Қазақ пен орыс халқының мақал-мәтелдерін салыстыру

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ пен орыс халқының мақал-мәтелдерін салыстыру

Анафина Н.

С.Торайғыров ат. ПМУ, Мәшһүртану ҒПО

Күнғозина Д.

21 ЖОМ, қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Мақал-мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Олардың көбісі өмір шындығының қорытындысы. Астың дәмін тұз келтіретіні сияқты, сөздің дәмін мақал мен мәтелдер келтіріп, олардың көбісі ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойы тіл құрамында орын тепкен.

Көркемдеуіш мұндай пәлсапалық түйіндер арқылы біз қалжын ойды да, астарлы мағынаны да жеткізе аламыз. Қазақ пен орыс халқының мақал-мәтелдерінің көп бөлігінде түпкі ойы тура айтылмаған, оны жете түсіну үшін бастапқы компонент-сөздер мағынасын жалпы негізгі ойымен салыстырса болды.

Мақал мен мәтелдердің арасында еңбек тақырыбы негізгі болып саналады. Ерінбеген арыстанның аузындағысын алады. Бұл мақалды Ғабиден Мұстафин өзінің «Қарағанды» романында тілге тиек еткен. Және де оған қарама-қарсы мақал: Ерінген аузындағысынан айырылады. Орыс халқының мақалы қазақтың мақалына ұқсастығы бар: еңбексіз тоған судан балықты да аулай алмайсын. Еріншек қолдағы барынан айырылады. Ал еңбекқор болса, бұйырғанын тіпті арыстанның ауызынан алады. ​Аққа құдай жақ мәтелінің тура мағынасы: Алла Тағала о бастан адал адамға мейірін төгеді. Өтіріктің де құйрығы бір-ақ тұтам болса, шындық түбінде бәрін женбек. Орыс елінің де бұған мағыналас мақалдары қай жер мейлі, қай ел болсын, шындықты көксейтінін жеткізбек. Аққа жақ ел байғұстар келіп қалыпты, ризамын бәріне де. (Ғабит Мүсіреповтың «Оянған өлке» романынан үзінді).

Мазмұны тікелей, біркелкі дәл келді. Құрбай Танабекұлы болса, халық қамы дегенде көкірегінен жалын атып жүрген еніреген ердің бірі. (Қ.М. Өзіме де сол керек).

Ит терісін басына қаптау. Тура мағынасы: иттің терісін басына кию. Ал ауыспалы мағынада: біреуді қарғап-сілеу. Орыс тілінде бұл мақал бірнеше мағынан береді: Басты сабындау, жоңқаны жону, жерден алып, жерге салу, басына қара бұлт төндіру.

Мақал барлығына бір «басына» - «голова»сөзімен біріктірілген. Сол жолы Нұртаза болыстың ит терісін басына қаптағаныңыз әлі есімде. (Т.Ә. Кертолғау).

Жүрегі қарс айырылу. Тура мағынасы: адам жүрегінің тілім-тілім болып жұлынып кетуі. Тура мағынасы: өзгелер үшін ет жүрегі елжіреу. Орыс тілінде бұл мақал былай: Жүрек қанға толы. Жүрек қақ айырылды. Тура мағынада айтылған сияқты болып көрінгенімен, мақал мен мәтелдердің мағынасы тереңде. Өйткені, әр халық жан дүниесін сезім арқылы жеткізген. Нәтижесінде, мағынасы жағынан біркелкі болатын, балама мәні бар ойлар пайда болды. Елінің егемендігі мен бақыты үшін жанын пида етуші. Ал ондай адамдарды орыс елінде Жаужүрек сері дейді. Бұл сөз саптаулар сөзбе-сөз сәйкес келіп, құрамдас болып келеді.

Ақбала бұл таңды ұйқысыз атырды. Ауық-ауық тынысын тереңнен тартып жүрегі қарс айрыла күрсініп қояды. (Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы ).

Адамдардың толықтай ұқсастығы немесе көзқарастарының бірдей болуын мақұлдайтын, міңездеме-салыстыруды қарастырғанда қазақ халқының мақалдарына жүгінуге болады: ағама женгем сай, апама жездем сай. Тура мағынасы: ағама өзінің жары, ал апама сүйіп қосылған жары ұқсайды. Орыс фразеологизмы екі адамның ұқсастығын ғана көрсетіп қоймай, оларға деген теріс қарым-қатынасты да білдіреді. Қазақтарда болсын, орыстарда болсын, бірдей түсіндірме тең келеді. Біріне-бірі сай. біреуі екіншісінен асқан. Ағама женгем сай, апама жездем сай демекші, өзіңе балаң да сайма-сай екен ғой. (ҚЕ).

Қазақ пен орыс нақылдарының образды негізінде түйісетін жерлері көп. Адам міңезінің ерекшелігі әртүрлі. Бұл ерекшелікті бейнелейтін Фразеология да түрліше болып келеді. Мысалға, жағасы жайлау, төбесі қыстау. Тура мағынасы: барлығы үшін сүйеніш, бауырмал, сезімтал адам.

Жаған жайлау, төбең қыстау аға едің, қалай шыдайын. Қасыңда мылтықты адамдар жүрген соң, қоштасуға жасырын келдім. (Ғабиден Мұстафин «Дауылдан кейін» романынан үзінді).

Мәтел Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда. Бірақ аяғыңды етігің қысса, дүниенің кеңдігінен не пайда? (М.Ә. Шығ.) Егер жан-жақтан қысым көрсең, жер-жаһанның кеңдігінен не пайда? Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей. Ықтиярлық пен еңбек барлығын женбек. Еңбек етпеген, тамақ жемеген. Қазақта Табан ақы, маңдай тер. Тура мағынада: әр басқан қадамына ақы төлеу, маңдайдан терің сорғалау.

Көркем әдебиет шығармаларында фразеологизмдер көбінде қандай да бір көріністі және олардың қатынасушыларын суреттеуде мағыналық орталық болып қолданылады.

Көріп тұрғанымыздай орыс елдерінінің мақалдарында да адамның жақсы қасиеттерін көрсете алатын фразеологиялық орамдар болады. Ұжымда мінезі жағынан, көзқарасымен, айналасынан әдеттері де өзгеше адамдарды байқамау мүмкін емес. Мұндай адам қара қарғалар арасындағы ақ қарға сияқты, ақ қойлардың арасындағы қара тоқты сияқты көзге бірден түсе қалады. Бұл салыстырулар қайдан алынған? Ойлап тапқандар да кім?

Бұл салыстырулар аспаннан алынбаған, осы фразеологизмдер, адамды жануарға ұқсату, әртүрлі халықтардың фразеологизмдерінде ертеден келе жатыр. Мәселен, өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде адам таппас ісім бар. Орыс тілінде бұл мақалға тура мағына жақынырақ: басына түссе баспақшыл.

Барлығы да қаз қалпында. Берілген бұл мақал қарапайым емес, ол ежелгі сиқыр формуласының бір бөлігі. Кезінде, арбаушы әжейлер науқастанған балаларды «оқытылған сумен» шайған кезде, моншада шомылдырғанда, іштей күбірлеп: «Барлығы да қаз қалпында, ал біздің бойымыздан жүдейлік кетсін (яғни, ауру)» деп айтқан. Мінез-құлықтың әртүрлілігі де өзімізге деген қарым-қатынастың да әр түрлі болатынын көрсетеді: масаттану, мысқылдау, ашықтан-ашық айыптау сияқты. Қазақ тілінде: Айтқаны өтіп, атқаны жетіп тұр. Тура мағынада: не десе де, өзгелер тілін алады, ал оқ атса нысанаға дәл тигізеді. Жоғарғы қызмет дәрежесі бар адам, көпке сөзі өтімді, ықпалы бар адамдарға айтылатын сөздер бұл.

Қазақтар айтпақшы: Өз үйім, кең сарайдай боз үйім. Тура мағынада: өзімнің үйіме жетер орын жоқ, тербелген бесігімдей; әркімге лашық болса да, өз үйі сарайдан кем емес. Бұл мәтелге Эквивалент көпке мәлім: қонақта жақсы, үйде одан да жақсы. Жиренше шешен хан ордасынан үйіне келіп, күркесінен сирағы шығып жатып: «Айқай өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - дейді екен. (ҚЕ.)

Адамды ісіне қарап бағалайды. Бұндай тәсіл мақал мен мәтелдерде қолданылады ма екен? Әрине. Мұртына қарай іскегі, сабасына қарай піспегі мақалы соны дәлелдемек.

Біз қарастырып жатқан мақал мен мәтелдердің көбісінің образды негізі қасиеті жағынан адамдардың құс-жануарларға ұқсастығында жатыр. Қазақтың: Түйені түгімен, биені жүгімен жұтқаннақылын алып қарасақ, тура мағынасы түйені кәдімгідей ауызымен жұта салғанды білдіреді, әлбетте бұл мүмкін емес. Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романында былай деп жазған: Патша әкімдері - тұйені түгімен, биені жүгімен жұтса да тоймайтындар. Алдарына келгенде олардын табар сылтаулары көп. Орыс пен қазақ мақалдарындағы қорқақтық, сараңдық сияқты мақалдардың көрініс тапқанына көз жеткіздік.

Көптеген орамдар бар, әрекетті туғызатын мұндай сөздер арқылы адамның ішкі қасиетін жеткізуге болады: олар тура немесе метафорикалық деп аталады. Мысалы, Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу мақалы.

Адамның мінез-құлқын әрекеті арқылы жеткізетін Фразеология арасында екі елдің де мақал мен мәтелдерінде толық эквиваленттер жиі кездеседі. Ешкімге зияны жоқ адам туралы орыстар: масаны да өкпелетпес десе, қазақтар қой аузынан шөп алмас дейді. Әбдірәбидің әкесі - қой аузынан шөп алмас момын адам. (Ж.Шәк. Үш дос).

Әр түрлі тілдердің образды фразеологизмдері толықтай сәйкес келмейді. Мысалға, қазақтарда кесілген үзім деген фразеологиялық тіркесті кездестіру қиын. Қазақтар оны шіріген жұмыртқадеп қолданған. Бастапқыда есейіп кетіп, қазынаға кенелген балалар туралы былай деген, ал қазір ол көбінде көңіл қалдырған адамға айтылады.

Тура мағынасы - бұзылып кеткен жұмыртқа, қолдануға келмейді, тағам түріндегі зат. Ал ауыспалы мағынада: әкенің маңдай терісін, ананың ақ сүтін ақтамаған жолы болмағыр адамға «шіріген бір жұмыртқа» деп лағынеттеген. Найманның ішінде шіріген жұмыртқа бар, білемін, Мұқтар Әуезов деген екен.

Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты. Тура жеткізсек, аудармасы былай: жер астынан пәле шығып, тұтқиылдан соғуға даяр тұр. Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты! Айналайын Ермекжан, құтқар мынадан! - деп Аманды қаралап зарлағанда Жақыптың жуырда жағы сенбеді. ( Ғабиден Мұстафин «Дауылдан кейін» романынан үзінді). Айтпақшы, мақал мен мәтелдерді аудару басында оңай болып көрінгенімен, кей кезде қиынға соғады. Қазір енді, ескі әлемнен мұра болған мақалды зерделейік, ол кезде қолы ашық адамның қолын кедейлік байлаған заман еді. Жоқтық Жомарттың қолын байлайды. Орыс тілінде бұл мақал жоққа сот та жоқ, от та жоқ. Қазақ әдебиетінің классигіҒабит Мүсіреповтың «Шығанақ» романында: Дәмге ұяттымыз... Жоқтық Жомарттың қолын байлаған.

Қазақ пен орыс мақал-мәтелдерінің әлемін салыстырғанымызда, біз олардың қаншалықты бай екендігіне, түрліобраздылығына көз жеткіздік. Қолдану иллюстрациясы үшін классиктерден, заманауи қазақ-орыс әдебиетінен мысал-текстер келтірілген. Қазіргі заманда мақал-мәтелдерді қолданудың мәні бар ма? Әлбетте. Өзіміздің сөзімізде фразеологияны қолдансақ, тіл байлығымызды көрсетеміз. Жастайынан бала тілі шыққаннан бері, сөйлегенде грамматиканың барлық қағидаларымен сөйлем құрап, септеп жатқанын білмей, тіпті, мұндай ережелердің бар екендігін де сезбейді. Мұғалімнің басты міндеті - оқушыны көркем әдебиеттің бай қазынасына жүгінуге ынталандыру. Тек көп оқып, зерделеген адам ғана мақал мен мәтелдер білімімен жарқылдай алады.

Литература

Кожахметова Х.К., Жайсакова З.Е., Кожахметова Ш.О. Қазақша- орыша фразеологиялық сөздік. Казахско-русский фразеологический словарь. - Алма-Ата, Издательство «Мектеп», 1988г., 224 стр.

Григорян Л.Т. Язык мой - друг мой. Пособие для учителей. Москва, Издательство «Просвещение», 1976г., 224 стр.

Казахская литература: учебное пособие для 7 класса. Сост.: Сариева К.Н., Махракова И.Р., Молдахметова З.Н., Ставицкая Н.Н. - Алматы, ЗАО «Жеті жарғы», 1999г., 312 стр.

Солодуб Ю.П. Путешествие в мир фразеологии, Пособие для учащихся старших классов средней школы. - Москва, издательство «Просвещение», 1981 г., 64 стр.

Особенности народной педагогики и воспитания представителей казахского этноса.Сборник. - Москва, База знаний ALLBEST, сайт Allbest. ru, 29.06.2010г. - 38,1 К

Теги: пословицы, фразеологизмы, соответствие, перевод, образное выражение

Аннотации

Авторы статьи для иллюстраций употребления пословиц и поговорок в казахском и русском языке приводят примеры из художественных текстов, сравнивая полные эквиваленты, которые совпадают по своему содержанию.

Authors of article for illustration using proverbs and sayings in Kazakh and Russian languages make the examples from art texts, compare comprehensive equivalents, which coincide with there own content.

Рецензия

Данная статья авторов служит для расширения словарного запаса учащихся средней школы, изучающих казахский и русский языки. В качестве иллюстративного материала, показывающего употребление пословиц и поговорок казахского и русского народов, используются тексты-примеры из художественной литературы и фольклора. В статье в интересной форме дано сравнительно-сопоставительное описание некоторых фразеологизмов.

Пікір

Осы мақаланың авторлары қазақ пен орыс халықтарының мақал мен мәтелдерінен біртұтастықты табу арқылы, оларды теңдестіреді. Салыстырмалы түрдегі бейнелеуді дәлелдеу үшін авторлар классикалық мәтіндерге, қазіргі көркем әдебиет пен фольклорға жүгінеді. Бұл жұмыс орта мектептердегі филолог мұғалімдердің аса қызығушылығын тудыру отыр.




© 2010-2022