Доклад по теме ЕНТ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге

ағылшын тілі пәні бойынша дайындаудың тиімді әдіс- тәсілдері.

Баяндамамды елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Ағылшын тілі- ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл»- деген сөздерімен бастағанды жөн көрдім.

ХХІ ғасыр техниканың, білімнің ғасыры, сондықтан бүгінгі таңда заманына сай зерделі ой-өрісі жоғары азамтты қалыптастыру мемлекетіміздің негізгі стратегиясы болып отыр. Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне кіріктіру мемлекетіміздің басты мақсаты. Еліміздің тізгінін ұстаушы жас ұрпақты білімді, білікті, шығармашыл етіп оқыту мен тәрбиелеу біздердің, яғни ұстаздардың парызы. Себебі еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында емес пе!?

Ғылым мен білімнің қарышты дамуына, еліміздің болашағына қызмет ету - бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының негізгі міндеті екені баршамызға аян.

Сол міндетті жүзеге асыру, жеткіншек жас ұрпаққа терең де тиянақты білім беруден бастау алады. «Балам дейтін жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады»-деген екен қазақтың ұлтжанды педагог ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы.

Білім беруді дамыту мен нәтижелеуде, өздеріңізге аян, бірыңғай ұлттық тестілеуді енгізу ұсынылған. Ұлттық тесттің мақсаты мектеп бітіруші түлектердің негізгі төрт пән және таңдау пәндері бойынша бағдарламаны қаншалықты меңгергенін анықтау. Бағдарлама - мемлекеттік құжат, оны толық меңгеру , оқушыға меңгерту - мұғалімнің ең басты міндеті. Мектеп сол арқылы оқушыларды ертеңгі өмірге даярлайды. Оқушының болашағына, бір мамандықты меңгеруіне жағдай жасайды. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында ҚР білім және ғылым министрлігі ұсынып бекіткен сыныптарға арналған оқулықтарды міндетті түрде негізге ала отырып, ағылшын тілі пәнінен тақырыптар, түрлі нұсқадағы тест тапсырмалары , жаттығуларды оқушыларға бере отырып, сол тапсырмалардың дұрыс жауабын, шешімін табуда бағыт-бағдар, теориялық, практикалық білім бере отырып, оқушылардың бойында өздігімен жұмыс жасау қабілеттерін, іздену, талдау, дұрыс шешім қабылдау сияқты қасиеттерін арттыру мақсатында тақырыптар бойынша белгіленген жоспармен жұмыс жасауды жөн деп санаймын.

ҰБТ-ға дайындау барысында мынадай тәжірибелерді басшылыққа аламын:

  1. Жалпыға бірдей талап қою.

  2. Мектеп ішінде өтілген сынақ тестерінің болуын жүйемен қадағалау.

  3. Тапсырмалар беру, оның орындалуын қадағалау.

  4. Мынадай тест түрлерін пайдаланамын: жабық тест, ашық тест, картамен жұмыс, сызба - кестемен жұмыс.

Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету мұғалімнің ең басты міндеті.

Оқушылардың оқудағы жетістігін бағалаудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі бірыңғай ұлттық тест болып табылады.

Ұ.Б.Т. дегеніміз - мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды атестаттаудың бір түрі.

Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет.

Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай оны іс жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ге оқушыларды дайындауға тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет.


  1. ҰБТ - ның мақсаты:

  • ҰБТ - жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізу.

  • Білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жұмысын құру.

ҰБТ -ның жоғарғы нәтижесі 11 сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ге дайындаудың басты тұлғасы - оқытушы.

Мұғалімге қойылатын талаптар:

  • оқушылардың таңдау себептерін анықтау

  • пәндік оқытуды ұйымдастыру

  • тиімді технологияларды пайдалану

Сонымен мұғалім ҰБТ-ге дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?

Мақсаттар:

  1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс.

  2. ҰБТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру.

  3. Оқушыларды 100 % оқу үлгеріміне талаптандыру.

  4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

Мектеп бітірушілердің ҰБТ барысында төртінші пән - ағылшын тілінің маңызы зор.

Ағылшын тілі пәні бойынша тест тапсырмалары мемлекеттік стандарт негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Орфография

  2. Лексика /синоним, антоним, лексикалық бірліктер тіркестері/

  3. Перефраза, аударма

  4. Сөз таптары

  5. Синтаксис, сөйлемдер, райлар, жақсыз сөйлемдер

  6. Мәтінмен жұмыс

  7. Елтану /Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ/

Бүгінде ақпаратты технологияның мектептерде қолданылуы бізге үлкен жол ашып отыр.

Қазіргі таңда ағылшын тілі 11 сынып оқушыларының таңдау пәні негізінде жоғары сұранысқа ие. Шет тілін меңгеру арқылы жарқын болашаққа жол ашылатындығын оқушылар жақсы біледі.

Ағылшын тілі бойынша ҰБТ-ге екі бағытта дайындау басты негізге алынады:

  1. Теориялық бағыт бойынша оқушыларды ағылшын тілінен ережені есте сақтау, және оны жаттау жұмыстары арқылы жүргізіледі.

  2. Грамматикалық бағыт бойынша сол ережелерді жаттығу, тест, бақылау жұмыстарында қолданылуы арқылы жүргізіледі.

«Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі - қазіргі заманның қажеттілігі» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткеніндей қазіргі заман ағымына сай, білім беру пән мұғалімнен жауапкершілікті талап етеді.



Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия



«Оқушыларды ҰБТ-ға ағылшын тілі пәні бойынша дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері»



Дайындаған: Н.Ш. Талипова



Қаратау-2014

© 2010-2022