Публикаций на тему Қазақ хандығына 550 жыл

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қазақ хандығына 550 жыл!

Адам өткенін жақсы білмей - болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу туралы құнды деректерді игеру біз үшін өте маңызды.Кез келген халықтың тарихында мақтанарлық, үлгі тұтарлық маңызды деген оқиғалары болады. Сол атаулы оқиғаларды дәріптеу арқылы халық мемлекеттілігі мен егемендігін насихаттайды. Сонау 1465 жылы қазақтың ел алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің қазақ деген хандықтың туын тіккеніне міне биыл 550 жыл толып отыр.
Қазақ хандығы қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап «қазақ» сөзі саяси термин ретінде тарихқа алтын әріптермен енді. Бұл көне тарихымыздағы мемлекетілігіміздің Республика көлемінде тұңғыш тойлауымыз. Сондықтан «Қазақ хандығының 550 жылдығының» тарихи, рухани маңызы орасан. Қазақ хандығының 550 жылдығы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең алғашқы үкіметтің қаулысымен бекітілген ресми мереке. Кеңес үкіметі құлап, ел елдер тәуелсіздік алып жатқан тұста етек-жеңін жинай біліп, қазақты қиын кезеңнен алып шықан бүгінгі Президентіміз Н.Назарбаев екені белгілі. Сонау 90 жылдардың орта тұсында ішерге тамақ, киерге киім таппай қалған кезеңде осындай көшбасшымыздың болуы қазақ халқының бағы еді. Елбасымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлығы шығып, бүкіл ел болып үлкен дайындық жүргізіп келеміз. Бұл дегеніміз, Қазақстан елінің өткенді білуге деген үлкен құлшынысын көрсетеді. Сондықтан Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледж қабырғасында, «Өзін-өзі тану» , «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттерінің ұйымдастырылуымен «Қазақ хандығына 550 жыл» атты іс шара өткізілді. Іс- шараның мақсаты :студент жастарымызды өз тарихын білудегі танымдық қасиеттерін қалыптастыру бағытында елжандылыққа, отансүйгіштікке , өз елінің патриоты болуға баулу болды. Бұл іс- шара «Қазақ хандығына арналған» деректі фильмімен басталып, колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Ибрагимов Мансұр Алтынбекұлының баяндамасы , азаттық үшін алысып өткен ерлер туралы деректер келтіруімен жалғасын тапты.Сонымен қатар Төлеу Раузаттың «Аққу» биімен, Сәбитбек Жанеркенің «Елім-ай» әніде көрермендер көңілінен аулай білді.Осындай мерекелердің өтуі , беделі зор, бейбітшілікті ту еткен ерекше қонақжай халық болып өмір сүріп жатқанымыздың белгісі деп ойлаймын.

Публикаций на тему Қазақ хандығына 550 жыл




© 2010-2022