Тұрмыс -салт жырлары танымдық сабақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

«Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Жалпымақсаттар

Білімділік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті туралы білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушыларды халық ауыз әдебиет туындыларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты оқушыларды төмндегі гүлдердің аттарына сай топқа бөлемін.

1-раушан гүлдері тобы

2-сарғалдақтар тобы

3-лала гүлдері тобы

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау


  1. Әдебиет не туралы ғылым?

  2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?

  3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?

  4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?

  5. 5- сыныпта біз көрке әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?

  6. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?

Мағынаны тану

Қазақ әдебиеті екіге бөлінеді: біріншісі - ауыз әдебиеті, екіншісі - жазба әдебиет. Ауыз әдебиеті елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі мәнді әңгімелерімен айтылған. Ауыз әдебиетінің шығарушыларының аты - жөні бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтуменсақталған. Ескіліктен қалған ондай сұлу, дәмді сөздерді жалғыз адам ғана біліп қоймайды, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды. Ел болып кейінгілерге көркемдеп, әсерлі етіп айтып беріп отырады. Ауыз әдебиеті осылай пайда болады. Ауыз әдебиетінен елдің даналығын, танымын, тәлімін, мінез- құлқын түгел білеміз.

VІ. Түсінік тексеру:

  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Ауыз әдебиеті деген не?

  3. Жазба әдебиет деген не?

  4. Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?

  5. Ауыз әдебиеті қалай пайда болды?

  6. Ауыз әдебиетінің бізге берері не?

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi,
Орнымыздан тұрып алып.
Жүгiрейiк бiр уақыт,
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық,
Тiк көтерiп, қозғайық,
Тым сылбыр да болмайық.
Алға қарай озбайық,
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

  1. Халық ауыз әдебиетінің түрлері:

  2. Тұмыс - салт жырлары

  3. Ертегілер

  4. Мақал - мәтелдер

  5. Жұмбақтар

  6. Шешендік сөздер

  7. Аңыз - әңгімелер

  8. Батырлар жыры

  9. Ғашықтық жыры

Үй тапсырмасы

1. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік

2.Ертегілер оқу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын арқылы өзін-өзі бағалау

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс



© 2010-2022