ПЛАН КОУЧИНГА Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО,Ұлан ауданы,Мамай батыр ауылы

«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ

КОУЧИНГ

ПЛАН КОУЧИНГА Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік

Мұғалімнің аты-жөні: Абраимова Нургул Сеитжапаровна

Еңбек өтілі: 27 жыл

Қызметі: бастауыш сынып мұғалімі

Санаты: жоғары

Тақырыбы:

"Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік"

Мақсаты

"Оқыту мен оқудағы интербелсенді әдістерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру"

Міндеттері:

1.Мұғалімдердің біліктілік шеберлігін жетілдіру нәтижесінде сабақ құзыреттілігін дамыту.

2. Оқушылардың өздігінен білім алуына ықпал ету арқылы, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

3. Желілік қоғамдастық аясында іс-тәжірибе алмасу және жас маманға әдістемелік көмек көрсету.

Күтілетін нәтиже:

1 .Жас мамандардың кәсіби өсуіне ықпал етеді;

2. Құзырлығы сабақ құру арқылы оқушылардың білім сапасы көтеріледі;

3. Іс-тәжірибе алмасу арқылы жас мамандардың кәсіби шеберліктері шыңдалады.

Әдіс- тәсілдер

Ынтамықтастық атмосфераның орнауы «Тамаша» әдісі арқылы іске асады.

Топқа бөлу- түс арқылы

Ой қозғау бейне көрініс"Болашақ өмір"

Шығармашылық тапсырма орындау

«Даналық ағашы » рефлексиясы.

Кезеңдері

Жүргізушінің әрекеті

Ұжымның әрекеті

Бағалау

Ой қозғау

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын орнату-«Тамаша» 2 мин

Менің қолым жақсы ма?

Жақсы-жақсы

Ал көршімнің қолы /шынтағы, иығы/ одан да жақсы.

Ән айтамыз тра-та, тра-та.

Біздің әніміз тамаша

Ән соңында қолдарын жоғары көтеріп тамаша деп хормен айтады

Аралық рефлексия

Топқа бөлу

Алақанның ішіне жазылады1,2,3,4

Тақырыпты анықтау

Слайд бойынша берілген сөздер арқылы тақырыпты анықтайды

  • / құзыр, құзырлы сабақ, құзыреттілік,

  • коммуникативтік құзыреттілік, оқу-танымдық құзыреттілік, бағдарлы құзіреттілік/

"Глобус"

Табыс критерийін құрғызады

Бүгінгі коучингтен не үйренетіні жайлы табыс критерийін алақанға жазып құрады

Ой бөлісу

  • Бейнежазба "Болашақ өмір"

  • 1-топ Электрондық заманның дамуы адамның ойын шектемей ме?

  • 2-топ Ақпараттық технологиялық құзіреттілік адам ойының жетілуіне әсер ете ме?

  • 3- топ Жас ұрпақ электронды сандық технологияның мүмкіндігін толыққанды пайдалануда ма?

4-топ Бейнежазбада бейнеленген өмірге қалай жетеміз?

  • /адам ойын жетілдіретін мектеп,сабақ, мұғалім/

  • "Ойлан, жұптас, талқыла" әдісі арқылы ойларымен бөліседі.

Топ аралық бағалау

"Бағдаршам"

Іске асыру

Шығармашылық тапсырма:

  • 1-топ "Құзырлы сабақ- білім сапасын арттырудың кепілі"

  • / постер құру/

  • 2-топ "Мұғалімнің кәсіби біліктілігін үздіксіз дамытуы" / модель жасау/

  • 3- топ"Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің білім сапасын көтеруге тиімділігі қандай?" / кластер құру/ 4-топ

"Қарапайым оқушыдан құзырлы оқушыға қалай жетеді?/модель құру

Әр топ өзіне берілген тапсырмаларын қорғайды, өзге топтың сұрақтары болса сұрақтарға жауап береді.

Топ аралық бағалау "Смайликтер"

Рефлексия.

"Даналық ағашы"

Ойларымен бөлісуді ұсынады

Ұстаздар өздерінің тәжірибелері мен алған әсерлерін, ойлаған ойларымен бөліседі.




© 2010-2022