Тәрбие сағаты: Менің елім - Қазақстан

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Менің елім - Қазақстан»

Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің нышандарының қойылуы себебі жайында толық мәлімет беру. Отаншылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: мемлекетіміздің Рәміздерінің, Астана қаласының суреттері.

Қолданатын құралдар: түрлі түсті қағаз, желім.

Амандасу шеңбері: «Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді»

Тәрбиеші: Амансыңдар ма, достарым!

Балалар: Сәлеметсіз бе, апай!

Тәрбиеші: Қане, балалар, шеңберге тұрайық, бір-бірімізге алақандарымыздың жылуын беріп, жақсы тілектер айтайық.

  • Күніміз шуақты болсын!

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Көк туымыз биік болсын!

  • Елімізде тыныштық болсын!

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің елім - Қазақстан» деп аталады.

  • Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?

  • Қазақстан Республикасында тұрамыз.

  • Қазақстанның елордасы қай қала?

  • Астана.

  • Елбасымыз кім?

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

  • Иә, олар Әнұран, Ту, Елтаңба.

Ендеше кім Рәміздер туралы өлең айтып береді?

Даяна: Рәміздеріміз - елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші.

Архат: Әнұраным - жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Балалар: Қазақстан Республикасының Әнұранын хормен орындайды.

Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

Тәрбиеші: Балалар, кім Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер біледі?

Арсылан: Отан оттан да ыстық.

Аружан: Туған жер - алтын бесік.

Саян: Отан - елдің анасы.

Қортынды: Логикалық ойын «Кім жылдам?»

Мақсаты: Көк туды құрастырып, желіммен ақ қағазға жабыстыру

© 2010-2022