КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ - ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР

Коучингті «Сіздің есіміңіздің тарихы» атты ойынынан бастағанымыз әріптестердің көңіл-күйін көтеріп, жағымды атмосфера орнатуға пайдасы тиді десем артық болмас. Өткізілген қорытынды коучингте әріптестеріме оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдердің бірнешеуімен таныстырдым, атап айтсам, диалогтық оқыту, өзін-өзі бағалау. Тәлімгеріміздің Lesson Study туралы берген мәліметі де қызығушылық танытты. Әр коучингте топқа бөлінудің өзі бір сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Әріптестерім де жаңа тәсілдерді күтет...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Мерзімі:

28.09.2013 ж.

Коучер: Байгалиева Жанар

Коучингтің тақырыбы:

ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР

Жалпы мақсаты:

Сабаққа енгізуге болатын оқыту мен оқудың жаңа

тәсілдерімен танысу.

Оқу нәтижелері:

Мұғалімдер:

  • оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдермен танысады;

  • диалогтық оқытудың не екенін біледі;

  • өзін-өзі бағалау тәсілдерімен танысып, өз жұмыстарын бағалайды.

Қолданылған құралдар:

Дербес компьютер, ноутбуктер, интерактивті тақта, А3 парақтары, топтардың белгілері, смайликтер, маркерлер, қайшы, желім, тіс таяқшалары, үй макеті, презентация, видео.

Коучинг жоспары:

  1. «Сіздің есіміңіздің тарихы» тақырыбына кіріспе ойын.

  2. «Диалогтық оқыту» тақырыбында мәлімет беру. Қосымша 1.

  3. Топқа бөліну. 4 топ. Ноутбуктерде презентация әзірленген. Әр қатысушы ұнаған шардың суретің таңдап алады, оның астында топтың атауы жасырылған (МҰҒАЛІМ, ОҚУШЫ, ТОП, СЫНЫП).

  4. Тапсырма № 1. «Жеті керемет» тақырыбына постер дайындау.

  5. Өнімді қорғау.

  6. «7 керемет» тақырыбына видео тамашалау. Видео 1.

  7. «Lesson Study» туралы мәлімет беру. Қосымша 2.

  8. Сергіту сәті. Видео 2.

  9. Топқа бөліну. 3 топ. Қатысушылар тіс таяқшалары қорабының тетігін басып, таяқшаларды алады, сосын түсіне қарай өз топтарын табады. Әр үстелдің үстінде таяқша қораптарының суреттері бар: сары, қызыл, көк түсті.

  10. Тапсырма № 2. Интерактивті тақтада көрсетілген сурет бойынша жұмыс. Суреттен туған ой. Қосымша 3.

  11. Өз ойларымен таныстыру.

  12. «Өзін-өзі бағалау» тақырыбында мәлімет беру. Қосымша 4.

  13. Өзін-өзі бағалау парақтарын толтыру. Қосымша 5.

  14. Топқа бөліну. 4 топ. Тәлімгер әр топтың мүшелерін көп қабатты үйдің пәтерлерінің терезесін ашып, таңдайды. Алдын-ала үй макеті дайындалып, әр терезенің ішіне коучингке қатысушылардың фото суреттері жасырынған).

  15. Тапсырма № 3. «Сабаққа енгізуге болатын оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері» тақырыбы аясында қорытынды постер әзірлеу.

1 топ тақырыбы «Мұғалімнің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар».

2 топ тақырыбы «Мұғалімнің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер».

3 топ тақырыбы «Мұғалімнің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?».

  1. Бағалау. Блоб ағашы.

  2. Қорытынды сөз. Видео тамашалау. Видео 3.

Рефлексия:

Коучингті «Сіздің есіміңіздің тарихы» атты ойынынан бастағанымыз әріптестердің көңіл-күйін көтеріп, жағымды атмосфера орнатуға пайдасы тиді десем артық болмас. Өткізілген қорытынды коучингте әріптестеріме оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдердің бірнешеуімен таныстырдым, атап айтсам, диалогтық оқыту, өзін-өзі бағалау. Тәлімгеріміздің Lesson Study туралы берген мәліметі де қызығушылық танытты. Әр коучингте топқа бөлінудің өзі бір сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Әріптестерім де жаңа тәсілдерді күтетіні байқалып тұрады. Көңілдерінен шыққаны қуантады. Өткізілген коучингтердің нәтижесі ретінде жасалған өнімнен байқағаным - сапалы білімін өмірдегі қажеттіліктеріне пайдалана білетін ұрпаққа Бағдарламаның идеяларын жақсы меңгерген мұғалім қажеттілігін әріптестерім де мойындайды екен. Оқыту үшін бағалаудың кейбір сәттерін өз тәжіриблеріне енгізіп, оқушының білімін жақсартудағы тиімділігін аңғарып, дағдыға айналдыра біледі деп сенемін.

Коучинг презентациясының толық нұсқасы.

КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ - ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР

© 2010-2022