КОНСПЕКТ ПО НАЧАЛНЫЙ КЛАСС БАЛАНЫН АЙЛАСЫ

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Темурбекова Шолпан Хайруллақызы

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Баланың айласы

Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұны бойынша түсінік қалыптастыру, негізгі ойды анықтау

Сабақтың нәтижесі: Ы.Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен танысады, мәтін мазмұны бойынша түсінік қалыптасады, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, сауатты оқуға дағдыланады.

Сабақтың түйінді идеясы: Сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасау қабілеті артады, сөздік қоры молаяды, мәтін мазмүны бойынша өзіндік пікір қалыптасады, жақсы және жаман қасиеттерді ажырата біледі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «Миға шабуыл», «Өкіл», сәйкестендіру, топтастыру, «Бағдаршам»

Сыныбы: 3 «В»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Мерзімі: 13.01.2016ж

Уақыты

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Оқыту үшін бағалау

және оқуды бағалау

Қолданылатын ресурстар

2 мин

Ұйымдастыру

«Шаттық шеңбері» құру:

Күннен, жерден нәр алған,

Біз-өмірдің гүліміз!

Қаңтар айы басталған

Сәтті болсын күніміз!

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы бөлу

Өлеңді барлығы бірге айтады.



Өздеріне ұнаған геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Жарайсыңдар!

Өлең жазылған парақ



Түрлі-түсті қағаздан жасалған геометриялық фигуралар

10 мин

Таныстырылым

Өтілген тақырыптар бойынша тест тапсырмасын орындату

1. Абайдың « Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды» деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді?
А) Малшыны Ә) Жас баланы Б) Кәрі шалды В) Жас жігітті

2. « Әуес көріп жүгірген .....
Беті -қолы домбығып үсік шалды».Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт.
А) Малшылар Ә) Жас балалар Б) Қойшылар В) Адамдар

3. « Шидем мен тон қабаттап киген .....» кім?
А) Шал Ә) Малшы Б) Бала В) Жігіт

4. «Қызыл шұнақ» тіркесіне қатысты сөзді ата.
А) Күн Ә) Қар Б) Аяз В) Қыс

5. С. Шаймерденов. « Баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады» деп нені суреттейді?
А) Көбелекті Ә) Қар ұлпаларын Б) Жаңбырды В) Жапырақты

6. А.Пушкин мен М. Иманжановтың шығармаларының ұқсастығы неде?
А) Екеуінде де қысқы кеш суреттеледі.
Ә) Екеуінде де қысқы ойын түрлері айтылады.
Б) Екеуінде де суықтан сақтану туралы айтылады.
В) Екеуінде де қысқы орман сипатталады.

7. « Кеуек» сөзінің мағынасы неде№
А) Құстың ұясы Ә) Қоянның іні Б) Ағаштың діңі В) Аңның ізі.

8. Жұмбақтың шешуін тап:
Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр-
Қатты-ақ.
А) Қар Ә) Көпір Б) Мұз В) Қырау

9. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қылышын сүйретіп .... келер.
А) Қыс Ә) Жаз Б) Күз В) Көктем
10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қыс азығын ..... жина.

А) Күз Ә) Қыс Б) Жаз В) Кеш

Тест тапсырмасын орындайды

Тест нәтижесіне қарай бағалау

Тест тапсырмасы жазылған қима парақтар

17мин

Негізгі бөлім

1.«Миға шабуыл»

Жақсылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Айлакерлік қандай қасиет?

Айлакерлікті жақсы қасиетке жатқызуға болады ма?

2.Ы.Алтынсарин туралы таныстырылым

Өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

3. «Өкіл» әдісімен жұмыс.

Мәтінді оқыту, әңгімелету.

4.Сөздік жұмыс:

Төре(төрелік) - бұл жерде: шешім
Әйдік - үлкен

Сұрақтарға жауап береді.

Ы.Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен танысады.

Әр топ мәтінді оқиды, талдайды, «өкілді» сайлайды, өкіл өзге топтарға мәтін мазмүнын әңгімелейді

Жаңа сөздерді оқиды

Формативті бағалау



Өзара бағалау

Стикерлер

Ы. Алтынсарин туралы таныстырылым, автор портреті

Оқулық, суреттер

2 мин

Сергіту сәті

«Мен қазақпын» бейне жазбасындағы қимылдарды орындату

Бейне жазбадағы қимылдарды қайталайды

Жарайсыңдар

Бейнежазба

11мин

Пысықтау

1.Топтарға тапсырма:

1-топ: Сәйкестендіру

2-топ: Жақсыдан үйрен

3-топ: Тірек сызбаны толтыру

4-топ: Кестені толтыру

2.Мәтіндегі қызыл түспен жазылған сөздерді оқыту.(талқылау)

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды, жұмыстарын қорғайды

Мәтінде қызыл түспен жазылған сөздерді оқиды, талқылау жұмысын жүргізеді

Өзара бағалау

А3 форматтағы парақтар, маркерлер, сызғыш

Оқулық

3мин

Қорытынды

1.Баланың әрекеті дұрыс болды деп санайсыңба?

2.Кері байланыс:

«Бағдаршам» Оқушыларға түсінігіне қарай бағдаршам түсін көтеруді сұрау

3. Үйге тапсырма беру: мәтінді оқу, әңгімелеу

Пікірлерін айтады.

Сабақты түсінген, түсінбегенін бағдаршам түстерімен көрсетеді.

Жиынтық бағалау

Түрлі түсті қағаздан жасалынған бағдаршам «көзі»



© 2010-2022