Статья на тему Чтение в радость

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқудың маңыздылығы

Хиса Ж.

Қарағанды облысы

Теміртау қаласы

№9 мектеп-лицейі

Баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде кітап, соның ішінде көркем әдебиеттерді оқудың алатын орны ерекше.

Бүгінгі ғаламтор дамыған заманда адамдар бұрынғыдай кітап оқу дағдысынан айырылып бара жатқаны ең басты проблемалардың бірі деуге болады.

Интернеттің болмауы, адамдардың рухани байлыққа деген қызығушылығын арттырды. Оған әсер еткен ата-ана, яғни отбасы болса, мектеп мұғалімдерінің орын да ерекше еді.

Қазір сол ұрпақ әлі де болса біздің қоғамда ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізуші болып отыр. Ал қазіргі ұрпақ ол құндылықтардан яғни рухани қажеттіліктен материалдық қажеттілікке көбірек көңіл бөлуде. Мәселе жастардың материалдық жағдайында, күйбең тіршіліктен қолдарының босамауында.

Жастарды, балаларды кітап оқымайды дейміз. Тіптен күнделікті тірлік қамымен жүрген ересек адамдар да кітап оқуды азайтты. Кейде ата-аналардың тарапынан «Баламның ұялы телефоны болса, астында көлігі болса, пәтер алып берсем, қалғанын өзі оқып алады»,- деген пікірлерді жиі еститін болдық. Осылай жалғаса берсе, ұрпағымыздың болашағы не болмақ?
Сондықтан болар, қазіргі жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Қазіргі ғасыр - ақпарат ғасыры. Күнделікті ғаламтор арқылы алып отырған ақпараттар жастардың санасын еріксіз жаулап алып, оларды рухани ашаршылыққа ұшыратып отырған жоқ па?

Осы тұрғыда жастарға балаларға тәуліктің бір уақытын кітап оқуға арнау дағдысын кішкентайынан қалыптастыру керек. Демек, жастарды рухани байлыққа жетелеу отбасынан бастап, барлық білім беру мекемелерінің міндеті болуға тиіс.

Ал қазіргі тәрбие практикалық бағытта болып тұр. Басты мақсатымыз - қалай да мамандық ал, қалай да мансапқа жет, матеиалдық қажеттілік т.б.

Ал жақында мынадай статистикалық мәліметтерге тап болдым.

Біздің мектебіздің педагогикалық ұжымы осы проблемаларды шешу жолдарының бірі оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқу күндерін ұйымдастыру деп таптық. Мектеп-лицейімізде жылына екі рет Оқу күнін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Оқу күнінде тек қана оқушылар мен мұғалімдер ғана емес, сондай-ақ сыныптың ата-аналары да қатыса отырып, өз балаларымен бірлесе кітап оқиды. Себебі Оқу күні мектебіміздің барлық ата-аналары үшін ашық есік күні. Алғашқы рет оқушылардың оқитын әдебиеттерін мұғалімдер өздері таңдаса, екінші рет

Оқу күнін өткізу үшін алдымен сынып оқушылары мен сынып жетекшілері бірлесе отырып, оқылатын әдеби шығарманы таңдап алды.Әдеби шығарманы таңдау үшін балалармен ақылдаса отырып, мектебіміздің кітапханасымен байланыс жасайды.Нәтижесінде өздерін қызықтырған авторлар мен көркем әдебиеттерді оқиды. Бұл жерде балалардың жас ерекшелігіне де назар аударылды. Оқу сағатында әр сынып оқушылары топ- топқа бөліне отырып,өздерінің ережелерін анықтап алды.Мысалы:

5 «а» сынып оқушыларының ережесі:

  • 15 мин. Үнсіз оқу;

  • "Өз" ішінде ойлайды, сұрақтар ойластырады;

  • Бір-біріне мазмұндайды;

  • Әр топ кластер құрып, тобының презентациясын жасайды 5-7мин;

  • негізгі кейіпкерлер;

  • таңқалдырған кейіпкерлердің сезімдері, ойлары;

  • оқиға болған мекені;

  • тақырыптың мәні мен идеясы;

  • Спикерлер қорғайды 2 мин;

  • 4 топ 8 ми;

Барлық сынып оқушылары өздерінің таңдаған әдебиеттерін сыныпта оқып, талқылап біткен соң мектебіміздің Акт залына немесе дәлізде ілінген «Ой шарлау галереясына» өздерінің пікірлерін қалдырады.

Статья на тему Чтение в радость

Статья на тему Чтение в радостьСтатья на тему Чтение в радость

Оқу күндерінің оқушыларға берері мол.

  • Бастауыш сынып оқушылары ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының таңдай отырып, қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. /әсіресе І сынып оқушылары/

  • Көркем шығармаларды оқуға балалар құмартып, қызыға бастады.

  • Жаттау арқылы олардың сөйлеу тілі және сөздік қоры дами бастады;

  • Жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеті дами бастады;

  • Әдеби кейіпкерлердің жақсы әрекеттеріне сүйсіне отырып, сол кейіпкерлерді үлгі тұтады, жаманынан жиренеді және жаман әрекеттер неге, не себептен болды, яғни оларда жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік қалыптаса бастады.

  • Оқушылардың ой-өрісі, дүние танымын кеңейіп және оқырмандарды ақпараттық сауаттылығы арта бастады;

  • Топта жұмыс жасай отырып, әр оқушы өзінің ойын, пікірін достары арасында еркін айта білуге және ойын сауатты жетікезе білуге үйреніп, қалыптаса бастады.

  • Қазақ халқының тарихи, әдеби құндылықтарына, соның ішінде классикалық туындыларды оқуға деген қызығушылықтары ояна бастады;

Бұл біздің мектеп мұғалімдерінің оқушыларға рухани тәрбие берудегі түпкі мақсаттарымыздың бірі еді.

Проблеманы шешудің екінші бір жолы мектебімізде отбасылық оқуды дәстүрге айналдыру деп шештік. Нәтижесінде 2013-2014 оқу жылынан бастап, кітапхана жанында «Ата-аналар оқырман клубы» ашылып жұмыс жасауда.

Статья на тему Чтение в радостьСтатья на тему Чтение в радость



Үшінші жолы осы оқыған көркем әдебиеттерді ата-аналармен бірлесе отырып, көрініс қою, яғни нәтижесінде бастауыш сыныптарының оқушылары мен ата-аналары арасында «Ертегілер әлемінде» сахналық қойылым жасау дәстүрге айналып, әр сынып сенбі күні сайын өздерінің алдын-ала бекітілген кестеге сай сахналық көріністерін ортаға тарту етеді.

Статья на тему Чтение в радостьСтатья на тему Чтение в радость



Сонымен қатар, мектеп-лицейімізде Қарағанды облыстық «Сынаулық ойды дамыту» қоғамдық бірлестігінің ХІІІ Облыстық Оқу Конференциясы «СОД» ҚБ 12-жылдық тәжірибесі-12 жылыдық білім беру кезеңінде тақырыбымен 2014ж желтоқсан14 күні өткізілді.

Статья на тему Чтение в радость

Жоғарыда ұйымдастырылып, отырған іс-шараларының барлығы жүйелі түрде ұйымдастырылып, жылдан жылға сапасы артуда.










© 2010-2022