Конспект по самопознанию на тему Салауаттылық өмір негізі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Мектебі: Үстірт орта мектебі

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Салауаттылық - өмір негізі.

Сыныбы: 9 «В» сынып

Пән мұғалімі: Н.Уразниязова

Мақсаты: Оқушылардың денсаулық, салауаттылық

туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

- Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

-Денсаулықты бағалауға, салауатты өмір салтын

ұстануға тәрбиелеу.

Сабақ барысы.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын өткен сабақпен байланыстыра отыра таныстыру.

Мұғалім: Балалар, өткен сабақтарда «Өзіңді тану - өмірді тану» деген тақырыпта әңгімелестік. Сол туралы бүгін қандай ой-пікір айтып, тақырыпты қорытындылай аламыз?

Өмір - бұл адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы мен рахаты немесе азабы мен қасіреті, жақсы мен жаманды үйренетін мектебі. Біреу адал, парасатты, білімді мейірім-қайырымы мол болса; енді біреу қатал, мейірімсіз, іші тар, қу, ез, жылпос, еріншек болады, осы қасиеттің бәрі өмірден кетерде өмір безбенімен өлшенеді, адам сол кезде өкініп, сол кезде шүкірлік етеді.

Дәйексөз: «Адам өз өмірінің суретшісі». Ол өмірді сырлап бояуға,

оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.

Баубек Бұлқышев.

Н. Сәрсенбаев.

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Жаныңның саулық рухын аман сақта,

Өмірде бақыттысың денің сауда,

Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға

Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,

Сол сенің жеткен жерің биік тауға.

Мұғалім өлеңді оқып бітіп, сабақтың тақырыбын айтады.

Әңгімелесу.

Сұрақтар беріліп, оларға жауап айтып, ойлануға шақыру. Мақсаты - денсаулық, салауаттылықтың адам өміріне әсері, жалпы адамның өмірлік айқындамасын белгілеудегі маңызын ашу.

  • Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?

  • Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?

  • Өзіңіз салауатты өмір сүру қандай әрекеттер жасайсыз?

  • Салауаттылық - өмір негізі деген ойға көзқарасыңыз қандай?

Дәйексөз. (оқушылар дәптерлеріне жазып ,өз ойларын ортаға салып айту керек).

Шығармашылық жұмыс.

Оқулықта берілген мәтіннен Ұлықпан Хакімнің денсаулыққа қатысты жеті өсиетін оқып, талдау.

Мәтінмен жұмыс.

  1. «Ойлан достым...». А.Самиғоллаұлы.

  2. «Қателіктің арты өкініш». Р. Пернеханқызы.

Дәйексөз (оқушылар айтады).

Жүректен - жүрекке

а) Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

ә) Бәрі қол ұстасып тұрып, «Көңіл көктемі» әнін шырқайды.

«Көңіл көктемі»

Сөзі мен әнін жазған М.Ы.Ыбыраев

І. Туған жерді шарлайтын,

Шаттық болғым келеді.

Жүректерді баурайтын

Бақыт болғым келеді.

Қайырмасы

Қызғалдақтай жерімнің

Сәні болғым келеді.

Сүйіп айтар елімнің

Әні болғым келеді.

Қайырмасы

ІІ.Тамылжыған таңдарға,

Көрік болғым келеді.

Жалындаған жандарға

Серік болғым келеді.

Қайырмасы

ІІІ.Көктем болып көңілді,

Нұрландырғым келеді.

Шұғыладай өмірді,

Түрлендіргім келеді

© 2010-2022