ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық рухани мәдениетінқалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолданған тәрбиелік шаралар жүйесін әзірлеу және пайдалану жөнінде практикалық ұсыныстар қатарын әзірлеу. міндеттері: -         Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық рухани мәдениетінқалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін ашу; -         Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің оқушыларды тәрбиелеу мүмкіндіктерін ашу; -         бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық рухани мәдениетінқалыптастыруда қаза...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және психология факультеті



ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

(Педагогикадан курстық жұмыс )







Қарағанды -2014

Мазмұны


Кіріспе.................................................................................................................3-5

I ТАРАУ. ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.

1.1 Оқыту процесінің мәні..................................................................................

1.2 Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар......................................................................6-10

1.3 Оқыту процесінің қозғаушы күштері, білім, іскерлік, тәрбиелдік, дамытушылық қызметтері...............................................................................11-15

II ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР......

2.1 Оқыту процесінің қызметі........................................................................16-23

2.2 Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері.......................................24-25

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................26-27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................28

ҚОСЫМША.........................................................................................................29





КІРІСПЕ Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынаның түп-төркіні сонау 6-8 ғасырдағы Орхан Енисей ежелгі түрік жазбаларынан басталады. Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қоғаған батыр жауынгер ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса сәулетші, мүсінші, ұста, зергерде болған екенін дәлелдеді. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал ұрпақты жан-жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім тәрбиелік, білім танымдылық ролі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.

Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынас атаулының барлығы салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі1.

Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек,

солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Олар - халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан ол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері анық танылады. Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып-семген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес. Елдің мәдениетіне, экономикасына ілесіп өркендеп отырады.

Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады. Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі - адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.

Тұрақтылық болмаса даму да болмайды. Соның нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ өткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған бойсұнуға әзір. Белгілі француз социологі Э.Дюркгейм "Дәстүр - адамдардың қоғамнан дайын күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады" - дейді.

Бұл жерде әңгіме Бірлестіктің берік өмір сүруі үшін, оған кіретін адамдарға дәстүр талаптарын орындаудың міндеттілігі жайында болып отыр.

Дәстүрдің тағы бір қызметі - жақындастыру. Мұның тарихтағы айқын көрінісі - рулық қауымдастықтар, олардың ауызбірлігі, тұтастықтарын сақтауға ұмтылушылық "Кімнің жерін жайласаң, соның жырын жырлайсың" деген мақал осыған байланысты айтылған.

Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан ғасырға жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара қарым-қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни бұрыннан қалған жол-жосынды басшылыққа алады.

Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған материалдық және мәдениетке ие мұрагер болады. Мысалы халқымыздың "Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар", "Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер" деуінің мәні бұрынғыдан қалған жөн-жосық, әдеп-салттың басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді.

"Түбірлі мәселені шешерде, түп атадан келе жатқан жолды ұстар" дейтін мақалдардың бір әулеттен келесі әулетке ұмытылмай жетіп келе жатуының өзі- дәстүр. Халық осындай дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды. "Атадан ұл туса - игі, ата жолын қуса игі" деген ұлы арман соған меңзейді.

Сондықтан да жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен, әрі ықтияттылықпен қарауы, яғни оны түсінуі, дәстүрді бұзып алып, адамдардың көңіліне қаяу салудан қатты сақтануы айрықша мәнді қастерлі қасиет саналады. Осы мәселелерді екшелей отырып, тұлға тәрбиесінде халықтың салт-дәстүрлері үлкен рөл атқарады демекпіз. Бұл біздің курстық жұмысымыздың тақырыбын «Тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы қазақ халқының салт-дәстүрлерінің рөлі» деп алуымызға негіз болды.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінен, ұлттық мәдениетті дамытудың игі құралы болып қалыптасқан.

Салт-сана-әдет-ғұрып пен әдеттің, дәстүр мен салттың халық санасына сіңіп, өмірлік заң болып қалыптасуының көрінісі. Бұл біздің курстық жұмысымыздың көкейкестілігін анықтайды.

Сондықтан да жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен, әрі ықтияттылықпен қарауы, яғни оны түсінуі, дәстүрді бұзып алып, адамдардың көңіліне қаяу салудан қатты сақтануы айрықша мәнді қастерлі қасиет саналады. Осы мәселелерді екшелей отырып, тұлға тәрбиесінде халықтың салт-дәстүрлері үлкен рөл атқарады демекпіз. Бұл біздің курстық жұмысымыздың тақырыбын «Тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы қазақ халқының салт-дәстүрлерінің рөлі» деп алуымызға негіз болды.

Курстық жұмыс обьектісі - бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу процесі.

Курстық жұмыс пәні - бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны.

Курстық жұмыс мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолданған тәрбиелік шаралар жүйесін әзірлеу және пайдалану жөнінде практикалық ұсыныстар қатарын әзірлеу.

Курстық жұмыс міндеттері:

  • Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін ашу;

  • Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің оқушыларды тәрбиелеу мүмкіндіктерін ашу;

  • бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерінің педагогикалық тиімділігін анықтау мақсатында тәрбиелік шаралар жүргізу.

Зерттеудің әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, тарихи-этнографиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқу-әдістемелік құжаттарды талдау; оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін зерделеу;

Зерттеудің нысаны - жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі.

Зерттеу пәні - білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты - білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеуде ғылыми-әдістемесін жасау.

Оқытудың маңызды міндеттері:Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу - танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру. Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.


  1. мақсат - жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыта отырып, ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.



I ТАРАУ. ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.

1.1 Оқыту процесінің мәні

«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру.

Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады - оқыту және білім алу. Оқыту - оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.

«Оқыту - үйрету және білім алу» деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін «білім беру», «оқыту» терминдері жиі қолданылады.Білім, іскерлік, дағды оқушыға бере салатын зат болмағандықтан оқыту мәнін нақты ашпай, көптеген сұрақтарға жауап бере алмаймыз. «Қандай іс-әрекет?», «Өзара іс-әрекет барысында білім қалай меңгеріледі, даму, тәрбие қалай жүреді?» - деген көптеген сұрақтарға жауап берілмеген.Әрине мұғалім мен оқушы оқыту процесінде өзара әрекет жасайды, оның негізі, оқыту мәні - мұғалім ұйымдастырған таным іс - әрекетін оқушылардың атқаруы нәтижесінде мәліметтерді меңгеруі, дамуы, тәрбиеленуі.Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және ынталандыру іс-әрекеті.

Оқыту процесі - екі жақты процес болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

Оқытудың маңызды міндеттері:Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу - танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру. Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жиналған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.Дидактика «Нені оқыту керек?» «Қалай оқыту керек?» деген үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа да сұрақтар туындайды: «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және «Қайда оқыту керек?».Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес

Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоций, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 - 1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;оқушыларды сыныпқа бөлу;әр сыныпқа бөлме беру;күніне 4 сабақ өткізу;әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;қоңыраудың соғылуы;тәртіп;бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;сабақты күзде бастау.Мұғалім оқушыларға жаңабілімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.

Я.А.Коменский «Мұғалім - сабақты жаратушы, оның жүрегі», - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.Я.А.Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.

Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негіздерін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары.Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. «Көз көргісі келеді, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді»-деген. Осы тұжырымдарға сай

И.Г.Песталоций буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше «заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді».Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.

Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) «Эмиль немесе тәрбие туралы» (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады. Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырады. Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларынң педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.

Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілтін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.

Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді. Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруа шақырды.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж.). А.С.Макаренко оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты әдістеріне қарсы шықты.

Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.

Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды. Оның негізгі идеялары:

Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.

Қысым жасамай оқыту. Ынтымақтастық педагогикасының бір принципі - оқушыларды қорқытпау, еркін ұстау, өз күшіне сендіру.

Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.

Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарға алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді. Олар есті, қисынды, қиялды, ойдың алгоритмдік формаларын дамыту құралы.

Өз еркімен таңдау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.

Озу идеясы. Сабақта, алда өтетін тақырыптарға уақыт беріледі.

Ірі блоктар идеясы. Оқулықтың 3-4 тарауы бір сабақта оқылады.

Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін айтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.

Сыныптағы ақыл - ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген құштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.

Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.





1.2 Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарының, бағдарламаларының авторы.

Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кеңінен қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дйындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстарын жүргізген.1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) қазақша оқу әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін»-деген талапты бастаушы.

1912 жылы тұңғыш рет «Әліппе» жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл «Әліппенің» жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екендігін «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында айқын баяндайды.

Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ереше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы «Қазақша оқыту жайынан» деген мақаласында «бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек»,-дейді.

Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931жж.). «Тәрбиеге жетекші» (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің ишараттарын көрсететін педагогика бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.

Жүсіпбек Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдеп-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекшеге көңіл бөлді.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж.). Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:

  • мұғалімнің қатты сөйлеуі;

  • суреттердің бояуының ашықтығы;

  • әсердің күштілігі;

  • затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.

Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не

көзге түскісі келу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін Мағжан Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды ұсынды.

Сонымен дидактика бойынша көптеген жұмыстары жүргізілді.Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:

І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу; аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру; білімдік процеске жаңа технологияларды енгізу; мектептегі компьютерлендіруді аяқтау; мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу; ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу; білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.

1.3 Оқыту процесінің қозғаушы күштері.

Оқыту процесінде кездесетін қарама - қайшылықтарды шешу - оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отырған мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың дұрыс түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.

Мысалы, ынтымақтастық педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты. Олар: оқушылардың қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық;

Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуының себептері:

Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі,бағаны дұрыс қоймау, мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі, үй тапсырмасын орындамау, сабаққа қатыспау.

Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адам игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну керек. Оқушыны ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.

Оқушылардың білімі - оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен бағдарлама-оқулықтарымен салыстырып анықтайды.

Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс - әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады. Білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгірілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процес емес, ол баланың жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.

Әл-Фараби «Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады» - деген.

Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болуы керек.

Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.

Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.

Ой тұрақтылығы дегеніміз - ойдың маңызы, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл - ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.

Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге айналуы ойдың тереңдігін көрсетеді.

Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық. Ол қасиеттер білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру - ақиқатты білу арқылы болмысты тану процесі.

Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы танылады. Білім сапасы - білімді меңгеру нәтижесі.

Іскерлік - бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.

Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.

Іскерліктің құрамы күрделі. Оған «елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары» енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.

Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері) оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.

Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар: арнайы іскерлік; оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі; ақыл-ой іскерлігі.

Білім мазмұнын жетілдіру әртүрлі білімді қолдануға керекті іскерліктерді жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына (I-IV сыныптар)» (Алматы, 1997), «білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап бағалауға қойылатын негізгі талаптар» деген бөлім енгізілді.

Бірінші топ - арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.

Екінші топ - оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу материалдарын меңгеру, талдау оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру. Өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін басқару.

Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, қорытындалау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау.

Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.

Қ.Жарықбаевтың анықтамасы бойынша «дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы». Дағды - іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді.

Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.

Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.

Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу. Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау.


II ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР.

2.1Оқыту процесінің қызметі.

Оқытудың түрлері

Догматикалық

оқыту


ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Оқыту түрлері

Түсіндіру суреттеу арқылы оқыту

Дистанциялық оқыту

Дамыта оқыту

Материалдық жұмыс

Технологиялық карта



Дидактикалық жүйелер уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841) дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Коменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің элементтері болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.

Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда.

Догматикалық оқыту. Еуропада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұд материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды. Олардан білімді тәжірибеде қолдану талап етілген жоқ. Оқытудың бұл түрі механикалық естің дамуына көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл-ойының өсуіне жағдай жасамайды. Қазірігі мектепте көп қолданылатын оқыту түрлері: түсіндіру - суреттеу, проблемалық, т.б.

Түсіндіру - суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік - мұндай оқытудың негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау - оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту - негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудың кең тараған түрі. Оны ғылыми негізделген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт. Осы дидактикалық процесте оқытушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңдері мынадай болады:

Түсіндіру - суреттеу арқылы оқытудың жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін сақтайды, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. «Дайын» білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, тек оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады. Сондықтан дидактикада, әсіресе ХХ ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады.

Проблемалық оқыту процесі мынадай:

- Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.

- Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды ұсыну.

- Таңдап алған гипотиезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру.

- Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскеліктерді оқушылардың бұрынғы іскерліктеріне білім қосу, оларды теория мен тәжірибе арқылы бекіту.

Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдың күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.

Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияқты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудың маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Мәселелік

жағдаятқа еңгізілетін оқу проблемалары қиын да, бірақ оқушылар шеше алатындай болу керек.

Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні бар. Біріншісі - оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі - кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.

Гипотеза жорамалы - ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза - проблеманы шешу тәсілі.

Дидактикада мәселелік оқытудың көптеген түрлері жасалды: іскерлік ойындар, процестерді моделдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және т.б.

Мәселелік оқытудың жақсы жақтары: өзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы өз бетімен білім алу оқу еңбегіне деген қызығушылықтың жоғарылығы, өнімді ойдың дамуы, оқытудың берік және пәрменді нәтижелері.

Кемшіліктері: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әлсіз басқарылуы, жобаланған мақсатқа жету үшін өте көп уақыттың кетуі. Сондықтан оны дидактикалық мақсаттарға сәйкес, басқа оқыту түрлерімен ұштастыра қолдану керек.

Бағдарламалық оқыту:

Бағдарламалық оқыту - тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі.

Бағдарламалық оқытудың негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары - тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары (кері байланыс), жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.

Б.Скиннер (1904 жылы туған) жасаған линиялық бағдарламада оқу материалдары шағын бөліктерге бөлінеді. Материалды меңгеру үшін берілген тапсырмадағы ақпаратты оқып, оқушы оның бос жерлерін бір немесе бірнеше сөздермен толтырады. Содан кейін жауабын бұған дейін жабық тұрған жауаппен тексереді, дұрыс жауап берсе ақпараттың келесі бөлігін оқиды, ал оқушы дұрыс жауап бермесе, онда ол ақпаратпен қайта жұмыс істейді.

Линиялық бағдарламаны сынау тармақты бағдарламаны жасауға әкелді. Оны жасаушы Н.А.Краудер оқу материалының бөліктері үлкен болу керек, өйткені, кішкене бөліктерді меңгеру жеткіліксіз, сондықтан тақырыптың мазмұнын терең және жан-жақты талдау керек деген.

Тармақты бағдарламада оқушы жауаптарды таңдайды, оған берілетін тапсырманың ішінде оның дұрыс, толық емес және дұрыс емес жауаптары болады. Одан оқушы дұрыс жауапты таңдайды. Егер оқушы дұрыс жауапты таңдаса, онда ақпараттың келесі бөлігіне өтеді. Егер жауабы дұрыс болмаса, онда оқушының не себепті қателескені түсіндіріледі де, оған басқа бағдарламамен жұмыс істеу тапсырылады.

Сонымен тармақты бағдарлама оқушылардың жауаптары және қателеріне қарай түрлі жолдармен материалды меңгертеді. Бірақ оның да кемшіліктері бар, оқушы көп жауаптың ішінен дұрысын аңғарып, қате жауапты таңдамауы мүмкін. Сыншылдардың пікірінше тармақты бағдарламаның өзі оқушыға материалды толық және жүйелі меңгертпейді.

Аралас бағдарламада ақпараттың түрлі дозалары, проблемалық оқыту, оқушылардың жауаптары олардың жеке ерешеліктеріне икемделген. Оқушылардың жауап беру тәсілдері әртүрлі: әріп, сөздерден жауап құрастыру, жауаптарды шартты белгілермен белгілеу, берілген жауаптардан дұрысын таңдау.

Бағдарламалық оқытуға байланысты дидактикаға алгоритм ұғымы енді. Алгоритм дегеніміз - оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу үшін оқушыға берілетін нұсқау.

Оқытуда алгоритмдерді қолдану оқушылардың іс-әрекетін қатаң басқаруға, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Бағдарламалау идеясының дамуы нәтижесінде блоктық, содан кейін модульдық оқыту пайда болады.

Модульдық оқыту - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді.

Технологиялық картаны мұғалім жасайды. Ол әдеттегі сабақ жоспарына ұқсайды. Онда тақырып, оған бөлінген сағат, оқыту мақсаты, жұмыстың түрі, оқу материалын, оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру формалары көрсетіледі. Негізгі білімдер, тақырыпты оқу арқылы қалыптасатын жалпы оқу және арнайы іскерлік, дағдылар бөлінеді. Тақырыпты оқу нәтижесінде нені меңгеру керектігі көрсетіледі.Мұндай карта жеке сабақтарға, бөлімдерге жасалады.

Модуль дегеніміз - мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары.Оны баспа әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына береді. Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрсетілген.Модульдер арқылы мұғалім әрбір оқушымен жұмыс істейді.

Модульдің сабақтан айырмашылығы жұмыс оқушының іс-әрекетінің мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушы «Нені үйрену керек?» - деген сұраққа жауап береді.Келесі кезеңде оқушыны тақырыптың мазмұнын және оқу іс-әрекетін меңгеруге талаптандырады. Ол үшін графикалық диктант, шағын тест, интеллектуалдық сергітулер өткізіледі. Содан кейін ақпараттық блок: (мұғалім әңгімелеуі, дәріс, фильм, диафильм, оқушылардың хабарламалары, оқулықтар оқу) беріледі.

Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыс, есептер шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т.б. Модульдық сабақ мұғалімнің бақылауымен аяқталады, білім, дағдылар оқушының қатысуымен түзетіледі.

Модульдық оқыту түрінің міндетті элементі рефлексия (өзін, өзінің іс-әрекетін бағалау). Әрбір сабақ соңында оқушылар сабақ мақсатына қаншалықты деңгейде жеткенін, өз жұмысын бағалайды. Модульдық оқытуда оқушылардың білім іскерліктерінің бастапқы деңгейі анықталады, содан соң өткелі отырған тақырып бойынша ақпарат алады, материалдармен жұмыс істейді, білім, іскерлік бақыланады, түзетулер жүреді.

Дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйеде мұғалім барлық жұмысты істейді. Оқушылар негізінен тыңдайды және жауап береді. Модульдық оқытуда мұғалім оқытуды ұйымдастырушы. Ол оқыту процесін басқарады. Мұғалім кеңесші, оқушының көмекшісі, өз жұмысының кейбіреулерін оқушыларға береді. Мысалы, мұғалім алдын ала бағалау өлшемін әзірлейді, сол бойынша оқушылар өздерін және жолдастарын бағалайды. Мысалы, тақырып бойынша 24-26 ұпай алған оқушы «5», 21-23 ұпай алған «4», 17-20 ұпай алған «3», 17-ден төмен «2» деп бағаланады.

Баспа әрпімен терілген модульмен жұмыс істеу үшін балалар жақсы жүргізіп оқи білу керек. Сондықтан модульдық оқытуды бастауыш сыныпта қолданудың керегі жоқ деген пікірлер де бар. Модульдық оқытуда сабақтың ұзақтығы 2 сағат, сабақтар жарты жылға жоспарланады.


Біліміне қарай саралап оқыту

Оқытудың барлық түрі, әсіресе бағдарламалық оқыту саралап оқытуға мүмкіндік береді. Саралап оқытуды қолданған мұғалім әрбір оқушының мүмкіндіктерін және талап-тілектерін ескереді. Саралап оқытудың мақсаты - оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту. Саралап оқытуда оқыту мазмұны өзгертіледі, оқушыларға әдістемелік көмек беріледі.

Саралап оқыту үшін мұғалім оқушының оқу іс-әрекетіне, оқу материалын қабылдауға дайындығын тексеріп, жаңа оқу материалын меңгеру кезінде оқушы кездесетін қиыншылықтарды алдын ала біліп, оқушыларға, топқа тапсырмалар әзірлеп, оқытудың тиімділігін үнемі талдап отырады. Мұғалім келесі сабақтарда қандай жұмыс істелетінін біліп, саралап оқытуды жүйелі түрде қолданады.

Егер саралап оқыту жекелеген оқушыларға қатысты болса, онда ол жекелеп оқытуға айналады. Жекелеп оқыту үшін алдымен оның кімге керектігі анықталады, ол мектепте оқуға дайын емес немесе нашар дайындалған оқушыларға керек. Мектепте оқи бастаған балалардың арасында айырмашылық көп. Мұғалім әр оқушының жеке тұлғасын мұқият бақылап тестіден өткізіп, оқу мүмкіндіктерін анықтап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін таңдап, ата-аналармен кеңеседі.

Әсіресе оқу қиынға түсетін оқушыларға ерекше назар аудару керек. Баланың оқуын қиындататын көптеген себептер бар. Мектеп жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатыңдар бар.

Қозғалыс іскерлігі дұрыс қалыптаспаған оқушылар жаза алмайды, сурет салып, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасай алмайды. Дене тәрбиесі сурет, ермексазбен жұмыс, еңбек пәндерін меңгеруде үлкен қиыншылықтарға душар болады. Олардың нашар жұмыстарын өздеріне қайта жасатқанмен, ол өз дамуында артта қала береді. Баланың оқуына оның қозғалысының дұрыс дамымағандығы кедергі жасайды. Мұндай оқушылармен жеке жұмыс өте қажет, қозғалыстарын арнаулы жаттығулармен түзетіп, бұлшық еттерін жаттықтыру керек.

Кейбір оқушылардың кеңістік туралы түсініктері дұрыс дамымаған. Бұлардың ақыл-естері дұрыс, бірақ оларды санай білуге үйрету қиын. Әсіресе он санынан кейін санауға қиналып, геометриялық фигураларды көз алдарына елестете алмайды, жобалауға қабілетсіз. Осы қиыншылықтарды жеңу үшін оқушыларға түрлі бедерлер, есте қалған зат не құбылыс бойынша сурет салғызып, конструкторлардан түрлі заттар жасатуға болады. Бұл жұмысқа ата-аналар тартылады.

Есте сақтау қабілеті бұзылған оқушылармен де жеке жұмыс істеу керек. Бала материалды қайталай алады, бірақ қарапайым тақпақты, көбейту кестесін жаттай алмайды. Мұндай балаларға жеке бағдарлама жасалады, онда көрнекілікті және «тіректі» қолдану, қабілетін жаттықтыратын тәсілдер қарастырылады.

Дисграфия - дыбысты әріппен жазғанда танымау, сөздерді құрастырып, әріптерді жаза алмау. Дисграф балалар дыбыстарды шатастырып, сөздерді дұрыс айта алмайды. Бұл аурулық емес, ми қызметінің уақытша бұзылуы. Жеке жұмыс бұл мәселені шеше алады.

Дислекция - дыбысты қандай әріппен белгілеуді түсіне алмау. Мұндай қиындық тілі жай шыққан балаларда байқалады.

Жалпы дамудың жеткіліксіздігі де баланың оқуда артта қалуының себебі болады. Денесі нашар дамыған балалар тез шаршап, жұмыс қабілетінің төмендігін көрсетеді. Денсаулығы нашар балалар шамадан тыс жұмысты тез сезеді. Оларға арнайы жасалған күн тәртібі керек. Егер бала қалыпты мектепте оқыса, оған ерекше күн ырғағы, қысқартылған жұмыс графигі қажет.

Әртүрлі ауытқулары бар оқушылар саны азаймай отырғандықтан кейбір мектептерде теңестіру сыныптары, түзету топтары ашылған. Олардың жұмысы бала дамуына жақсы әсер етіп, ол біраз уақыттан соң қалыпты балалар оқитын сыныпта оқиды.

Жекелеп оқыту үшін сыныпта 20-30 оқушы болса, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес мұғалім 4-5 дифференциалдық топ құрады. Ондағы оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізіледі. Саралау тәсілдері:

  • Тапсырманың мазмұны барлық оқушылар үшін бірдей, бірақ жақсы оқитын оқушыларға тапсырманы орындау уақыты қысқартылады;

  • Тапсырма мазмұны бір, бірақ жақсы оқитын оқшыларға көп, күрделі тапсырмалар беріледі;

  • Тапсырма барлық сыныпқа бірдей беріледі, бірақ үлгерімі нашар оқушыларға тапсырманы орындау жеңілдету үшін көмекші материалдар;

  • Сабақтың бір кезеңінде мазмұны әртүрлі, күрделілік деңгейі де әртүрлі тапсырмалар жақсы, орташа және нашар оқушыларға беріледі.

  • Өздік жұмыстың бір вариантын жеңілдету және әрбір топқа күрделілігі 3 деңгейлі тапсырмалар беру;

  • Есептерді оқушылардың деңгейіне қарай беру.

Саралап оқытуды қолданып, мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға жеңіл тапсырмаларды орындатып, жақсы оқитындарды тез қарқынмен оқыта бермейді. Мұғалім, бұл уақытша шара, саралау тәсілі тапсырма орындауға үйрегенше қолданылатыны оқушыларға түсіндіріледі.

Сонымен саралап оқыту барлық балаларды сапалы оқытуға көмектеседі. Сабақта саралап оқыту тапсырмалардың мазмұнын, орындалу уақытын өзгерту, мұғалімдердің жеке оқушыларға әдістемелік көмек беруі арқылы іске асады.

Топтық оқыту

Өзін-өзі оқыту - оқушы белгілі бір сөздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.

Өзара оқыту (жұптық оқыту) - оқушылар тұрақты жұпта немесе құрамы өзгеретін жұпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды.

Топтың бір тақырыппен жұмыс істеуі - топ ішіндегі оқыту. Оқушылар топтарға бірігіп, топ ішінде өзара әрекет жасап, жаңа материалды түсіндіріп, оны талқалап, өзінің іс-әрекетін бағалап, сөйлеуге әзірленеді.

Топтардың бір-бірін оқытуы - әртүрлі мәселені шешіп, іс-әрекет жасап жатқан топтар теоритектер және эксперимент жасаушылар уақытша бірігіп, тәжірибе, ақпарат алмасып, мәселені талдайды.

Мұғалім рөліндегі оқушы - бір немесе екі оқушы бүкіл сыныпты оқытады.

Топтарды құру тәсілдері:

  • формалды біріктіру - 2 партада отырған 4 оқушыны немесе бір қатарда отырған оқушыларды бір топқа біріктіру;

  • оқушылар тобы құрамын мұғалімнің анықтауы. Беделді мұғалім топтың тез құрылуына себепші болады;

  • оқушылар сабаққа дейін өз еріктерімен 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді;

  • сынып немесе мұғалім алдымен белгілі бір өлшемдер бойынша болашақ топтың жетекшілерін таңдап, жетекші топтарға жеке оқушыларды қабылдайды. Мысалы, әрбір жетекші өз тобына шақыратын оқушының есімін атайды, ол келіссе жетекшіге келеді. Содан соң кезекпен келесі жетекші өз тобына оқушылар қабылдайды. Топтардың саны бірдей болуы керек:

  • Мұғалім өз тобына балалар қабылдайтын оқушыларды белгілейді, содан соң жасақталған топтарда жаңа топ жетекшілері сайланады.

  • Мұғалім немесе оқушы тақырыптың негізгі сұрақтарының тізімін тақтаға жазады. Әрбір оқушы өзіне тапсырма алып, сол тапсырма таңдаған топқа кіреді. Егер топ үлкен болса, оларды шағын топтарға бөледі. Жасақталған топтың көшбасшысы сайланады.

  • Алдымен топтың жетекшісі сайланады, олар топтағы жұмыс үшін тапсырманы анықтайды, қалғандары тақырыптары белгілі топтардың құрамына кіреді. Тәсілдің тиімділігі беделді, үздік оқушылардың болуына байланысты.

  • Бір тақырып бойынша жан-жақты білім алу. Мысалы «тарих», «техника», «тәжірибе», «есеп», «ойын», «қиын мәселе». Оқушылар өздерінің нақты оқу мүмкіндіктеріне сай іс-әрекет түрлерін таңдап, топтарға бірігеді.

Топтық жұмыс оқушылардың өздерінің ұйымдастыруы. Топқа шешілетін мәселені, іс-әрекет түрін таңдау ұсынылады. Мұғалім топтық жұмыстың уақытын, білімдік өнімді тапсыру формасын береді. Топ эксперимент өткізуге керекті жабдықтарды тауып, кітапханаға, экскурсияға барады. Мұндай форма топтық жұмысқа әзірлігі жақсы сыныптарға қолданылады.

Топтарды кезең бойынша құру. Алдымен 3-5 оқушы тақырыпты оқып, мәселені шешіп, жақсы бағаларын алған соң топтарға бірігіп, сабақ кезінде басқа оқушылардан бөлек жұмыс істейді. Қалған оқушылармен мұғалім өз жоспарымен оқу жұмысын атқарады. Оқыту барысында топ саны көбейіп, белгілі бір өлшем бойынша шағын топтарға бөлінеді. Басқа оқушылар топқа кіргенше жұмыс осылай жүре береді. Мұндай форма оқушылардың топтық жұмысқа ауысуын ынталандырады.

Топтардағы жұмыс істеу технологиясы

Топ негізінен өз бетімен жұмыс істейтіндіктен, оған нұсқау беріледі, алдын ала тапсырмалар әзірленіп, топ жетекшілеріне кеңес беріліп, мұғалім жеке топтардың жұмысына қатысады. Топтың іс-әрекеті түрлері:

  • сынып алдында сөйлеуге, тәжірибе көрсетуге әзірлену, әдебиеттер оқып, конспектілеу;

  • «ой майданы» әдісі арқылы қойылған мәселені көп болып шешу;

  • алдын ала әзірленген сұрақтармен оқушылардың топ ішінде сөйлеуі, жасалған тәжірибені көрсету. Топтың сыныпта үздік хабарламаларды оқуы;

  • оқушыларды басқа топтармен өзара әрекетке әзірлеу - оларға қойылатын сұрақтарды ойластыру, сайыс жоспарын әзірлеу, топтың сыныпқа ортақ міндетті орындауға қатысуы;

  • ұзақ уақыт шығармашылық тапсырманы орындау - объектіні зерттеу, прибор немесе механизмдерді құрастыру, жоба жасау, экскурсия, оның есебін дайындау, көркем шығарма дайындау және басқалары.

  • семинар, т.б. оқу жұмыстарын өткізуге топ оқушыларын әзірлеу.

Топ жұмысында іс-әрекеттің ұйымдастыру-қарекеттік түрі басым: оқушылар мақсат қойып, өз жұмысын жоспарлап, мәселені талдап, топ ішінде жұмысты бөліп, өзінің іс-әрекетін бақылап, талдап бағалайды. Топтағы талдау тәсілдері әртүрлі. Бірінші кезеңде топ мүшелері өз пікірлерін сағат тілі бойынша, яғни, бір-бірінің сөзін бөлмеу айтқаны тиімді. Бұл балаларды тәртіппен, өз сөздерін бақылауға, әр оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік береді, оқу жұмысы нашар жүретін топтарда мұғалім олардың белсенділігін көтеретін әртүрлі әдістерді қолданып, жұмысты өзі үйлестіріп отырады. Сабақтың соңында топта рефлексия арқылы қорытынды шығарылады. Топ ішіндегі жұмысты топ жетекшісі бақылайды.

Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.

Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласына білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:

білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;

білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп, ақыл-ойын дамыту;

білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен қолдану мүмкіндігін жасау.

Оқытудың тәрбиелік қызметі - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.АДистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.

И.Ф.Гербарт оқыту - адамгершілік тәрбиесінсіз, мақсатсыз құрал деп тұжырымдады. Әлемнің екінші ұстазы аталған Әл-Фараби «Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады » деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу тұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты өз шығармаларын да сол екі негізге байланыстырып құра білді.

М.Дулатов «Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, білім мен бірге жақсы тәрбиені беру керек» екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің бір тұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.

М.Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшықет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен екендігіне байланысты тәрбиелік іс-әрекетке тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.

Тәрбиелей отырып оқыту ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл -ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.

Оқытудың дамыту қызметі, оқыту процесі - білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі - баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізіледі. Оқыту процесінде П.А.Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М.Н.Скаткиннің, И.П.Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.

Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.

Сонымен оқыту процесінің міндеті болды.Олар бір-бірімен тығыз байланысты және оқытудың барлық бөліктерінде жүзеге асады.




2.2 Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері.

Дидактика тарихында оқытудың мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат - жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат - ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.

Қазіргі оқытудың мақсаты білім туралы құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарында нақтыланады.

Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына төрт түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:

- оқушыны оқу материалдарымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;

- оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;

- білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;

- білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.

Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.

Оқыту процесінде бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу

материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады.Оқу материалдарының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалдарының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.

Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты - алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.

Үшінші кезеңде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:

- оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;

- білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.

Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші ерешелік. Оқыту мен оқудың бірлігі. Олардың біреуін өзгерту екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек.

Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудың нәтижелерін көтерудің негізгі жолдарының бірі.

Оқыту процесінің екінші ерекшелігі: оқыту мен оқудың өзара байланысы арқылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады.

Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту - оқытуды басқаруға қойылатын келесі талаптардың бірі.

Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдағанын, оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады.

Оқытушы іс-әрекеті. Оқыту - оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқытушының іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама да байланыста жүзеге асырылады. Оқыту процесі оқу процесінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орындау оқушылардың іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын сәйкестендіруіне байланысты. Оқытушы:

- оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға ұсынады.

- осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін белгілейді.

- әрбір оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу-өндірістік жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.

- оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.

- оқытушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.

Оқушының оқу - танымдық іс-әрекеті. Оқу мазмұны және мәнін зерттеген бихевиоризм, гештальпсихология, когнитивизм, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.

Оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Оқушының оқыту процесіндегі

іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған.

Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымдық белсенділік, табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау.

Оқу іс-әрекетінің өнімдері - білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде,

қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.

Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну.

Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі.

Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді, анықтамаларды түсінгендігін тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс қолдануынан көріп, оқыту мақсатына жеткендігі, білімнің меңгерілгендігі туралы қорытынды жасайды.

Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудың соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген тақырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді.

Мотив -оқу қызметінің маңызды бөлігі.

Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д.Б.Эльконин) бар оқушы ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады.

Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептерболып табылады.

Танымға оқушының ықыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс - әрекеттің негізгі себептері - қажеттілік, қызығушылық.

Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады.

1

© 2010-2022