ҚМЖ жоспар А. Байтұрсынов Анама хат, Қара бұлт (6-сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып, әдебиет Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері (1873-1938)

Сабақтың мақсаты: Өлеңнің аллегориялық сипаты, мақсатсыз , қайырымсыз еңбектің пайдасыз екендігін түсіндіру.

Сабақтың нәтижесі: Мәнерлеп оқу, ата- ана алдындағы міндетін түсіндіре алу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО, "Ақылдың 6 қалпағы", топтық жұмыс.

Уақы

ты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Қолданы

латын ресурстар

10 минут

Кіріспе

Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыптарға шолу жасау.

Сыныпта жағымды ортаны қалыптастыру, сыныпты екі топқа біріктіру.

Сергиді, топтасады.

"Басбармақ" әдісі

12 минут

Таныстыры

лым

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі "Елшілдік ұран", "Қырық мысал", "Маса", "Қазақ" газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағықажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.

М. Әуезов.

Сын тұрғысынан ойлау.

Өлеңдерді мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап беру. "Қара бұлт" өлеңі.

1. Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?

2. Таудың сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған?

3. Ақын өз ойын қалай қорытқан?

Пікірталас. "Қайырымдылық деген не? Оны кімдерге жасау керек?"

"Анама хат" өлеңі

1. Өлең мен ақын тағдырының арасында қандай байланыс бар?

2. Намыс туралы не білесіңдер?

"Түртіп алу" стратегиясы

Жеке жұмыс жасайды.

Ауызша мадақтау

Оқулық

Әдебиет,

6-сынып

авторлары:

К.Ісләмжанұлы Б. Әрінова,

Р. Баттал,

Е. Арын.

Алматы "Атамұра", 2015 жыл.

18 минут

Негізгі бөлім

Топтық жұмыс жасауға нұсқаулық беріледі.

1-топ. "Қара бұлт" өлеңінің құрылысына талдау жасау

2-топ. "Анама хат" өлеңінің құрылысына талдау жасау.

Сөздікпен жұмыс. Лаухұлмахбұз-діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта.

Өлеңді құрылысына талдайды.

Бағалау

(смайликтер арқылы)

Оқулық

5 минут

Қорытынды

Кері байланыс орнату. "Ақылдың 6 қалпағы"

Үйге тапсырма беру: Өздеріңе ұнаған өлеңді жаттап келіңдер.

Бір-біріне сұрақ береді.

Мұғалімнің бағалауы.

Оқулық

Ұтымды тұстары: ___________________________________________________________________________________________________________

Кедергілер: ________________________________________________________________________________________________________________

Шешу жолдары: ____________________________________________________________________________________________________________

Пән мұғалімі: Г. Тенгебаева


© 2010-2022