Интеллектуальная играҚазақстан туралы не білеміз?

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ

«№ 5 ГИМНАЗИЯ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Интеллектуальная играҚазақстан туралы не білеміз?







ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

(зияткерлік ойын-сайыс)

5- сынып

















Мұғалім: Ибраева Асия Жұмабекқызы

«Қазақстан туралы не білеміз?»

(зияткерлік ойын-сайыс)

Орыс тілінде оқитын 5 - сынып оқушыларына

арналған бағдарлама

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін талқылап, жүйелеу. Ойын арқылы сөйлеу тілдерін, ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын дамыту.Отанды сүюге, елін, жерін, табиғатын, тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.Тіл мәдениетін дамыту, көркем сөйлеуге баулу.

  1. оқушы: Асқар таулар, бақша баулар әлемі

Қазақстан ғажап өлке әдемі!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар,

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

  1. оқушы: Как не любить мне Казахстан сильней

Ведь шесть Германий уместиться в ней!

Алтай - начало, Каспий - окончанье,

Вот где лежит гнездо судьбы моей!

  1. оқушы: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем...

  1. оқушы: Казахстан - это имя страны!

Казахстан - это имя весны!

Казахстан - это имя свободы!

Казахстан - это солнечный свет!

Казахстан - это крылья побед!

«Мой Казахстан » әнін тыңдау (1- слайд Видеоролик )

Мұғалім:

-Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі «Қазақстан туралы не білеміз?» атты зияткерлік ойын-сайысымызға қош келіпсіз! Ойынға қатысқалы отырған командаларды ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! «Мирас», «Бірлік» командалары.

Танысу: І - топ ІІ - топ

«Мирас» «Бірлік»

Ұраны: Біздей достар табылмас, Ұраны: Бірлік болса, жеңіс болар.

Аталамыз біз «Мирас»

0 -кезең: Сергіту: 3 минут уақытта Қазақстан тақырыбына байланысты сөздерді жазып айтып беру - кімдердікі көп болса, сол топ жеңгені.

Мұғалім:

Қымбатты көрермен, қымбатты ойыншылар ! «Қазақстан туралы не білеміз?» атты зияткерлік ойын-сайысына қош келіпсіз! Бүгінгі ойын тәртібін түсіндіріп өтейін. Ойын- сайыс 6 кезеңнен тұрады. (2- слайд)

Әр дұрыс жауапқа команданың қорына 1белгі (қызғалдақ) беріледі. Көрермендер өз командаларына көмек көрсетіп, қосымша белгі алуға мүмкіндіктері бар. Ал , ойынымызды бастайық!

1 -кезең: «Білгірлер»

Адасқан әріптерді орындарына қойып, берілген сөздерді дұрыс оқып, аудармаларын айту:

ТУСІЕЗІЛӘДК ҚОБАРЙҢЫ

ХАРҚЛЫАЛЫҚА РЕМӘЗІДР

ДІСӨНІР ЛОҚЫДАЗЫР

(сөздер кезегімен шығады, дұрыс жауаптары келесі слайдта көрсетіліп отырады) (6-17 слайд)

Жауаптары: Тәуелсіздік Байқоңыр

Халықаралық Рәміздер

Өндіріс Қызылорда

2 -кезең: «Алтын сақа»

Әр команда ұнаған торкөзді таңдап, берілген сұраққа жауап береді. Сұрақтар торкөздере жасыры лып тұр. (18-28 слайд)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Қазақстанның солтүстігінде қандай қалалар орналасқан?

2. 16 желтоқсан қандай мереке?

3. Руный қаласында не өндіріледі?

4. Біздің елбасымыз кім?

5 .Күріш қайда өседі?

6. Қазақстанда қандай ғарыш орталығы бар?

7.Шығыста Қазақстан қандай елмен шектеседі?

8. Республикамызда неше қала бар?

9. Біздің Республикамыз қандай ел?

3 -кезең: «Мақал -мәтелдер»

Кестеден жасырын түрінде берілген мақал -мәтелді тауып айту, мағынасын түсіндіру:

2c1a3b1a 3һ2n1a1f2g3h 3b4j2n5i2k1f 1l3m2n4n2k1g5o2k 5q

4q5m 3h2n1c1g5l3h 4j2n5i4g1f 1l3m2n 1i

a

c

d

e

f

g

h

i

j

k

l

m

n

o

p

q

1

і

і

н

ң

г

.

ң

ұ

б

ң

ш

қ

2

к

й

д

а

л

3

с

п

д

е

н

о

е

р

4

ы


а

ұ


ғ

ө

5

у

п

т

д

з

ш

,

Жауабы: Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз елінде ұлтан бол.

Әр командаға қазақ, орыс тілдерінде жазылған үлестірмелі карточкалар таратылады, қазақ халқының мақал - мәтелдерін орыс мақал - мәтелдерімен сәйкестіру

Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің.

Ел іші - алтын бесік.

Отан үшін күрес - ерге тиген үлес.

Сағынған елін аңсайды, сарыала қаз көлін аңсайды.

На чужбину попав, поймешь, как дорога Родина.

Родная земля - золотая колыбель.

Джигита доля - за Родину стоять.

Гусь тоскует по озеру родному, человек- по Родине.

4 -кезең: «Сиқырлы сурет»

Әр команда ойыншыларына белгілі суреттердің құрақтары таратылады - суреттердің құрақтарын пазл түрінде жиналады. Бірінші жинап болған команда - суреттің атын атап, 3-4 сөйлем айтады. (Бурабай, Медеу) (31-33 слайд)

Интеллектуальная играҚазақстан туралы не білеміз?

Интеллектуальная играҚазақстан туралы не білеміз?

5 -кезең: Видеожұмбақ» (35- 49 слайд)

Алдын -ала жоғары сынып оқушыларын видеотаспасаға түсіру. Әр оқушы өз сұрағын, жұмбағын дайындап, видео арқылы ойыншыларға қояды.

1-видеоролик:

  • Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Мен сендерге сұрақ қоямын, мұқият тыңдап, жауабын айтыңдар. Бұл сөз «Т» әріпінен басталады, сөзде 2 буын, 5 әріп, бұл жуан сөз. Ол - су атауы. Сол сөздің жанында біздің қаламыз орналасқан. Бұл не? (Тобыл)

2- видеоролик:

- Менің атым - Игорь. Мен қазақ ұлттық тағамдарын өте жақсы көремін. Әсіресе, қазақша ет, бауырсақ, жентті ұнатамын. Бұл тағам арнайы бір мерекеде жасалады. Оны әжелер дайындап, қонақтарға береді. Тағам жеті түрлі азық- түліктен жасалады. Бұл қандай тағам? (Наурыз көже)

3- видеоролик:

- Құрметті ойыншылар! Мына фотосуреттерге қарап, бұл қандай қала екенін айтыңдар. Қала Қазақстанның орталығында орналасқан. Бұл әдемі үлкен қала. Қаланың атауында түр-түстің атауы бар. Мұнда Отанымызға керекті пайдалы кен өндіріледі. Ол -«қара алтын». Бұл қандай қала? (Қарағанды)

4- видеоролик:

- Сәлеметсіңдер ме, ойыншылар! Қазақстанның табиғаты өте сұлу және бай. Мұнда тау да, орман да, шөл де, көл де, дала да бар. Орман- тоғайларды, даланы көптеген аңдар мекендейді. Бұл аң орман да, далада да бар. Өзі - сұлу, түсі - сарғылт. Бұл - жыртқыш аң. Қояндармен, тышқандармен қоректенеді. Мінезі -қу, айлакер. Бұл қандай аң? (Түлкі)

5- видеоролик:

  • Құрметті оқушылар! Қазақстанның төрт астанасы болғанын білесіңдер ме? Қазақстанның екінші астанасы қандай қала болған екен? Қала республикамыздың оңтүстігінде орналасқан, күріштің Отаны болып саналады. Қаланың атауында түр-түстің атауы бар. Бұл қандай қала? (Қызылорда)

6- видеоролик:

-Сәлеметсіңдер ме, құрметті 5-сынып оқушылары! Қазақстанның сұлу және әдемі ғимараттары өте көп. Бұл ғимарат Республикамыздың ортасында тұр. Ол - Тәуелсіздіктің символы. Қалаға келген қонақтар бұл ғимаратқа көтеріледі, оның биіктігі -97 метр. Бұл қандай ғимарат? (Бәйтерек)

7- видеоролик:

- Сәлеметсіңдер ме, ойыншылар! Мен 8-сынып оқушысымын, атым -Ксения. Біздің еліміз пайдалы кендерге өте бай. Мұнда темір, алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, түрлі- түсті металдар бар. Бұл пайдалы кен Республикамыздың батысында өндіріледі. Әсіресе, Ақтау, Атырау қалаларында. Пайдалы кен-біздің байлығымыз. Бұл қандай пайдалы кен ? (мұнай)

Ойын барысында видеожұмбақты тыңдату, дұрыс жауаптарын айтқан оқушыларға белгі беріледі.

6-кезең:«Әңгімелеу»

3 минут уақыт ішінде «Қазақстан туралы не білеміз?» атты әңгімесін жазып, айтып беру. Қай команданың әңгімесі толығырақ, қызықтырақ болғаны -жеңеді. Әр команда өз белгілерін санап, ойын жеңімпазы белгіленіп, марапатталады.

Интеллектуальная играҚазақстан туралы не білеміз?

«Мирас » командасы ойынға дайын!

Интеллектуальная играҚазақстан туралы не білеміз?

5 «Б» сынып оқушылары - «Бірлік» командасы

Интеллектуальная играҚазақстан туралы не білеміз?

«Қазақстан туралыне білеміз?» атты әңгіме

Интеллектуальная играҚазақстан туралы не білеміз?

Ойын -сайыстың жеңімпадары - «Мирас» командасы

© 2010-2022