Внеклассное мероприятие на тему Қарттарым, асыл қазынам

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата - бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

1-Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

2-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған. Внеклассное мероприятие на тему Қарттарым , асыл қазынам

1-жүргізуші:Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі - үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін мерекелермен құттықтай отырып, «Қарты бар ел-қазыналы ел » атты кешімізге хош келдіңіздер.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Альжанова Ботагоз Шорайқызына береміз. Внеклассное мероприятие на тему Қарттарым , асыл қазынам
2-Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді 1- сынып оқушысы орындауындағы « Етікші ата » әнімен ашамыз. Орындайтын Темирбаев Ермек .
1-Жүргізуші:

Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір саған
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
Ән: «КҮЗ» орындайтын 2сынып оқушылары Бокенбаева, Хайдарова
2-Жүргізуші: Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
Тақпақтар:
8 сын Есімова Перизат
6сын Шоканова Айкүн
1-Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана! Внеклассное мероприятие на тему Қарттарым , асыл қазынам
2-Жүргізуші:
Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады

3 сынып оқушылардың орындауында « жарайсындар » Сапарғали Шұғыла Әбілқайыр Жанеркені ортаға шақырамыз.

Бүгінгі кешке ауылымыздағы зейнеткер ұстазымыз Қарагойшин Ерболат Хафизұлы келіп отыр ағайымызга рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
Тұра - тұршы есейгенде ұл - қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже - ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығыңВнеклассное мероприятие на тему Қарттарым , асыл қазынам


Анамызға арнап 9 сынып оқушысы Жалелова Аягүлдің орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.

1-Жүргізуші:
Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым - қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
2-Жүргізуші:
Қарттар үйі - жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю - биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата - анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт - береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «Ата өсиеті» орындайтын 10 сынып оқушылары.
Ән : «Құбыла соққан желдей» орындайтын 5 сынып оқушысы Мустахимұлы ЖасқыранВнеклассное мероприятие на тему Қарттарым , асыл қазынам

1-Жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қамажай» бір топ бишілер 6 сынып оқушылары ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші:
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән - жырды сыйға тарттық.
Ән: «Ана тілін сүйем» орындайтын 4сынып оқушылары Зайнуллина А Сағынғали С. Серикова А ортаға шақырамыз

Бір топ бишілерді ортаға «Бипыл» биімен 5 сынып оқушыларды шақырамыз.

1-Жүргізуші:

Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңеВнеклассное мероприятие на тему Қарттарым , асыл қазынам

Арманым едің аңсаған
Әке сен бақыт мен саған
Ұрпағым болып жалғадым
Қуаныш әке сен маған
Ән: «Ата мекен» орындайтын 7 сынып оқушысы Чапаев Бағдаулетті ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші:
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

Кері қайту


© 2010-2022