Қазақ тілі пәнінен Диалог, оның тыныс белгілері тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________

Сабақ жоспары № 7

Пәні: Қазақ тілі

Топ: ________ Мерзімі: ___________

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Орда.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Диалог, тыныс белгілері.

Сабақтың мақсаттары:

а)Білімділік: оқушыларға қазақ халқының ордасы, киіз үйі туралы мағлұмат беру. Диалог, оның тыныс белгілері жайында түсіндіру;

ә)Дамытушылық: оқушылардың мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыту;

б)Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Оқыту құралдары: компьютер, тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Диалог».


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


  1. «Орда» мәтінін оқу, аудару.

  2. Сөздікпен жұмыс.

Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:

Ереже.

Екі немесе одан көп адамдардың алма-кезек сөйлесуі ретінде берілген сөздерді диалогты төл сөздер деп атайды.

Диалог сөздерде:

а) сызықша - екі адам сөйлескенде сөйлемнің алдынан қойылады;

ә) үтір - жай сөйлемде қаратпа сөз, одағай сөз, қыстырма сөз, бірыңғай сөйлем мүшелері кездескенде;

Құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер арасында қойылады;

б) сөйлемнің соңына (сөйлемнің түрлеріне қарай) леп белгісі, сұрау белгісі немесе нүкте қойылады.

ІІІ. Сабақты бекіту.

Тапсырма:

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.

  2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

2,4,6,7 жаттығуларды орындау

Тапсырма:

Мәтіндегі антоним сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін жасаңдар.

Таңдаулысы - нашары кем - артық

Көп - аз ақ - қара

Биіктігі - аласалылығы үстімен - астымен

Ұзындығы - қысқалығы

Үлгі: Үйдің таңдаулысы - үйдің нашары

Тапсырма:

«Менің мамандығым» тақырыбында диалог құрастыру

ІҮ. Қорытындылау:

Киіз үй, оның жабдықтарының суреттерін көрсетіп, ерекшелігін айта отырып, сабақты қорытындылау.

Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған, белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.

V. Үй тапсырмасы:

20 бет, 8 жаттығу

Синоним сөздерді аударыңдар.

Таңдаулысы, маңдайалдысы, ең тәуірі;

салтанатты, мерейлі, торқалы;

құрметті, қадірлі, қымбатты;

жаратылған, жұмсалған;

саялы, көлеңкейлі, салқын;

молынан, кеңінен;

терістік, солтүстік;

ықтимал, мүмкін, бәлкім;

күзет, қарауыл, сақшы.

Оқытушы: С.Ботантаева


© 2010-2022