• Преподавателю
  • Другое
  • Презентация по казахскому языку на тему Ә. Қастеев, оның туындылары. Қалау райды қайталау

Презентация по казахскому языку на тему Ә. Қастеев, оның туындылары. Қалау райды қайталау

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шараның тақырыбы: «Жеті жұрттың тілін біл»

Сыныптан тыс шараның мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер! Қазақстанда 130 - дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді.Тіл ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе - өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.

Тіл туралы жұрт тілеген салауат,
Тіл туралы естілмесін жаманат.
Тіл дегенің, тіл дегенің бұл біздің -
бабамыздан қалған асыл аманат.

Туған тілім - аласармас тұғырым,
Сен құрысаң мен де бірге құрыдым.
Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,
Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың,-

дей келе «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» сайысын бастайық. Бұл ойын 5 кезеңнен тұрады.

Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:

1.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі -...

2. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-...

3. 9-сынып оқушысы -...

Топтардың жауаптарын есептеп, ұпай сандарын жазып отыру керектігі ескертіледі.





Бірінші кезең «Сөз тапқанға ...».Қазір сендер әріптер аласыңдар.Әр топқа сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек.Жауап шапшаң болуы тиіс. Ө,Қ, Т, Ә,Ғ, С./Әр дұрыс жауап 1 ұпай/

І топ сұрақтары.

1. Бүгін қандай күн?

2.Сен қайда тұрасың?

3.Жазда қайда болдың?

4.Нені жақсы көресің?

5.Сыныбыңда қанша оқушы бар?

6.Қай пән ұнамайды?

7.Досың көп пе?

ІІ топ сұрақтары.

1.Сенің калаң қандай?

2.Кім болғың келеді?

3.Нені ұнатасың?

4.Қандай құсты білесің?

5.Қандай фильм көрдің?

6.Жақсы көретін күнің?

7.Күз мезгілі ұнай ма?

ІІІ топ сұрақтары.

1.Сенің сүйіп оқитын жазушың?

2.Саған қандай тағам ұнайды?

3.Сенің сүйікті ақының?

4.Немен саяхат жасайсың?

5.Бүгін қайда барасың?

6.Үйге кіммен келдің?

7.Демалыста қалай демалдың?

ІҮ топ сұрақтары.

1. Кеше қандай күн болды?

2.Әжең не істейді?

3.Демалыста қайда болдың?

4.Нені жақсы көрмейсің?

5.Мектебіңде қанша оқушы бар?

6.Қай пән ұнайды?

7.Досың бар ма?

Ү топ сұрақтары.

1.Сенің ауылың қайда?

2.Кім болғың келмейді?

3.Нені оқығанды ұнатасың?

4.Қандай құсты білмейсің?

5.Қандай фильм көрдің?

6.Жақсы көретін асың?

7.Саған не алып берді?

ҮІ топ сұрақтары.

1.Сенің сүйіп оқитын кітабың?

2.Саған қандай тағам ұнамайды?

3.Сенің сүйікті ісің?

4.Немен саяхат жасайсың?

5.Болашақта кім боласың?

6.Мектепке неге келдің?

7.Сенің сүйікті жануарың?

Екінші кезең «Жедел жауап».Берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.Әр топқа 5 сұрақтан қойылады:/Әр дұрыс жауап 1 ұпай/

1.ҚР-астанасы қай қала? /Астана/

2.Қазақ тілінде неше дыбыс бар? /37/

3.Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? /Ю.Гагарин/

4.Қазақтың атақты күйшісі. /Құрманғазы/

5.1маусым қандай мереке? /Балаларды қорғау күні/

6.Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?/Мәншүк,Әлия/

7.Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма /күй/

8. 2012жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан женімпазы /Чиншанло,Манеза,Подобедова,Ильин/

9.ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер?/Нәжімеденов,Назарбаев,Қалдаяқов/

10.Абайдың шын аты кім? /Ибраһим/

11.ҚР-ның рәміздерін ата /Ту, Елтаңба,Әнұран/

12.Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?/1991 ж/

13.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? /9/

14. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ кім? /Т.Әубәкіров/

15.Қазақтың үш биін ата./Төле,Қазыбек,Әйтеке/

16.ҚР-ның Тәуелсіздік күні./16 желтоқсан/

17.Абайдың неше қара сөзі бар?/45/

18.6 шілде қандай мереке?/Астана күні/

19.Жылқы малының пірі./Қамбар ата/

20.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?/Ы.Алтынсарин/

21.Орыс тілінде неше әріп бар?/33/

22.Сиырдың төлі /бұзау/

23.Биылғы жылы Конституцияның неше жылдығын атап өттік? /20/

24. Қазақстан шектесетін елдер /Ресей,Қытай,Өзбекстан,Қырғызстан,Түркіменстан/

Үшінші кезең «Сендерге мен бір жұмбақпын ...» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал өз тобындағы оқушылар бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.Тапқан сөздерін орыс,ағылшын тілдеріне аударуы керек. ./Әр аударған сөзі үшін 1 ұпай қосылып отырады/

І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,қалам, айна,

ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, себет, үйрек, қоян,

ІІІ топқа берілген сөздер: қоңырау, мысық,доп, сызғыш, гүл.

ІҮ топқа берілген сөздер: сурет, пойыз,сағат, маймыл,қолшатыр.

Ү топқа берілген сөздер: тіл,арыстан,терезе,есік,көзілдірік

ҮІ топқа берілген сөздер: балмұздақ,телефон,сөмке,ит,тарақ

Көрермендермен шағын ойын ойналады. Осы кезде әділқазылар алқасы аралық ұпай сандарын есептейді.

Төртінші кезең «Бәрін білгім келеді».

Пәндер айдары. 6пәннен 4сұрақтан барлығы 16 сұрақ әзірленген.Пәндерді таңдау- оқушылардың өз еркінде.

Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.

Математика

5-сынып

10 ұпай-Төртті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша болады?(32)

20 ұпай- 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең.(45)

30 ұпай- a +b= /жауабы: b+a қосу амалының ауыстырымдылық қасиеті/

40 ұпай- (a+b) c= /жауабы: ac+bc үлестірімділік қасиеті/

6-сынып

10 ұпай-бөлшекті қысқарт:15 /жауабы:3 /

20 4

20 ұпай-қысқарт 48 /жауабы:2 /

72 3

30 ұпай-Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді.Ол10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді?(15 секунд)

40 ұпай-Әлияның жасы қазір10-да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4 есе үлкен.Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде, Динаның жасы қаншаға толады?(50 жасқа)

7-сынып

10 ұпай-a3 a-5 жауабы: a-2

20 ұпай-(x2)-3 жауабы: x-6

30 ұпай-(b2 ) -3 b5 Жауабы:b-11

40 ұпай-негізгі геометриялық фигуралар /нүкте,түзу/

География

5-сынып /Жаратылыстану/

10 ұпай-Астрономия грек тілінен аударғанда / «астрон» жұлдыз, «номос» заң/

20 ұпай-Күнделікті ауа райын теледидар,радио арқылы тыңдау әдісі /бақылау/

30 ұпай-Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі /жұлдыз/

40 ұпай- Жұлдызды зерттеуде зор үлес қосқан Самарқанның билеушісі /Ұлықбек/

6-сынып

10 ұпай- География саласы нешеге бөлінеді? /2-ге/

20 ұпай-Жердің нақты үлгісі /глобус/

30 ұпай-Көкжиектің неше тұсы бар?(төртеу)

40 ұпай-Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі.(Карта)

7-сынып

10 ұпай-Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)

20 ұпай-1492 жылы Испан экспедициясын басқарған кім? /Х.Колумб/

30 ұпай-17 кітаптан тұратын «География» атты еңбектің авторы? /Страбон/

40 ұпай-Жер шарын айналып шыққан және Тынық мұхитты ашқан кім? /Ф.Магеллан/

Қазақ тілі

5-сынып/орыс сыныбы/

10 ұпай-Қазақ тілінде неше әріп бар?/42/

20 ұпай-Зат есімнің сұрақтары /кім?не?/

30 ұпай-Ашық буынға мысал келтір /а-на т.б/

40 ұпай-Семья сөзі қалай аударылады?/отбасы/

6-сынып

10 ұпай-Буын түрлерін ата /ашық,тұйық,бітеу/

20 ұпай- Қай септіктің жалғаулары?-ның,-нің /Ілік/

30 ұпай-болды,әкеледі,ұстап отыр -бұл сөздер қай сөз табына жатады? /етістік/

40 ұпай-Дыбысты талда: Ә /дауысты,жіңішке,езулік,ашық/

7-сынып

10 ұпай-Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?/қатаң,ұяң,үнді/

20 ұпай-Сөз дегеніміз не? /Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз/

30 ұпай-Қазақ тілінде қандай сөйлем мүшелері бар?/бастауыш,баяндауыш,пысықтауыш,толықтауыш,анықтауыш/

40 ұпай-Берілген етістікті өткен,осы,келер шаққа қойып айт:Әңгімеле/әңгімеледі,әңгімелеп отыр,әңгімелейді/

5-сынып

10 ұпай-Әдебиет сөзі қай тілден аударылған? /араб/

20 ұпай-Әдебиет сөзі қандай мағынаны білдіреді? /асыл сөз/

30 ұпай-Лексика нені зерттейді? /сөз мағынасын/

40 ұпай-Бет сөзінің ауыспалы мағынасын айт /кітаптың беті,судың беті т.б/

6-сынып

10 ұпай-Мәтін нелерден тұрады? /сөздер,сөйлемдер,абзацтар/

20 ұпай-Әдеби тілдің нормаларын ата /орфографиялық,орфоэпиялық,лексикалық/

30 ұпай-Мәтіннің түрлерін ата /пайымдау, суреттеу,баяндау т.б/

40 ұпай-Сөздің ең бастапқы бөлшегі қалай аталады? /түбір/

7-сынып

10 ұпай-Қазақ тілінде неше жалғау бар? /4/

20 ұпай-Жуанға да,жіңішкеге де жалғана беретін қай септік? /көмектес/

30 ұпай-Көптік жалғау жалғанбайтын сөзднрді тауып ата /ұн,мұнай,газ т.б/

40 ұпай-Кітап,терек,тәуелсіздік сөздеріне тәуелдік жалғау жалғанғанда қандай өзгеріске ұшырайды? /кітабы,терегі,тәуелсіздігі/

Биология

6-сынып

10 ұпай-Адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байытып отыратындар /өсімдіктер/

20 ұпай-Микроскоптың жарық түсіретін бөлімі /айна/

30 ұпай-Органикалық зат түзуге , қор жинауға қатысып, өсімдікті түрлі түске бояйды /пластидтер/

40 ұпай-Жасушада шырынға толы қуыс /вакуоль/

7-сынып

10 ұпай-Жануарлар әлемін зерттейді /зоология/

20 ұпай- Жануарларды жүйелеудің негізін қалаушы /Карл Линней/

30 ұпай- Хламидомонаданың қозғалуы /талшықтары арқылы/

40 ұпай-Белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер /тамыраяқтылар/

Орыс тілі

5-сынып

10 ұпай-Сколько склонений у существительного /3/

20 ұпай-На какие вопросы отвечает сказуемое?/что делать?что сделать?/

30 ұпай-Как узнать сколько слогов в слове?/сколько гласных/

40 ұпай-Как пишется частица Не с глаголом?/слитно или раздельно/

6-сынып

10 ұпай-Сколько падежей в русском языке?/6/

20 ұпай-На какие вопросы отвечает имя существительное?/кто?что?/

30 ұпай-Какой слог называется ударным?/на который падает ударение/

40 ұпай-Главные члены предложения?/подлежащее+сказуемое/

7-сынып

10 ұпай-Какое местоимение не имеет И.п.

20 ұпай-Сколько частей речи в русском языке

30 ұпай-Кто автор поэмы «Медный всадник»?

40 ұпай-В какой поэме /назвать автора и поэму / изображен кулачный бой на Москве-реке?

Ағылшын тілі

5-сынып

10 ұпай-What is your name?

20 ұпай-Десятая буква англ.алфавита /Jj/

30 ұпай-Cколько букв в англ.алфавите /26/

40 ұпай-Столица Англии /Лондон/

6-сынып

10 ұпай-Жұмбақты шеш:This animal has got 8 legs /spider/

20 ұпай-Аударыңдар: alarm-ctock

30 ұпай-Аударыңдар:ақымақ /stupid/

40 ұпай-Can you play basketball?

/Yes I can No I can, t/

7-сынып

10 ұпай- Аударыңдар:Language /тіл,язык/

20 ұпай-How many people in the world speak English /

30 ұпай-Мына етістіктерді өткен шақта айтыңыздыр go - come - listen- /went came listened/

40 ұпай-Match the words on the left with the figures on the right

1 a million a1 1

2

2six thousand b 1000000

3 one and a half c 6000

Бесінші кезең «Кім жылдам».

Топтарға сөздер беріледі, сол сөздерден жаңа сөздер шығарады. Аудара алатын сөздерін орыс, ағылшын тілдеріне аударады./Әр аударған сөзі үшін 1 ұпай қосылып отырады/

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ,ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ,ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

-Осымен тілдер күніне арналып өткізіліп отырған «Жеті жұрттың тілін біл» атты шарасы өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

Әділқазылар алқасы бес кезең бойынша ұпай сандарын есептеп қорытынды шығарады.Жеңімпаз топтар марапатталады.



















© 2010-2022