ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН қысқа мерзімді сабақ жоспары (2-сынып)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар. Айтаева М.М.

Сыныбы:2

Күні: 16.10.15 ж

Сабақтың тақырыбы

Бота

Мақсаты

оқушылардың үй жануарлары туралы білімін кеңейту, қазақша дұрыс қолдана алуына бағыт беру

Күтілетін нәтиже

-үй жануарлары ұғымын түсінеді-100%;

-қазақша мағынасын қолдана алады-70%;

-қазақ тіліне тән дыбыстарды қолдана алады-90%;

Әдіс- тәсілдер

Ой тастау,

венндиаграмма

Пәнаралық байланыс

дүниетану

Ресурстар

Оқулық, смайлик, маркерлер, стикерлер Интербелсенді тақта

Сабақ барысы:

Блум бойынша оқу тапсырма-

ларының таксономиясы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

5 минут

Тұлғааралық байланысты орнату.

Сыныппен амандасу.

Үй жұмысын тексеремін, оқушылардың жазып келген жұмыстарын тыңдаймын, оқушылармен бірге бағалаймын.


Оқушылар жұлдызшалармен бағалайды

5 минут

Топқа бөлемін. Сандар арқылы 3топ құрылады.

Білім

Деңгейі

1 минут

Плакаттағы үй жануарлары суреттерінің ішінен түйе мен ботаның суретін сұраймын.

«Ой тастау» стратегиясы бойынша суреттерден үй жануарларын табады

Топтық жұмыс

10минут

Топтық жұмыс арқылы түйе туралы ақпаратпен танысайық.

Түйе, оның төлі не? Ол не жейді? Сұрақтарына жауап беріп, бір бірінен туралы ақпарат жинайды.

Түсіну

Құрылған топтарға 1-тапсырмадағы суретке қарап, сөйлемдер құруға тапсырамын.

Берілген тапсырма бойынша бірлескен жұмыс жасайды. Қорғайды.

Қолдану

3 минут

аудиодискіден «Бота» мәтінін тыңдатамын.

Оқушылар не түсінгенін айтады.

Талдау

3 минут

4-тапсырманы жазып, аударайық.

Жазады, оқиды, аударады.

Сергіту сәті

1 минут

Үй жануарлары қалай дыбыстайды? сұрағына жауап беруге шақырамын.

«Кім қалай дыбыстайды?»Лақтар, марғаулар, күшіктер, бұзаулар, қозылар тобы болып бөлінеді. Қай төлдің аты аталады сол топ дауысын келтіреді.Сонымен балалар, олардың дауыстауын былай дейді екен.Жылқы - кісінейді, сиыр - мөңірейді,Қой, ешкі - маңырайды, түйе - боздайды.

Мысық - мияулайды, ит - үреді

Жинақтау

5 минут

Үй жануарлары мен аңдарды қалай ажыратамыз?

Венндиаграммасы арқылы салыстырады

Бағалау

2 минут

«Бота» мәтініне қайта оралып, ондағы кейіпкерлердің қандай жануар екендігін сұраймын.

Мәтіндегі кейіпкерлердің қайсысы аңдар, қайсысы үй жануарлары екенін түсіндіреді.

Үй жұмысын беру

3 минут

5-тапсырманы орындауға тапсырамын.

суреттерге қарап, үй жануарларының төлдерін табады.

Кері байланыс

1 минут

-Бүгінгі сабақта не білдіңіздер?

-Есіңізде қандай сөздер қалды?

-Сабақ ұнады ма?

Балалар смайликтермен бағалайды.

ДОЖЖО: Насанова Ж.А._______________________________________





Қысқа мерзімді жоспар. Айтаева М.М.

Сыныбы:2

Күні: 24.10.15 ж

Сабақтың тақырыбы

Аңдар

Мақсаты

оқушылардың аңдар туралы білімін кеңейту, қазақша дұрыс қолдана алуына бағыт беру

Күтілетін нәтиже

-аңдар ұғымын түсінеді-100%;

-қазақша мағынасын қолдана алады-90%;

-қазақ тіліне тән дыбыстарды қолдана алады-90%;

Әдіс- тәсілдер

мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар,

венндиаграмма

Пәнаралық байланыс

дүниетану

Ресурстар

Оқулық, смайлик, маркерлер, стикерлер Интербелсенді тақта

Сабақ барысы:

Блум бойынша оқу тапсырма-

ларының таксономиясы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

5 минут

Тұлғааралық байланысты орнату.

Сыныппен амандасу.

Мотивациялық ояту.
«Таңғы шеңбер»:
Сәлем бердік: мен -күнге
Сәлем бердік: мен -саған
Сәлем бердік: апайға,қонақтарға,аңдарға.
(Балалар шеңбер бойы тұрып күнге,бір-біріне,апайға,қонақтарға,аңдарға сәлем береді)

Үй жұмысын тексеремін, оқушылардың жазып келген жұмыстарын тыңдаймын, оқушылармен бірге бағалаймын.




Оқушылар жұлдызшалармен бағалайды

Топқа бөлемін. Сандар арқылы 3топ құрылады.

Білім

Деңгейі

5 минут

Плакаттағы аңдар суреттерінен аң түрлерінің атауларын сұраймын.

«Ой тастау» стратегиясы бойынша суреттен аңдардың аттарын айтады.

Түсіну

Топтық жұмыс

10минут

Топтық жұмыс арқылы аңдар туралы ақпаратпен танысайық.

1-тапсырмадағы суреттердің көмегімен аңдар туралы постер дайындайды.

5 минут

Топтардың жасаған жұмыстарын тыңдаймын.

Берілген тапсырма бойынша бірлескен жұмыс жасайды. Қорғайды.

Қолдану

3 минут

Слайдтағы аңдардың сұлбасын құрастырайық.

Талдау

3 минут

2-тапсырманы жазып, аударайық. Пілдің басы,көзі, құлағы....

Жазады, оқиды, аударады.

Сергіту сәті

1 минут

Балалар, аю қалай жүреді? сұрағына жауап беруге шақырамын.

Аң қимылын көрсетеді. Аю болып билейді.

Жинақтау

4 минут

Слайдта «Не жейді?» тақырыбы бойынша әңгімелейік.

Слайдтағы аңдардың немен қоректенетінін айтады

Бағалау

10 минут

Слайдтағы суретті крассвордты шешіп, аңдардың атын білейік.

Красссвордты шешеді

Үй жұмысын беру

1 минут

3-тапсырманы орындауға тапсырамын.

суреттерге қарап, сәйкестендіру арқылы сөз тіркесін құрайды.

Кері байланыс

1 минут

-Бүгінгі сабақта не білдіңіздер?

-Есіңізде қандай сөздер қалды?

-Сабақ ұнады ма?

Балалар смайликтермен бағалайды.

ДОЖЖО: Насанова Ж.А._______________________________________






© 2010-2022