Урок по самопознании для 10 класса Служение обществу

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"№22 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Урок по самопознании для 10 класса Служение обществу

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Бейсенбаева Раушан Тәжібайқызы


Топтық жұмыста ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды істер күтіп тұр.» деген болатын. Елдің елдігін сақтап, көркейтетін, өркендететін және болашақты айқындап беретін - білім мен тәрбие беру ісі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар мен өзгерістер өмірге келуде. Заманауи қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын жақсартуды,жаңа технологияларды тиімді қолдануды, жаңа формациядағы ұстаздар арқылы еліміздің білім жүйесін халақаралық стандарт деңгейіне жеткізуді мақсат етіп отыр.

Ұстаздың даналығы - оқушыны дамыта отырып, оның ақыл - ойын дамытып,өздігінен білім алу жолдарын үйрету. Өздерін еркін білім алушы ретінде сезіну олардың қызығушылықтарын тудырады. Топтық жұмыс әр пікірін сыртқа шығаруға жағдай жасайды. Әр бала болжау жасап, ой қозғау арқылы өз пікірін білдіре отырып, жаңа білімге ынталанады. Еркіндіктің тағы бір белгісі - өздері үлгі жоба жасап, әрқайсысы өз жобасын ұсынып, саналы түрде білім алуға дағдыланады. Ізденіс, зерттеулер арқылы қорытынды жасап, оның дұрыстығын тексеріп, балалардың білімге деген ынтасын арттырады, өздігінен білім алуға үйренеді.

Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші. Шешім жасаушы оқушы екендігі туралы пікір қалыптастыру керек. Оқушы басты тұлғаға айналады.Сондықтан «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын өз уақытында қолға алынған, дидактиканың бүгінгі күні көкейтесті мәселесін шешуге бағытталған технология деуге әбден болады.

Бала жүрегіне жол табу ұстаздың өз мамандығына сенімділігінен, бейімділігінен, айқын мақсатынан көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасып жатса ғана сабақ сапалы болмақ.

Топтық жұмыстың ерекшеліктері оқушылардың шығармашылығын дамытып, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз. Топтық жұмыста қолданатын ойын түрлері пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар баланың дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін, тапсырманы шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен танымдық белсенділігін арттырады.
Топтық жұмысты тиімді қолданылуы сабақта оқу-тәрбие мәселелерін барынша дұрыс шешуге себі тиетіндігін, оқушылардың белсенділігі мен өздігінен іс-әрекет жасауын талап ететіндігін көрсетті.

Топтық жұмыста қолданатын ойын түрлері:

«Жалғасын тап» ойыны

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы бітеді

Ә) Жақсы болсаң, жүректе

Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан

В) Жері байдың ел

Г) Ақыл дос, ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп

Д) Мал баққанға сол тоқ

Е) Адам деген- елі бай

«Бәйге» ойыны.

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Бұл ойынның әр топтан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жүргізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауапқа ұпай қосылады.

Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөз құрамына не жатады?

3. Түбір дегеніміз не?

«Тапқыш» ойыны.

Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.

Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.

Қ

Ы

Б

Е

С

О

Қ

Ы

А

Й

Д

Ы

І

Ш

К

Д

Л

С

Ы

Н

Д

Ы

Ө

Ы

А

А

Р

Ы

П

П

К

С

Ж

А

З

Б

И

І

К

Н

Қ

Т

А

Й

С

Е

Г

І

О

Қ

Р

Ә

П

К

Е

З

Н

А

А

Т

Ы

Р

Н

А

Зат есім : қонақ, ...

Етістік: оқыды, ...

Сан есім: он,...

Сын есім: көк,....

«Кім тез?» ойыны. Әр түрлі суреттер көрсету. Әр топ сурет бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемді талдайды.

«Әңгімені аяқта» ойыны.

Берілген сөйлеммен аяқталатындай етіп, топқа әңгіме құрау беріледі.

«... Осы оқиғадан кейін біз бір-бірімізге өтірік айтпауға уәде бердік».

«Ойлан, тап» ойыны.

Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу

  1. Шай қайнатым уақыт

  2. Аяқ астынан

  3. Кірпік қаққанша

«Кім тапқыр» ойыны.

Суреттерді жасырып, соның белгілерін айту арқылы не жасырылғанын табу.

Қазақ тілі сабағында топтық жұмыста ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:

  • жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде жақсы нәтижеге жетуге болады;

  • сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;

  • шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;

  • өзіне деген сенімділік пайда болады;

  • логикалық ойлау қабілеті дамиды.

  • Топ мұшелеріне үйретеді және өзі үйренеді.

  • сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Мәңгілік Елге қарай жылжуымыз бізді жаңа экономикалық, өндірістік, ғылми, мәдени байланыстарды дамыту үшін біріктіреді. Біздің Мәңгілік Ел жасаудағы жасампаздығымыздың бастауы бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Болашағымыз- білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан «Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам ең жақсы мұғалім» деп А.Фердинанд айтқандай бүгінгі күн талабына сай білім құмар, шығармашыл, сыни тұрғыдан ойлана білетін ұрпақты дайындау, оларды әлемдік өркениет елдердің жастарымен теңестіру - ұстаздар қауымының азаматтық борышы болып қала бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».

4. С. Мирсеитова и А. Иргебаева. Профессиональное развитие: из опыта учителей.

5. Бастауыш мектеп №10, 2013. 5-6. Б.

6. Бастауыш сынып №6, 2012. 7.Б.

7. Қазақстан республикасының Білім және Ғылым бағдарламасы 1. Б.

8.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспар










© 2010-2022