Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл

1-Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күн шығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке – менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!2-Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, сақар тау, кербез орман көркем бел, лебі жұпар ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер!1-Отаным ордасы ғой йгіліктің,Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың.Шаңырағы он бес орда тең биіктеп,Баянды бағы өрлеген жүз бір ұлттың.2-Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұ...
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

Фанфар:

1-Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күн шығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

2-Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, сақар тау, кербез орман көркем бел, лебі жұпар ерке жел. Жанға сая панамыз - Қазақстан көркем жер!

1-Отаным ордасы ғой йгіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күллі жұрттың.

Шаңырағы он бес орда тең биіктеп,

Баянды бағы өрлеген жүз бір ұлттың.

2-Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұлы ұғым жоқ. Бейбітшілік елін мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді. «Туған Отан - жан мекен, сенен асыл бар ма екен?» деп Арменияның ақын қызы Сильва Капутикян жырлағандай, барша халықтың тағдырын бұртұтас етіп табыстырған, ой - арманын бір арманға тоғыстырған - Ұлы Отанға - Қазақстанға деген сүйіспеншілік.

1-Қазақ жерінде тұрып жатқан туыстас бауырларымыз үшін қабылданған Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл толуына арналған шағын концертімізді қабыл алыңыздар.

2-Қазақстан - бүгін міне жеке отау салтанатты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір - біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай күн нұрына таласқан!

Құттықтау сөз ішкі саясат бөлімінің бас маманы Майбалаева Әлияға беріледі.

Би: Жорға тобының орындауында «Қазақ» биін қабыл алыңыздар.

1-Бүгінгінің биігін көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.

2-Қазақстан бүгін міне достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар - бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Ән: Иният Шерхен мен Асамаддин Бекзаттың орындауында Үндінің «Тум-хи-хо» әнін қабыл алыңыздар.

1-Бүгін міне өрекендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға.

Самға,самға өс, өркенде жайна елім, аршында!

2-Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Би: Шарипова Жазираның орындауында «Араб » биін қабыл алыңыздар.

1-Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

Би:9 «б» сынып қыздарының орындауында «Украин» биін қабыл алыңыздар.

Би: 5 «а» сыныбының орындауында «Өзбек» биін қабыл алыңыздар.

2-Қадірменді бір досымыз-өзбегім,

Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.

Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің ,

Өз көзімдей күлімдейді көздерің.

Дәм-тұзымыз араласпыз әріден,

Дастархандар жайылады сәнімен.

Палауың мен бесбармағың сыбайлас,

Кезек жейміз алма, өрік дәмінен.

Ән: Жаманқұлова Заринаның орындауында «Севгилим» әнін қабыл алыңыздар.

Би: Ораз Рәбияның орындауында «Өзбек» биін қабыл алыңыздар.

1-Қазақстан - жеңісті дана күндер

Қазақстан - толқынды дала күндер.

Қазақстан - әлемді елеңдетіп,

Байқоңырдан зулаған корабльдер.

Би: Тлесбекова Ақеркенің орындауындағы «Үнді» биін қабыл алыңыздар.

2-Қазақ озса ол - қырғыздың мерейі

Қырғыз озса ол - қазақтың мерейі

Қазақ-қырғыз туссыңдар, доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар

Дос туыстар көп болса да дүниеде

Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

Би: 7 «ә» сыныбының орындауында «Қырғыз» биін тамашалаңыздар.

Би: 8 «б» сыныбының орындауында «Өзбек» биін қабыл алыңыздар.

1-Кім сүймейді ет жақынын туысын

Орыс халқы - туысымның бірісің.

Тұрды биік Туымыздай бұл достық

Ел басына төнген кезде ұлы сын.

Би: 7 «б» сыныбының орындауында «Орыс» биін қабыл алыңыздар.

2- Достық тапса діндер менен білімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Би:9 «ә» сыныбының орындауында «Үнді» биін қабыл алыңыздар.

1-Құрметті қонақтар осымен біздің Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жыл толуына арналған шағын концертіміз өз мәресіне жетті, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

© 2010-2022