. Малға теріс мінбе.

3. Малды теппе,

Ақты төкпе,- деп ескерткен.

Қанекей, дәптерлеріңе тыйым сөздерді жазып алыңдар.

6. Төрт түліктің мына бағасына қандай баға бересіңдер?

Түйе - байлық,
Қой - мырзалық,
Ешкі - кедейлік,
Жылқы - сәндік,
Сиыр - ақтық.

Оқушының берген бағасы

Менің ойымша, түйе-төрт түлік малдың басы,өйткені байлық деп тұр. Әттең, біздің жақта түйе өспейді.Қойды қазақ халқы көп өсіруге тырысады, себебі қонақ келсе, той болса, қой сойылады. Ешкі малын, әсіресе, лағын мен жақсы көремін. Неге кедейлік деп бағасын берді екен? Біздің жақта малдың төресі жылқы дер едім. Жылқы мен сиырдың пайдасы өте зор.Сондықтан елдегі атамның үйінде түйеден басқаның бәрі бар деп мақтана аламын.

Қатты әсер еткен жерлер

Үзінді жайлы пікірің

Аппақ қана сүті бар,
Шағаладай құрты бар,
Шопан ата баласы,
Қойлар бассын үйіңді!
Қойлар басса үйіңді,
Қоймай бассын үйіңді!

Төрт түлік малдың бірі - момын қой.Сүті аппақ, жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар, қойды кім жаратпайды дейсің!? Бұл өлеңде үйіңді қой бассын деп, байлық, тоқтық тілеген тілекті байқауға болады.

қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақ халқының ұлттық ойындарында да төрт түлік малға 7 .Төрт түліктің төлдерін ,мал пірлерін атау .
Жылқының төлі- құлын, пірі- Қамбар ата.
Түйенің төлі - бота, пірі - Ойсылқара.
Сиырдың төлі - бұзау, пірі - Қамбар ата.
Қойдың төлі - қозы, пірі - Шопан ата.
Ешкінің төлі - лақ, пірі - Сексек ата.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма : мал атауларын,төлің қайталау
Оқушыларды жауаптарына сай бағалау.













© 2010-2022