- Преподавателю
- Другое
- Күштік электр қондырғыларын пайдалану
Күштік электр қондырғыларын пайдалану
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Тенисбаева Э.С. |
Дата | 24.04.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Күні _20.02.2015 Пән: Электр жабдығын пайдалану және қызмет көрсету
Топ: ____Э-12-9____
Оқытушы: Ахметов А.Б.
Тарау: Электржабдықты жөндеу технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Күштік электр қондырғыларын пайдалану
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтық мақсаты: Студенттердің алған білімін әрі қарай дамыта отырып, бір жүйеге келтіру және электр қондырғыларын дұрыс пайдалануды, кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Студенттерді күштік қондырғылардың атқаратын рөлімен таныстыра отырып, оларға қойылатын талаптарды таныстыру.
Тәрбиелік: Студенттерді өз бетінше қорытынды-тұжырым жасап, өз жауабын дәлелдей алуға тәрбиелеу, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, іздемпаздылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Студенттердің техникалық ойлау, есте сақтау зейінін, қызығушылығын дамыту және тәжірибемен ұштастыру, құрылғының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: тест тәріздес тапсырмалар, видео интерактивті тақта , сұлбалар, карточкалық тапсырмалар
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар білу керек: Күштік электр тұтынушылары арасындағы электр энергия тарату сұлбасын
Оқушылар меңгеруі керек: күштік тораптарда жүргізілетін электр тартылымдарын
Оқушылар құндылық бағдары болуы: Оқушылар өз бетінше жаңа алған білімдерін тереңдете іздеу
Пәнаралық байланыс:
«Физика», «Электр жабдықтарын монтаждау».
Әдебиеттер:
1. Справочник по монтажу электрических установок промышленных предприятий. М. Энергоатомиздат, 1985г.
2. Смирнов В.Н. Соколов Б.А. Соколова Н.Б. Монтаж электрических установок. М. Энергоатомиздат, 1982г
3.Зюзин А.Ф., Поконов Н.З. «Монтаж эксплуатация и ремонт электрооборудования»
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу . Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Актуализация
Бірінші кезең : Карточкалық тапсырмалар. (Бос ұяшықты толтыру)
Екінші кезең: Тестпен жұмыс істеу
Үшінші кезең: Есеп шығару
Төртінші кезең: Видео ролик(ішкі тартылым жүргізу жұмыстары)
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жоспар:
1. Күштік электр қондырғыларын пайдалану
2. Күштік электр қондырғыларының тарату сұлбалары.
IV Оқытылған материалды тексеру
1.Венн Диаграммасын құрастыру (тораптың радиалды және магистралды желілеріне байланысты )
2.Практикалық жұмыс. (Магнитті іске қосқыштың қосылу сұлбасын жинау)
V Үй жұмысы: Қосымша ақпарат жинау, магниттік іске қосқыштың реверстік қосылу сұлбасын сызып келу
V Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау