Коучинг жоспары: Оқыту мен оқуда АКТ қолдану

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг өткізу жоспары №3

Күні: 20.12.2014 жыл

Коуч: Нусипалиева Рауан

Сабақтың тақырыбы:

Оқыту мен оқуда АКТ қолдану

Жалпы мақсаты:

  • АКТ-ны сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу.

  • АКТ түрлерімен, тиімді қолдану тәсілдерімен таныстыру.

  • Коучингке қатысқан мұғалімдердің пән саласы бойынша электронды оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқытуда күтілетін нәтижелер

  • Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастыру үшін ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқытуды ұйымдастырады.

  • АКТ құралдарын сыныпта тиімді ендіреді, АКТ-ны мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқытудың қолданыстағы құралы ретінде қолданады.

  • Өз пәндері бойынша электронды оқулықпен жұмыс істеуді меңгереді.

Дереккөздер


  • Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей

  • Swf files Ғаламдық жылыну

  • 2_L2W3D1_Ғаламдық жылыну.doc

  • Primary ICT kaz.flv

  • Коучингке қатысатын мұғалімдердің жүргізетін пәндері бойынша электронды оқулық

  • 2-коучинг бойынша презентация

Ресурстар

Стикерлер, қаламдар, қағаз.

Түйінді идеялар:

АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.

АКТ-ны оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі, оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну, тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру, шығармашылықты қалыптастыру құралы ретінде пайдаланады.

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер:

Жаттығулар

Жаттығудың мазмұны

Жұмыс әдісі

Уақыт

Бастапқы байланыс

Коучингке дейін мұғалімдердің АКТ бойынша білімдерін анықтау.

Сұрақнама

5 мин

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» биіне сергіту сәті

3 мин

Жұпқа бөлу

Конфет арқылы жүргізіледі.

2 мин

Коучингтің тақырыбын негіздеу

Каким будет мир через 20 лет.mp4 видеофильмін тамашалау

Түрткі сауал: Ақпараттық технологиялар дәл бүгінгі күні қандай салаларда кездеседі, қолданылады?

Видеофильм

13 мин

Постер дайындау

Жұптар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - мектепте» тақырыбында постер дайындап, қорғайды.

Тұжырымдамалық карта

15 мин

Видео-материал

Мұғалімдерге «Ғаламдық жылыну» ресурс парағы таратылып беріледі. Мұғалімдер онымен танысып, не түсінгендерін, негізгі идеясын айтады. Содан кейін «Ғаламдық жылыну» компьютерлік анимациясын көрсетемін.

Талқылау сұрағы:

  • Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

  • Бұл жерде АКТ -ны қолданудағы мақсат неде?

Аннимация

Талқылау

15 мин

Primary ICT kaz.flv 6 оқиға желісі көрсетіледі.

Жетелеуіш сұрақтар:

  • Осы видеоматериалды қандай мақсатта қолдануға болады?

  • Қандай пәндерге тиімді?

  • Оқушы үшін қай жағынан маңызды?

Видеоматериал

15 мин

Электронды оқулық

Коучингке қатысқан мұғалімдердің пән саласы бойынша электронды оқулықпен жұмыс істеуге үйрету, тиімділігін бағалау.

Тренинг

20 мин

Кері байланыс

Блоб ағашы

Сұрақнама

2 мин

Оқуға арналған тапсырмалар:

  • Мұғалімнің ІІ деңгейге арналған нұсқаулығы.

  • Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану (110-бет)

  • Өз тәжірибеңізге АКТ -ны қолдана отырып, оқушылардың өз бетінше білім алуға ықпал жасайтындай сабақ жоспарын әзірлеп, жүзеге асыру.



© 2010-2022