МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ – НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ - НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

«Мұғалімнің кәсіби біліктілігі - нәтижеге бағытталған білім сапасының кепілі» тақырыбында педагогтар кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің сапасын жетілдіру, педагог құрамының сапасын арттыру, педагог қызметкерлердің мәртебесі мен білім берудегі менеджментті енгізу арқылы - сапалы білім беруде әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізу үшін пәнге жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қажет. Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне байланысты таңдап қолданудың маңызы зор.

Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге, белсенділік танытуға ақпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Сол себепті білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір ұстаз өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру - мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттік дамуының құралы болып табылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесін құруды» міндеттеген болатын. Заманымыз алға жылжыған сайын уақыт талабы күшейіп, білім нәрімен сусындатып отырған шәкірттеріміз білімді, талапты, ойшыл, дарынды тұлға болып қалыптасуы үшін, оқыту үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді, идеяларды қолдана отырып, үздіксіз ізденіспен оқушылардың білімін, таным-талғамын, ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту ұстаздар қауымының басты мақсаты болып отыр. Осыған орай Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі аясында педагогтің жеке тұлға ретіндегі бейнесі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Себебі мұғалім білім беру үрдісін жаңартудағы басты тұлға болып келеді. Бұл жаңарудың бастамасы қаншалықты серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болатыны сөзсіз.

Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандық мұғалімдердің кәсіби дамуы саласындағы жаңа көзқарасы педагогтардың біліктілік арттыру жүйесіне оң өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беріп, түбегейлі жаңғыруын шыңдай түсті. Сондықтан жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды.

Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Яғни білім беру үрдісінде «Сабағымды қалай қызықты, тартымды өткізсем? Сабақ кезінде оқушының жетістігін туғызсам, өмірге құштарлығын арттырсам деген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар. Себебі әрбір жаңашыл ұстаз шәкіртінің шығармашылық жетістіктерін, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді. Бүгінгі таңда алдына мақсат қоя отырып әрбір ұстаз «жай мұғалімді ұлы ұстаз деңгейіне көтеру. Себебі жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы ұстаз шабыттандырады». Әрине, бұл жаңашыл мұғалімдердің құзырлылығы мен инновациялық технологияларды күнделікті іс-тәжірбиесінде тиімді де ұтымды қолдана білгенінде.

Әр сабаққа дайындық - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан қандай да инновациялық әдіс-тәсілдер болмасын әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Каймолдина М.М.

Химия және биология пәнінің мұғалімі

«Естай Есжанов атындағы

№9 орта мектеп» КММ

Жітіқара қаласы



© 2010-2022