Жай сөйлемнің түрлерін қайталау

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем түрлерінен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Жай сөйлем түрлерінен алған білімдерін тиянақтау,қайталау;

2.Ана тілінің қадір-қасиетін түсініп,құрметтеуге баулу;

3.Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,өз ойын еркін жеткізуге білуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі:ұжымдық ойлау әдісі

Сабақтың түрі:жарыс сабақ

Пәнаралық байланыс:әдебиет,ағылшын тілі,орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд материалдары,жетондар

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру

«Кемпірқосақ» тренинг

Оқушылардың сабаққа деген зейінін аудару, көңіл -күйлерін көтеру мақсатында тренинг өткізу. (Алдын- ала дайындалып қойылған ақ параққа салынған тұзды түрлі -түсті бормен бояп, бір ыдысқа жинап, әр түске сипаттама беру)

ҚЫЗЫЛ- ұжымдықтың белгісі

ЖАСЫЛ- нәтиже шығарайық

САРҒЫШ- көтеріңкі көңіл күй

КӨКШІЛ- ерекше күн

КӨК - бір-бірінен өзгеше

КҮЛГІН - тату -тәтті болайық

ҚЫЗҒЫЛТ - бар күшімізді салайық

Сонымен балалар, бүгін бізде ерекше күн, біз ұжымда, бірақ та бір-бірімізден өзгеше, көтеріңкі көңіл күймен ашық сабағымызды өткізіп, нәтиже шығаруымыз керек.

ІІ.Жаңа сабақ.1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.Сайыс 6 асудан тұрады.Жауап берген оқушы жетонмен бағаланады.Сайыс соңында жетон саналады,қай топ көп жетон жинаса,сол топ жеңімпаз болады.

І асу .Бәйге.Әр топқа 10 сұрақ беріледі.

І-топ.

1.Бастауышты мүлдем керек етпейтін сөйлем қалай аталады?

2.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

3.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата.

4.Көбіне одағай қатысатын сөйлем түрін ата.

5.Жайылма сөйлем дегеніміз не?

6.Қандай сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз?

7.Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемнің түрі

8.Толымсыз сөйлем дегеніміз не?

9.Тұрлаусыз мүшелерді ата.

10.Сөйлем дегеніміз не?

ІІ-топ.1.Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемді не дейді?

2.Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем.

3.Жақсыз сөйлем дегеніміз не?

4.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

5.Сөйлем құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?

6. «Инемен құдық қазғандай» тіркесінің мағынасы қандай?

7.Толымды сөйлем дегеніміз не?

8.Сөз таптарын ата.

9.Тек бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем.

10.Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?

ІІ асу. Кім жылдам

Жақты ма, жақсыз ба?

1. Мәскеуге барып келді.

2. Бізге өнер - білім керек.

3. Ертең серуенге шығамыз.

4. Оның айтқанын түсініп болмайды.

5. Менің қарап отырғым келмейді.

6. Оның іші пысты.

ІІІ асу. Семантикалық карта

Р/с

Сөйлем

Жай сөйлем түрлері

Жақты

Жақсыз

Атаулы

1

Мен ауылға бардым.

2

Менің оқығым келеді.

3

Кітап - білім бұлағы.

4

Енді бірге оқымасқа болмайды.

5

Сен ертең мұнда кел.

6

Қыс.

7

Қара бұйра жер.


ІҮ асу. Оқулықпен жұмыс.

89-жаттығу

Жыр үзіндісінің мазмұнын жай сөйлемнің түрлерімен жазып шығыңдар

Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырыңыз.

1.Қазақстан көптеген мөлшерде астық, ет, жүн

және басқа өнімдерді экспортқа шығарады.

2.Қазақстанда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

3. Әлемдік тәжірибе қолданылады.

4. Мақта өңдейтін кәсіпорындар шоғырланған.

5. Қазақстанда аса ірі металлургия компаниялары

жұмыс істейді.

6. Қазақстанның оңтүстік аймағында мақта егіледі.

7. Қазақстанда қой шаруашылығы бұрыннан дамыған.

8. Республикада энергетика өнімдері мол.

Үасу.Графикалық диктант.

1.Кәрі түлкі қақпанға түспес.

2.Еңбек адамның бағын ашады.

3.Адал досың алтыннан қымбат.

4.Талапты ерге нұр жауар.

5.Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

6.Мақтаншақ бар ақылын мақтанумен тауысады.

ҮІасу. Талдау табыс кілті

Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.

Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:

Лепті, сұраулы, хабарлы, бұйрықты

Құрылысына қарай:

1. Жай сөйлем 2.Құрмалас сөйлем.

Сөйлем мүшелері:

а)Бастауыш;ә) Баяндауыш;б) Пысықтауыш;

в) Толықтауыш;Е) Пысықтауыш

Жай сөйлемнің түрлері:

а) Жақты, жақсыз; ә)Жалаң, жайылма;

б) Толымды, толымсыз; в)Атаулы

Сөздердің байланысу түрлері:

а)қиысу; ә)меңгеру; б) матасу; в) қабысу; г)жанасу.

Сөздердің байланысу тәсілдері:

а) интонация;ә)жалғаулар;б) септеулік

шылаулар; в) орын тәртібі.

Достық

Құрамына қарай:

Тұлғасына қарай:

а) Негізгі түбір ә) Туынды түбір

Құрылысына қарай:

а) Дара ә) Күрделі

Лексикалық мағынасы:

Грамматикалық мағынасы:

а) Жалпы -грамматикалық мағына;

ә) Категориялық-грамматикалық мағына;

б) Қатыстық-грамматикалық мағына.

Сұрағы

Жай сөйлемнің түрлерін қайталау

Еңбек еткен емеді,

Еңбексіз не өнеді.

Қорытындылау. Ұпай санын есептеу.Жеңімпаз топты анықтау.

Үй тапсырмасын беру. Ғажайып тіл.

Берілген тақырыптар бойынша мәтін жазу.

«Әдептілік - әдемілік», «Тәуелсіздік - тұғырым», «Елін қорғау - азамат парызы», «Қызықты кітап», «Қыс қызығы» тақырыптары

Бағалау.

© 2010-2022