Етістіктің рай категориялары туралы

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы 7

Қазақ тілі

Күні:


Тақырыбы

Қалау рай

Мақсаты

Қалау рай, оның жасалу жолы туралы түсінік беру

Күтілетін нәтиже

Оқушылар топтық жұмыс барысында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алады. Танымдық белсенділігін арттыра отырып, басқалардың пікірін тыңдауға, өз бетімен іздену мен қатар жұптық, топтық ізденуге құлшыныс жасай алады.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Қазақ тілі. 7-сынып, интерактивті тақта, ватман, маркер

Сабақтың барысы:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Тұлғааралық байланысты орнату.

Сыныппен амандасу. Топқа бөлу: «Өз затыңды тап»

Өз затын табу арқылы үш топқа бөлінеді.


Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылығын ояту. Топтық жұмыс
«Галереяға саяхат» Тақтаға ашық рай, шартты рай, бұйрық рай деп жазылған плакат ілінеді. Үш топқа үш түрлі маркер беріледі, берілген тақырып бойынша білетіндерін мысалдармен түсіндіріп жазып өту, қол шапалақтағанда уақыт бітіп, сағат тілімен айналып келесі топтың тапсырмасын оқып толықтыратындары болса жазады. Әр топтан бір - бір оқушыдан қалып жазғандарын қорғап шығады.
188- жаттығуды тексеру.

Оқушылар плакатқа жауаптарын жазады.Мысалдар келтіріп дәлелдейді.

Қол шапалақтағанда уақыт бітіп, сағат тілімен айналып келесі топтың тапсырмасын оқып толықтыратындары болса жазады. Әр топтан бір - бір оқушыдан қалып жазғандарын қорғап шығады.

Тұсаукесер

Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс- әрекетті қалауын, бағытталған ынтасы мен ниетін білдіреді.

Жасалу жолы:

  1. -ғы, -гі, -қы, -кі+кел көмекші етістігі

  2. -са, -се +игі еді

  3. -ғай, -гей, -қай, -кей ІІ, ІІІ жақта ғана жіктеледі



Үш жақта тәуелдейді.

Үш жақта жіктейді

ІІ, ІІІ жақта жіктейді

Негізгі бөлім

192- жаттығу



193- жаттығу

Ойын «доп қағу» 1 - топ етістік айтып 2 - топқа доп лақтырады қағып алған оқушы сол етістіктен қалау райлы сөйлем құрайды сөйтіп 3 - топқа лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді.

Берілген қалау райлы етістіктерді жіктейді

І топ- оқығысы келді

ІІ топ- барғайсың

ІІІ топ- айтқысы келді

Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды рай түрлеріне қарай талдайды.

Мысалы: Ойна. Мен шанамен ойнағым келеді. Ол таза ауада ойнаса игі еді. Сен онымен ойнағайсың.


Қорытынды

Сұрақ- жауап

Сұрақтарға жауап береді


Үйге тапсырма.


Ережені жаттау, қалау райлы етістіктерді қатыстырып, «Менің арманым» деген тақырыпта шағын шығарма жазу

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау.












Бағалау парақшасы

Оқушының аты - жөні

«Галереяға саяхат»

Жаттығумен жұмыс

«Доп қағу»

«Ойлан тап»

Қорытынды баға























© 2010-2022