Конспект урока по казахской литературе (6 класс)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №23

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 6Б

Күні: 22.02.16

Сабақтың тақырыбы:І.Жансүгіров «Көкшетау». («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Мақсаттар:1.Өлеңді қорытып талдау,өз ой-сезімдерін айта білуге үйрету, қазақ халқының ұлы перзенттерінің өмірімен таныстыру .
2.Оқушылардың сөздік қорын,тіл байлығын,ой-өрісін дамыту.
3.Туған жеріміздің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
4.Көкшетаудың географиялық жағдайын ,табиғат сұлулығын таныту.
1.Ұйымдастыру кезеңі.-Сәлеметсіздер ме , балалар?
-Қазір бізде қандай сабақ ?
-Қазақ әдебиеті.
-Бүгін ауа-райы қандай ?
-Жақсы ,күн жылы,күн жарқырап тұр.
-Иә, бүгінгі күн тамаша болса, сендер сабаққа тамаша дайындалып келген шығарсыңдар ,деп ойлаймын . .Дайындықтарыңды суретпен көрсетіңдерші. Оқушылар сурет арқылы қуаныш,реніш бейнесін көрсетеді.
Сабақтың ұраны-«Туған жердің жері де жұмсақ , ауасы да-шипа». Оны қалай түсінесіңдер?
2.Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру:
1 ) ой шақыру-«Миға шабуыл»:- Қазір сендердің назарларыңызға фильмді ұсынамыз.
Оны қарап мынадай сұрақтарға жауап беріңіздер.
1 топ- нені естідіңіздер?
2 топ-нені сездіңіздер?
3 топ-нені көрдіңіздер?
2) фильмді көру.
Ал ,балалар,нені естідік, нені сездік,нені көрдік?
1 топ-Мен құстардың, малдың дауысын естідім.Судын сылдырын естідім.
2 топ-Мен қуанышты ,тыныштықты, таңданысты, масаттануды сезіп отырдым. Табиғат қандай тамаша.Осы жерге барып демалғым келеді.
3топ-Мен көрікті жерлерді,тау,көлдерді,
шалғындарды,орман,тоғай,құстар,жануарларды көрдім .
.Сендер қалай ойлайсыңдар бұл жер қайда орналасқан? Осындай сұлу жер Қазақстанда орналасқан.Ол Көкшетау деп аталады .Орысша Синегорье.Көкшетауды екінші Швейцария деп атайды.Көкшетаудың сексен көлі бар. Балалар ,қуанышқа орай, бұл жер туралы көп шығармалар жазылған. Ал бүгінгі сабақта біз І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан алынған «Көкшетау» деген үзіндімен танысамыз.
3)сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
4.Жаңа тақырып :
1)кітаппен жұмыс. Енді кітаптарды ашайық , 57 бет.Өлеңге көшейік.
1.Мұғалім мәнерлеп оқиды.
2.Оқушылар өз бетінше оқиды. Балалар, өлеңді оқығанда таныс емес сөздердің астын сызындар. Оқушылар дауыстап мәнерлеп өлеңді оқиды.
2)сөздік жұмыс. Ал , балалар, қандай сөздер түсініксіз?
Тасқындаған ағын судай-таудан су ағып-жатқандай
Тоғай маужыраған-ұйықтап-қалған орман
Көл жаудыраған- жарқыраған көл
Малта тас-галька
Маржан-коралл
Ақық-перламутр ,сердолик
Меруерт-жемчуг
Төгіліп көкжиекке саудыраған- рассыпались со звоном
на горизонте
Оқжетпес оқшырайып, өрлеп кеткен- тау биіктеп ,
жоғарға ұмтылды
Бура тастар-ірі тас
Қия құз-шын
Сарай-дворец
Сәндеп шөккен- көлді айналып отыр
Жер жаннаты-жұмақ
Жомарт-қолы ашық
Дастарқанды-ырысты , құтты жер
Момақан-мейірімді
Шипа-целебный
Дерт-болезнь
Ала шұбар-көлдің беті ала
Масаты жағасы -жібектей
Сонымен Ілияс Жансүгіров осындай шеберлікпен Көкшетаудың табиғатын суреттейді.
3)сәйкестендіру. Ал енді ,балалар, келесі тапсырма мынадай:казір суреттер кетеді , сендер бұл суреттерге сәйкес өлең жолдарын табыңдар.
Жарайсыңдар ,балалар . Ақын нағыз суретші ,әр шұмақ бойынша сурет салуға бола алады.
4) әдеби теорияға байланысты сөздерді табу. Осындай тамаша өлең әдеби теориясымен байланысты сөздермен көркейіп тұр. Мұнда теңеу бар ма? Кейіптеу бар ма? Эпитет бар ма? Теңеу дегеніміз не? Кейіптеу, эпитет ол не?
Теңеу -затты тура мағынасында емес,ауыспалы басқа мағынамен салыстырып көрсету.Теңеу жасайтын жұрнақтар:-дай,-дей,-тай,-тей,-ша,-ше.
Ал кейіптеу дегеніміз не?
Кейіптеу-жансыз заттарға ,табиғат құбылыстарына адамның әрекет-сезімдерін теңеп суреттерді кейіптеу дейді.
Эпитет-бір заттың түр-түсін басқа заттың түр-түсімен салыстырып көрсету.Эпитет заттың қандай екенін анықтап, анықтайтын сөзінің алдында келеді.
Топпен жұмыс
1 топ-теңеуді табу
2 топ-кейіптеуді табу
3 топ-эпитетті табу
Тексеру. Жарайсыңдар , балалар. Енді кішкене демалайық.
5) сергіту сәті : Мен ағашпын, мен желмін, мен құспын, мен өзенмін.
Рақмет , балалар.
6)салыстыру: Сонымен , балалар , бұл өлең не туралы? Оның авторы кім ?
Көкшетауды тек қана жалғыз Ілияс жырлаған жоқ . Ол туралы Сәкен де жазған.Өткен сабақта біз оның қандай шығармасымен таныстық? «Дала.» деген өлеңімен .Оны қайталайық. Ал ,балалар, Сәкеннің де өмірін еске түсірейік. кестені толтырамыз.
Аса көрнекті ақын ,қоғам қайраткері. Туған жері-Қарағанды облысы ,Жезқазған өңірі.
Өмір жылдары-1894-1938.
Білімі-ауыл молдасынан сауатын ашады,орыс-қазақ мектебі , Ақмоладағы екі кластық училище,Омбыдағы оқытушылар семинариясы.1914жылы алғашқы өлең жинағы шыққан.Шығармашылық тақырыптары:тарихи,табиғат сұлулығы,әлеуметтік әділетсіздік т.б.Шығармалар:"Аққудың айырылуы","Ақсақ киік", "Бақыт жолында","Көкшетау" т.б.
3.Бағалау.
4.Қорытынды.
5.Үйге тапсырма «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқу, і.Жансүгіровтың өмір-баянын білу.

© 2010-2022