Сабақтың тақырыбы: Патша әмірі тарылды

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Патша әмірі тарылды
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, тақырыптың идеялық ерекшелігін ашу. Көркемдік ерекшелігін таныту.
Дамытушылық: Ж Жабаев өлеңдерінің жанрлық идеялық - көркемдік ерекшеліктері туралы білімін толықтыру.
Ғылыми - теориялық талдауға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Халқымыздың өткен тарихын таразылай білуге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, өзіндік жұмыс, баяндау.
Көрнекілік: Сызбалар, бүктеме, Жамбыл туралы таңдамалы шығармалар, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сыныптың дайындығына назар аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Жамбыл Жабаев кім?
2. Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
3Жамбылды неге «жыр алыбы»дейміз?
4. Ұстазы кім? Кімді өзіне пір тұтады?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру стратегиясы:
1. Қазақ халқының тарихында халықты қырғынға ұшыратқан қандай ақтаңдақтарды білесіңдер?
- ХVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабан шұбырынды - алқакөл сұлама» оқиғасы.
1916 жылғы патша жарлығына байланысты ұлт - азаттық көтерілістер.
- Кеңес дәуірі кезіндегі Қазақстандағы аштық, сталиндік репрессия.
Жетоқсан оқиғасы. Жазықсыз жастарды жазалау. Жазирадай жауқазындарымыздан, Қайраттай арыстарымыздан айрылу.
Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыз Ж. Жабаевтың «Патша әмірі тарылды» өлеңіндегі 1916 жылғы «Июнь жарлығына» байланысты қазақ халқының басындағы ауыр кезеңдегі оқиғаның суреттелуі

2. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.

Мәтінмен жұмыс.
Өлеңнің тақырыптық, идеялық - ерекшелігін ашу.
Өлеңнің композициялық жоспары тақтаға ілінеді.
Мазмұнына қарай өлеңді төрт бөлімге бөлуге болады.

Өлеңнің мазмұнына қарай цитаталы жоспар:
1. Қызығыңды көп көрдім,
Қарабастау Құлансаз.
/ Ақының туған жері туралы толғанысы.

2. Патша әмірі тарылды./ Ақынның зары/

3. Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып беремін.
/Ел арасындағы дүрбелең, әділетсіздіктер/

4. Енді ойласақ не қалды.
/Халықтың кегі, шешімі/

Өлеңді көркемдік талдау.
Ә. Байтанаевтың сын еңбегіне сүйене отырып әдеби талдау жүргізіледі. Көркем эпитет, өткір теңеу, ұнамды метафора, кейіптеу, орында әсірелеу Жамбыл шығармаларына тән ерекшелік, Жамбыл поэтикасының басты элементтері. Бұл элементтер Жамбыл өлеңдерін тек әдемілік жағынан байытып қана қоймайды, олар шығарманың идеясын айқындай түседі.
Жамбыл шығармаларына тән тағы бір ерекшелік поэтикалық синтаксисі, яғни сөйлем құрылысы, сөз тізбектер.
Риторикалық сұрау, лепті хабарлау, қайталау, әсерлеу, шендестіру - Жамбыл шығармаларының шырайы.

Өлеңнің мәтініне сүйене отырып көркемдік ерекшелігіне тоқталайық.

І. Риторикалық сұрау

Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып береміз?!
Көздің жасы моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз.

Көк жайлауды қалдырып,
Қайда көшіп кетерміз?
Көкіректі зар қылып,
Қорлықпен қайтып өтерміз.

II. Қайталау
Ата жұрттан кету бар
Жолға тігіп не жанды,
Тәуекелге беку бар.
Не болмаса шыбындап,
Тағдырыңа көну бар
Көнсең күнде шығындап.
Ит қорлықта өлу бар!

III. Метафора
Ә. Байтанаев: Жамбыл метафоралары - троптың ең көп қолданған түрі. Метафорасыз Жамбыл өлеңдері кездеспейді.
Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып береміз.

IV. Теңеу
Ә. Байтанаев: « Эпитет пен теңеу күрделі троп. Жамбылдың шығармаларында жаңа күрделі теңеулерді көп қолданады».
Бүйтіп көрген күн құрсын,
Жапырақтай қалтырап!
Таусылғандай тынысың,
Күнде жүрек қансырап...
Өлеңнің құрылысына келсек: Жамбыл өлеңдері ырғағына қарай үш және төрт бунақты болып келеді, ал екі бунақты өте аз кездеседі, бір бунақты өлең жолдарын кездестіру қиын.
Жамбылдың жазба поэзиясында шалыс ұйқас, қаусырмалы ұйқас түрлері жиі кездеседі.»
Бұл өлеңіндегі барлық шумақ осы шалыс ұйқасқа құрылған.

«Бес үйден бір жігіт!»- деп /а/
Болыстар жүр шапқылап. /б/
Жасауыл үй тінтпек, /а/
Қылыштары жарқылдап. /б/

Жамбыл шығармаларында көп фразеологиялық оралымдар, афоризмдер жиі кездеседі.
Дүниенің кеңдігі -
Жүргеніңде басың бос.
Жан қысылса белгілі,
Таба алмайсың жарқын дос.
Дәптерге оқушыларға ой түйме жаздыру
- Өлеңнен алған әсерің қандай?
- Өлеңнен өзіңе не түйіндедің?
/5 - 6 оқушыға оқыту/

Сабақты қорыту
Мұғалімнің сөзі:
Халықтың азаттық жолындағы тәуелсіздік жолындағы күресі босқа кеткен жоқ. Халық аңсаған тәуелсіздігімізді алдық. Оған биыл 24 жыл толып отыр. Ел басымыз Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз әлем таныған мемлекетке айналды.
Тәуелсіздігін алып, сара жолын айқындап алған «Қазақстанның болашағы жарқын»,- деген тұжырыммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма: «Тәуелсіздік - ата - бабамыздың арманы»/ой толғау/
Бағалау

© 2010-2022