Открытый урок казахского языка в 11 классе на тему Сапар шегу

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сапар шегу


Сұхбат сұрақтарын оқыңыз. Өзіңіздің жауабыңызды таңдаңыз.

Сіз сапарға қалай дайындаласыз?


  1. Ақпан айының соңында демалысқа баратын адамдар демалыс үйін таңдайды. Сіз ше?

а) Былтыр барған демалыс үйіне барамын.

ә) Жарнамалар оқимын, туристік компания таңдаймын.

б) Бір арзан демалыс үйіне барамын.


  1. Сіз демалыс үйін таңдадыңыз. Енді немен барасыз? Не істейсіз?

а) Ертең туристік компанияға барамын, билетке тапсырыс беремін.

ә) Интернеттен арзан билет іздеймін.

б) Бір-екі апта уақытым бар, билет іздеймін.

  1. Қашан киімдеріңізді шабаданға саласыз?

а) Сапар алдында 1-2 күн бұрын керекті заттарды сатып алып, шабаданға саламын.

ә) Кететін күні кешке заттарымды шабаданға саламын.

б) Кететін күні таңертең заттарымды шабаданға саламын. Мен , әдетте, өзіммен бірге көп зат алмаймын.


  1. Сіз қай әуежайға немесе теміржол бекетіне барасыз?

а) Әуежайға 3 сағат бұрын/ теміржол бекетіне 1 сағат бұрын.

ә) Әуежайға 2 сағат бұрын/ теміржол бекетіне жарты сағат бұрын.

б) Әуежайға 1 сағат бұрын/ теміржол бекетіне 15 минут бұрын.

5. Сіз қонақ үйге келдіңіз.Бөлмеңіздің кілтін алдыңыз. Бірінші не істейсіз?

а) Барға сусын ішуге барамын.

ә) Бір туристік компанияға телефон шаламын. Жеңіл машина жалдап алғым келеді.

б) Білмеймін.

Тапсырмалар:

1. Жауаптарыңды әріптесіңмен салыстыр.

2. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.


© 2010-2022