Адам. Қоғам. Құқық. Философияның адам өміріндегі және қоғамдағы рөлі 11-сынып

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Адам. Қоғам. Құқық.

Сынып: 11 «А»

Сабақ: 1

Күні: 4.09.2015ж.

Тақырыбы: §1. Философияның адам өміріндегі және қоғамдағы рөлі

Сабақтың мақсаты: Философия сөзіне анықтама бере отырып, философияның адам өміріндегі және қоғамдағы рөлін анықтау.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: «Әлем эволюциясы» ұғымына қысқаша түсінік бере отырып, философиялық танымның ерекшелігіне, негізгі мәселелеріне, материализм мен идеализмнің айырмашылықтарын анықтау.

Дамытушылық: Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, белсенділігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру, ақыл-ой қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақты ұйымдастыру әдісі: пікір алмасу

Көрнекілігі: оқулық, кесте, суреттер, стикерлер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылармен амандасу;

2) Оқушыларды түгелдеп, сабаққа әзірлеу;

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

10-сыныпта өткен мәліметтер бойынша оқушыларға сұрақтар қою.

Сұрақтар:

  1. Адам.Қоғам.Құқық пәні не үшін қажет?

  2. 10-сыныпқа арналған «Адам.Қоғам.Құқық.» оқулығындағы дүниетанымның философиялық формасының пайда болуы мен дамуы немен байланысты болды?

  3. Адам өмірінің мән-мағынасы туралы не ойлайсыңдар?

  4. Адам мәселесіне қатысты түрлі көзқарастарға қысқаша сипаттама беріңдер.

  5. Адамның шығу тегіне қатысты материалистік және идеалистік көзқарастардың

қайсысын жақтайтындарыңды айтыңдар.

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру.

Жоспар:

  1. «Табиғат», «Әлем», «Дүние» ұғымдары.

  2. Дүниенің ғылыми және философиялық суреттемесі.

  3. Философияның негізгі суреттемесі. Материализм және иеализм. Монизм және дуализм.

  4. Философия пәні және оның салалары.

Философия мәдениет тарихындағы дүниетанымның үшінші, неғұрлым дамыған тарихи түрі болып табылады. Қалыптасқан белгілі философиялық ілімдердің алғашқылары іс жүзінде әртүрлі үш аймақта - Ежелгі Үндістанда, Ежелгі Қытай мен Ежелгі Грекияда бір мезгілде дерлік, б.з.д. VII - VI ғасырлар шегінде пайда болды.

Үш мәдениетте туындаған жаңалық - адам тұтас болмысты, өзін-өзі және өз шекарасын танып біледі дегенге келіп тоғысады. Оның алдынан әлемнің тереңдігі мен маңыздылығы ашылды. Адам дүние мен өзін жеке проблема ретінде ой елегінен өткізе бастады.

Философия сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық (phileo - "сүю", "құштарлық", sophia - "даналық") дегенді білдіреді.

Философия сөзін бірінші болып қолданған ежелгі грек математигі және ойшылы Пифагор болды.

Философия - бұл адамның өз болмысының басты сұрақтарына жауап іздестіруі және табуы. Осыдан келіп, философия - бұл адамды қоршаған дүниеге деген ізгілікті қарым-қатынасты сақтай отырып, өз болмысының басты сұрақтарына жауапты іздеп табуға мәжбүрлейтін даналыққа құштарлық деп қорытуға болады.

Табиғаттың, қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. «Әлем эволюциясы» ұғымына қысқаша сипаттама беріңдер.

  2. Философия сөзі нені білдіреді?

  3. Философиялық танымның ерекшелігі неде?

  4. Философияның негізгі мәселесін атаңдар.

  5. Жеке тұлға және қоғам үшін философияның қандай маңызы бар?

  6. «Материализм» және «идеализм» ұғымдырын салыстыра отырып, олардың қарама-қарсы мазмұндарын анықтаңдар.

Төмендегі кестені толтырыңдар.

Философияның негізгі салалары

Зерделейтін пәндері


V. Бағалау. Сабаққа қатынасқан оқушыларды бағалау.

VІ. Рефлексия. Оқушылар стикерге сабақ жайлы өз ойларын жазады.

VІІ. Үй тапсырмасын беру. §1. Мазмұндау.

2) 7-тапсырма. "Философияны не үшін оқып-үйренеді?" деген сұрақ турасында ойланыңдар және жауап беріңдер.


© 2010-2022