Қазақ тілі. Зат есімнің жіктелуі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың

  • білімділік мақсаты: Зат есімнің түрленуі туралы білімдерін кеңейте отырып, лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктелетіндігін, бұрынғы түсініктерін тереңдету.

  • дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

  • тәрбиелік мақсаты: : оқушыларды тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың өту әдістері : баяндау, түсіндіру жолымен қозғау салу, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 45-жаттығу.

Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіру.

  1. 47-жаттығу.

Тапсырма. Ойлан.Ізден.Тап.

  1. Кімге кім ие? Неге не ие? Қайсысы қай жалғауда тұр?

  2. Нысананы (обьектіні) және мезгілді білдіретін барыс жалғаулы сөздері бар екі сөйлем ойлап айтыңдар.

  3. Салыстыру мәнін білдіретін қай септіктегі сөз?

  4. Істің бірлестігін және себебін білдіретін сөздері бар екі сөйлем тауып айтыңдар. Олар қай септіктегі сөздер болуы керек?

  5. Жуан, жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септіктікі?

  1. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.


  • Тапсырма. Төмендегі зат есімдердің қайсысы жіктеліп, қайсысы жіктелмейді? Жіктелетіндерін үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Заңгер, құжат, заң, зейнетақы, зейнеткер, ғарыш, ғарышкер, үйрек, бүркіт, бүркіші, қой, жылқышы, ар, тілек, тілекші, Арман, Қанат, Сәуле.

Үлгі:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ

Мен заңгермін, зейнеткермін

Сен заңгерсің, зейнеткерсің

Сіз заңгерсіз, зейнеткерсіз

Ол заңгер, зейнеткер

Біз заңгерміз, зейнеткерміз

Сендер заңгерсіңдер, зейнеткерсіңдер

Сіздер заңгерсіздер, зейнеткерсіздер

Олар заңгер, зейнеткер

Зат есімнің жіктелуі.

  • Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктеліп келіп, жіктеу есімдіктерімен қатынасқа түседі. Адам аттары мен мамандық кәсібіне қатысты зат есімдерді үш жақта бірдей жекеше, көпше түрде жіктеп айтуға болады.

  • Кейде көркем әдебиетте нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың аттары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу үшін ауыспалы мәнде жұмсалады.

Мысалы:

Шамдансам, жығар асаумын,

Шамырқансам, сынар болатпын. (Махамбет)


  1. Мәтінмен жұмыс.

49-жаттығу.

Төмендегі өлеңдерден жіктеліп тұрған зат есімдерді тауып, жіктелу себебін түсіндіріңдер.

50-жаттығу.

  1. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге түсінік беру.

  2. Олар қай сөз табы және қай формада тұрғанын талдау.

  3. Қазақ халқы қолданған ыдыс-аяқтар неден және қалай жасалғанын мәтінге сүйене отырып әңгімелеу.

5.Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Зат есімнің жіктелуіне сөйлем құра. Оған синтаксистік талдау жаса.

ІІ деңгей тапсырмасы. Мына өлең шумақтарынан жіктік жалғаулы зат есімдерді тап.

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім! (Ж.Молдағалиев)

ІІІ деңгей тапсырмасы. Жіктік жалғаулы зат есмідер қатысқан жұмбақтарды жатқа жазыңдар.

6. Сабақты қорытындылау.

  • Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшелік бар?

Тапсырма.Ойлан.Ізден.Тап.

  1. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?

  2. Тәуелдік жалғауы қандай сөзден соң түсіп қалып айтылады?

  3. Септік жалғауларын бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

7. Үйге тапсырма.

  1. 50-жаттығу.

  2. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімдерді қатыстыра отырып, «Сүйінші» атты мәтін құрастыру. Оған синтаксистік талдау жаса.

  3. Ережені оқу.

8. Бағалау.


© 2010-2022