Тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Сарқан ауданы

М.Жұмабаев атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Р.Кунуспекова

Күні: 27.01. 2016ж

Фонетика. Тіл дыбыстары

Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Ә) Дамытушылығы: Оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, танымдылығын арттыру.
Б) Тәрбиелігі: Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, жаттығу орындау, ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Ой қозғау. «Алтыбақан» сөзіндегі дыбыстарды пайдаланып сөздер құраңдар. Қайталанбасын.

III. Мағынаны ашу кезеңі. «Түсініп ал».

  1. Жаңа сабақтың мақсатына тоқталу.

  2. Фонетика.Тіл дыбыстары.

Фонетика -(гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген) Фоненің мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір - бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.

Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал, лақ, түс, сүт, кел, лек.

Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту( слайд арқылы түсіндіру), тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Үн - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр - өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
"Әліпби" сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі - алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Әліпбидегі көрсетілген таңбалар - әріптер. Әріп - дыбыстың жазудағы таңбасы.


IV. Оқулықпен жұмыс.
233 - жаттығу: Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылау.
Сал, жат, тас, тық, қаш, жан.
Сал - жал, тал, қал
Жат - сат, қат, бат, тат


234 - жаттығу: Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа - басқа сөздер жасаңдар.
Ала, алау, алақан. Ат, ата, атақ, атаулы. У, уық, уылдырық.
Ыс, ыссы, ыстықтау. Ас, аспа, аспалы.

235 - жаттығу Метаграммаларды шешіңдер.
Егер т - дан бастасаң -
Биіктердің биігі.
Егер д - дан бастасаң -
Қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)

Егер б - дан бастасаң -
Түтіндей боп көшемін.
Егер н - дан бастасаң -
Жап - жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң -
Ішкен жанға кеселмін (бу, ну, у)

Г - ден баста, мен кілең.
Ажарымын өмірдің.
К - ден баста, енді мен.
Қалдығымын көмірдің (гүл, күл)

К - ден егер бастасаң -
Шомыласың суына
Ш - дан егер бастасаң -
Жазда аунайсың құмына (көл, шөл)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
3. Сөйлеу мүшелеріне нелер жатады?


Қорыту. Сұрақ - жауап әдісі.

Үйге тапсырма: Ереже жаттау. 237-жаттығу.

Бағалау


© 2010-2022