Урок на тему Септіктер. Күнтізбе. 6-сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Септіктер. Күнпарақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақты мақсаты: Білімділік: өткен тақырып күз мезгілі бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау, сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, күнтізбе туралы мәлімет беріп, септік жалғауларын меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың білімін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі басты мақсат: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, баланың қабілетін ашу, шығармашылығын көтеру, өз бетінше іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, күнпарақ түрлері

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру, талдау, ой қозғау, топпен жұмыс, семантикалық карта.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, себебін анықтау.

- Сәләметсіңдер ме, балалар! Бүгін сыныпта кім кезекші. Сабақта кім жоқ?

В) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

- Оқушылар, сабақты бастамас бұрын мен сіздерге бір сұрақ қойғалы тұрмын. Қазақ халқы қандай халық?

- Қазақ халқы - тату, мәдениетті, қаһарман, ер жүрек, мейірімді, қонақжай халық.

- Өте жақсы, оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан бүгінгі қонақтарға біздің сыйлықтарымыз сендердің сабақта алған «4» пен «5» бағаларың болсын! Үйге қандай тапсырма берілді?

- Күз. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Үй жұмысын тексеру:

  • Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Қандай?

  • Бір жылда төр жыл мезгілі бар. Слайд №2

Урок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сынып

  • Иә, бір жылда төрт жыл мезгілі бар. Ал қазір қай жыл мезгілі?

  • Қазір күз жыл мезгілі. Слайд№3

Урок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сыныпУрок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сынып

  • Күз жыл мезгілі туралы кім әңгімелейді?

3-4 оқушыдан үй жұмысы сұралады, оқушылар бір-біріне сұрақ қойып толықтырып отырады.

  • Күз туралы жаңылтпаш, мақал-мәтел білесіңдер ме, балалар?

2 оқушы мақал-мәтел мен жаңылтпаш айтады.

  • Жақсы, енді өткен тақырып бойынша меңгерген сөздерімізді тексерейік. Ол үшін берілген сөзжұмбақты шешуіміз керек. Кәні, балалар, тақтада берілген сөздерді аударайық. Кім шығады?

Сөзжұмбақ «Күнтізбе» Слайд №4





























1. поздняя осень - қоңыр күз

2. усиливаться - күшею

3.земледелец - диқаншы

4. зонт - қолшатыр

5. часто - жиі

6.беспрерывно - толассыз

7. дожлдилавая - жаңбырлы

8. ливень - нөсер

- Өте жақсы, біз сөзжұмбақты шештік, қандай тірек сөз шықты? Күнтізбе.

Ал күнтізбе деген не? (календарь) Оның қандай түрлері бар? Күнтізбе бізге не үшін керек? және септік жалғауларын меңгеріп, сөйлеу тілімізде дұрыс қолдану бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты болмақ. Дептерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазамыз. Жаңа сабағымыздың тақырыбы «Күнтізбе туралы қысқаша мәлімет» және септік жалғаулары. Слайд №5

Мәтінді оқымас бұрын жаңа сөздерге назар аударыңдар.

1. Сөздікпен жұмыс: Слайд 6

Күнтізбе - календарь

Алдыңғы күні - позавчера

Бүрсігүні - послезавтра

Кесте - расписание

Тәулік - сутки

Биыл - в этом году

Былтыр - в прошлом году

Келесі жылы - следующий год

Мәлімет - сведение

Сөздікті алдымен мұғалім 1 рет оқып береді, кейін оқушылар дауыстап топпен оқып қайталайды.

  • Енді осы жаңа сөздері есте сақтауымыз үшін, сөйлем құрастырып, сөйлем мүшесіне талдаймыз. Дәптерлерімізге жазамыз. Ал тақтаға кім шығады? Слайд №7 Тақтамен жұмыс.

Оқушылар тақтаға шығып сөйлем құрастырады, сөйлем мүшесіне талдайды.

Мысалы: Қабырғада күнтізбе ілулі тұр. Алдыңғы күні жаңбар жауды.

Келесі 2012 жылы ұлу жылын қарсы аламыз.

Мұғалім оқушылардан сөйлем мүшелерінің орын тәртібі туралы

сұрақ-жауап алады.

  • Балалар, біз өткен сабақта күз жыл мезгілімен қатар сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгердік. Сөйлемде бастауыш қайда тұрады?

  • Баяндауыш сөйлемнің қай жерінде тұрады?

  • Сөйлемде толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштың орын тәртібі қандай?

2. Мәтінмен жұмыс. Мұғалім мәтінді оқып береді. Кейін оқушылар

(3 оқушы) тізбектеп оқып, аударады. Соңғы сөйлемде күнтізбенің түрлерін көрсетеміз. Слайд № 8 Күнтізбенің түрлері.

Урок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сыныпУрок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сыныпУрок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сынып

  • Күнтізбенің қабырға күнтізбесі, үстел күнтізбесі, қалта күнтізбесі деген түрлері бар екен. Күнтізбеге нелер кіреді?

  • Күнтізбеге ай аттары, күндер, апта атаулары, мереке күндер кіреді.

  • Қыркүйек айында қандай мереке бар екен. Күнтізбеден қарайық.

Слайд №9

Урок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сынып

  • Қыркүйек айында 1-қыркүйек Білім күні, 22- қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекелері бар.

  • Жақсы қазан, қараша айларында қандай мерекелерді атап өттік.

  • 5-қазан ұстаздар күні.

Желтоқсан айында қандай мерекені атап өтеміз. Слайд №10

Урок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сынып

  • Қазақстан республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?

  • Қазақстан республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алды.

  • Онда биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?

  • Биыл тәуелсіздікке 20 жыл.

  • Дұрыс, биыл тәуелсіздікке 20 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай Ақтау қаласының әкімдігі мынадай қабырға күнтізбесін шығарды. Күнтізбелер белгілі бір мереке, мерейтойларға да арналып шығарылады екен. (Қабырға күнтізбесін оқушыларға көрсетеміз)

  • Енді тақтадағы сөйлемді дәптерлерімізге жазып, сөз құрамына талдаймыз. Кәні, кім тақтаға шығып талдап береді? Слайд №11



  • Жақсы, біз бесінші сыныпта септік жалғауларын өттік. Енді септік жалғаулары туралы алған білімдерімізді толықтырайық. Жетіген ауылында саяхат жасайық. Жетіген ауылында Септік деген хан тұрады екен. Оның жеті ұлы бар екен. Барлығы бір сарайда тұрады. Әр ұлының өз қызметі бар. Септік ханның әр ұлына берген мұрасы бар екен. Септік хан бізге мынадай үш жарлық жіберіпті. Ханның жарлықтарын дұрыс, шапшаң орындаған оқушыға ханның сыйлығы бар. Балалар, сарайдың ішінде Септік ханның тығулы тұрған сандығы бар екен. Сол сандықты тауып, ішінде не бар екенін көрейік. Слайд №12

Бірінші жарлығы: ұлдарымның атын атап, ретімен қойыңдар.Урок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сынып

Шығыс

Барыс

Табыс

Атау

Көмектес

Ілік

Жатыс

Оқушылар кестеге (семантикалық карта) сандық ішінде шашырап жатқан септік атауларын дұрыс жазып шығады. Бір оқушы оқып береді

Ханның екінші жарлығы ұлдарымның қызметін табыңдар? Әр септіктің сұрақтарын дұрыс тауып қою керек. Слайд№13 Бір оқушы оқып береді.Урок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сынып

Кім? Не?

Кімдер? Нелер?

Кімнен? Неден? Қайдан?

Кімді? Нені?

Кімге? Неге? Қайда?

Кімде? Неде? Қайда?

Кімнің? Ненің?

Кіммен? Немен?

Ханның үшінші жарлығы ұлдарымның мұраларын атаңдар. Септік жалғауларын тауып жазу керек. Слайд №14 Бір оқушы оқып береді.

Урок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сынып

Жалғауы жоқ

-да, -де, -та, -те,

-нда, -нде

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен



-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

-қа -ке, -ға, -ге,

-на, -не, -а, -е



-ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н

-мен, -пен, -бен



  • Балалар, септік жалғауларының сөздерге жалғану тәртібін сендер

жақсы білесіңдер. Ендеше кестеде берілген сөздерді септеңдер.

  • Кім септеген сөзін оқып береді?

Тез, шапшаң орындаған екі оқушы оқып беріп, сыйлықтарын алады.

СЕПТІК ЖАЛҒАУЫ

Берілген сөздерді септе

септік атауы

сұрақтары

жалғаулары


Атау

Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Жалғауы жоқ

Ілік

Кімнің? Ненің?

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс

Кімге? Неге? Қайда?

қа, -ке, -ға, -ге, -на, не, -а, -е

Табыс

Кімді? Нені?

-ды, -ді, ты, ті, -н

Жатыс

Кімде? Неде? Қайда?

-да, де, -та, -те, -нда, -нде

Шығыс

Кімнен? Неден? Қайдан?

-нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден

Көмектес

Кіммен? Немен?

-мен, -пен, -бен



  • Енді оқушылыр сендер деңгейлік тапсырма орындайсыңдар.

Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі.

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Кейіннен жоғары сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды игереді. Мәтінмен жұмыс жасайды.

1. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді тауып жаз.

Күнтізбеге ай аттары, күндер, апта атаулары, мереке күндер кіреді. Күнтізбе 365 күннен тұрады. Ай аттары: қаңтар, ақпан, наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. Апта атаулары: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Күнтізбелер әр түрлі болады. Мысалы: қабырға күнтізбесі, үстел күнтізбесі, қалта күнтізбесі тағы басқалар.

2. Ай, апта атауларын жатқа жаз.

ІІ деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушы өз бетімен ізденеді, жеке қабілетіне қарай еңбек етеді.

1. Берілген мәтінді қазақ тіліне аудар.

Календарь состоит из 365 дней и делится на 12 месяцев. В календарь входят дни, наименования месяцев, недели, праздничных дней. Видов календарей много. Например: карманные календари, настенные календари, настольные календари.

2. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар.

Апта атаулары, мереке күні, 365 күннен, әр түрлі, ертең, қысқаша мәлімет.

ІІІ деңгей тапсырмалары танымдық -іздену, алған білімді жинақтау, бекітуге бағытталады.

1. «Күнтізбе» туралы әңгімеле.

2. «Күнтізбе» сөзін жеті септікте қолданып сөйлем құраңдар.

І, ІІ, ІІІ деңгейді орындаған бір-бір оқушыдан жауап алынады.

  • Бүгінгі өткен тақырыбымызды қорытындылайық. Кім сурет бойынша уақыт өлшемдері туралы әңгімелейді? Слайд №15

Урок на тему Септіктер.Күнтізбе. 6-сынып

  • Жақсы, отыра ғой.

  • Осы уақыт өлшемдерін біз қайдан біле аламыз?

  • Күнтізбеден.

  • Дұрыс, сонда күнтізбе бізге күндерді ай, апта атауларын, мереке күндерін білу үшін керек екен

Бағалау:

  • Бүгін сабаққа бәріңіз жақсы қатыстыңыздар. Мен сіздерді мынадай қалта күнпарағымен бағалаймын.

Үйге тапсырма: «Күнтізбе туралы қысқаша мәлімет» әңгімелеу

Септік жалғаулары, 5-тапсырма 62-бет Слайд №16



















© 2010-2022