Парфюмериялық және косметикалық тауарлар

Сабақтың тақырыбы: Парфюмериялық және косметикалық тауарларСабақтың мақсаты:Парфюмерия және косметика туралы мәлімет беру.Сабақтың түрі: Дәстүрлі емесСабақтың әдісі:Әңгімелесу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: Парфюмерия және косметика үлгілері, баға мониторингі, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта.Пәнаралық байланыс: сауда технологиясы, химия.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын қарау.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2.Үй тапсырма...
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Парфюмериялық және косметикалық тауарлар

Сабақтың мақсаты:Парфюмерия және косметика туралы мәлімет беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі:Әңгімелесу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Парфюмерия және косметика үлгілері, баға мониторингі, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: сауда технологиясы, химия.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын қарау.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау: оқушылар бір-біріне сұрақ қою.

  3. Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады. 1 -топ парфюмерия, 2 -топ косметика.

Жаңа сабақ :

Парфюмерия-косметика тауарларына деген сұраныс жыл асқан сайын өсе түсуде.Олардың ассортиментіжаңарып және ұлғайып келеді.Сапасы жақсарып, сыртқы әрленуі де жаңа сипат алуда.Қазақстан Республикасында парфюмерия-косметика өнеркәсібін өркендетудің алғы шарттары жеткілікті.Мемлекетімізде мол шикізат қоры бар.

Әзірге республика тұрғындары бұл тауарға деген қажетті негізінен шетелдерден алу арқылы өтеуде.Демек, сауда саласындағы маман отандық және шетелдік парфюмерия -косметика тауарларының жағдайына қанық болғаны дұрыс.

Парфюмерия тауарлары. Парфюмерия тауарлары деп хош иісті заттар негізінде жасалған иісі жайлы, көңіл жадырататын қасиеті бар, денеге киімге бөлмеге жағымды иіс беретін заттарды айтады.Бұлардың қатарына түрлі әтірлер мен иісмайларды айтады.

Парфюмерия тауарларының әтірлердің тұтыну қасиеттері мен түр-түрлері олардың қандай материалдан жасалғанына құрамына жасалу ерекшеліктеріне байланысты.Әтірлер шығаруға негізінен хош иісті заттар мен сол хош иісті заттарды ерітетін этиль спирті шикізат болып табылады.Кейде әтірлерге өң беру үшін түрлі бояулар қосылады.Әтір құрамында су, басқа қосалқы заттар болады.

© 2010-2022