Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану

"Выдержка из материала: Лицейімізде қазақ тілі пәнін компьютердің көмегі арқылы оқыту үшін бағдарламалар блогы құралған. Бұл бағдарламаларды төмендегідей топтарға бөлуге болады: I Қазіргі электрондық оқулықтар, бағдарламалар :  1. Қазақ тілін үйрену үшін “MERITS” бағдарламасы;  2. Құрышжановтың “Қазақ тілі” оқулығы; 3. Ш.Бектұровтың “Қазақша сұхбат” дискі.  II Сканерленген мәтіндермен және тест тапсырмаларымен жұмыс. III Ерекше бағдарламалар:  1. Бақылау тест тапсырмалары.  2. Жаттықтыру жаттығ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нұрғожина Г.М.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласындағы

Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану.

Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы.

Лицейімізде қазақ тілі пәнін компьютердің көмегі арқылы оқыту үшін бағдарламалар блогы құралған. Бұл бағдарламаларды төмендегідей топтарға бөлуге болады:

I Қазіргі электрондық оқулықтар, бағдарламалар :

1. Қазақ тілін үйрену үшін "MERITS" бағдарламасы;

2. Құрышжановтың "Қазақ тілі" оқулығы;

3. Ш.Бектұровтың "Қазақша сұхбат" дискі.

II Сканерленген мәтіндермен және тест тапсырмаларымен жұмыс.

III Ерекше бағдарламалар:

1. Бақылау тест тапсырмалары.

2. Жаттықтыру жаттығулары.

3. Қателері бар мәтіндерді редакторлау.

4. Интерактивті диктанттар.

Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары.

1. Түрлі түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.

3. Әр сабақ төмендегілерд қамтиды:

а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас;

ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып білген материалдарды қайталаудың арқасында дағдыларды машық-

тандырғанға дейін меңгертіледі.

б) үнемі эталонның дыбысы шығып тұрады және сөйлеу әрекетінің барлық кезеңдерінде оқушы өзінің

дыбыстауын эталонмен салыстыруына болады.

4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады және оны басқарады.

5. Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады.

6. Компьтер оқытудың аудио және бейне құралдарының мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

Лицейде ақпараттық технология кеңінен қолданылады. Сондықтан да әр ұстаз білім беру процесін ғылыми негізінде ұйымдастырудың маңыздылығын түсінуі қажет. Ең бастысы мониторинг жүргізу негіздерін білуі керек.

Мониторинг - маңызды аспектілер бойынша мәліметтер жинаудың жүйелі және реттелген процедурасы.

Педагогикалық мониторинг - педагогикалық жүйенің қызметін бақылап отыру үшін қажетті ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеуді ұйымдастырудың түрі (А. И. Матросова, Л. Б. Сахарчук).

Білім беру нәтижелілігінің мониторингісін жүргізу үшін мәліметтер дайындау технологиясы.

1) Пәндер: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

2) Мониторингті өткізу уақыт кезеңдері:

  • Айлық бақылау (тестер, диктанттар, бақылау жұмыстары, шығарма, мазмұндама)

  • Тоқсандық, семестрлік бақылау

3) Сыныптың орташа ұпайын анықтау (2-11 сыныптар)

4) Мәліметтер негізінде мониторинг графигін жасау

5) Мұғалімдердің мониторинг нәтижесін талдау және ӘК отырысында нақты шешімдер қабылдау.



Қазақ тілінен оқу үрдісінің нәтижелік мониторингісі
_________________сынып, мұғалім________________

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Оқу процесі нәтижелілігінің мониторингісі жасалған

  • Қазақ тілі пәнінен 2-11 сыныптарда (параллель бойынша)

  • Қазақ әдебиеті пәнінен 5-9 сыныптарда (параллель бойынша)

  • Қазақ тілі пәнінен жалпы мониторинг (2-11 сыныптарда)

  • Қазақ әдебиеті пәнінен жалпы мониторинг (5-9 сыныптарда)

  • Оқу процесі нәтижелілігінің мониторингісі жасалған

  • Қазақ тілі пәнінен 2-11 сыныптарда (параллель бойынша)

  • Қазақ әдебиеті пәнінен 5-9 сыныптарда (параллель бойынша)

  • Қазақ тілі пәнінен жалпы мониторинг (2-11 сыныптарда)

  • Қазақ әдебиеті пәнінен жалпы мониторинг (5-9 сыныптарда)

Назарларыңызға үлгі ретінде мониторинг түрлерін ұсынамын:

Қазақ тілі пәні бойынша мониторинг

(3 сыныптар)

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану



Салыстыруға болады:

  1. Бір мұғалімнің әр параллельдегі жұмысының нәтижелілігі

  2. Бір сыныптағы оқушылардың білім деңгейінің өсуі

  3. 3А және 3Б, 3В сыныптарындағы білім сапасы дәрежесін салыстыру


Қазақ тілі пәні бойынша мониторинг

(8 сыныптар)

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану



Қазақ әдебиеті пәні бойынша мониторинг

(8 сыныптар)

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану














Қазақ тілі пәні бойынша мониторинг

(Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану2-7 сыныптар)


















Жалпы мониторинг параллельдегі білім сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне мониторингті пайдалану не береді?

  1. Біз кез келген кезеңде кез келген сыныпта оқу процесінің барысы туралы нақты мәліметті біле аламыз.

  2. Салыстырмалы мониторинг оқу жылы бойында білім сапасының өзгеруіне ықпал ететін шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

  3. Мұғалім үшін оқу әрекетіне өзіндік диагностика жасап отыру нормаға айналады: өз жұмысының жыл бойындағы тиімділігіне және әріптестерінің жетістіктерімен салыстырғандағы тиімділігіне.

  4. Өзін-өзі жетілдіруге, сабақ үрдісін ұйымдастырудың оңтайлы түрлерін іздеуге деген қажеттілік туады.

  5. Мектеп әкімшілігі үшін мониторинг - ұстаз еңбегін объективті түрде бағалау.

Ақпараттық технология бақылау жұмысының сараптамасын жасау үшін де өте ыңғайлы.

Ең алдымен білім беру ортасының қалыптасу деңгейлерін анықтауға болады.

Білім беру ортасының қалыптасу деңгейлері (профессор И. И. Третьяков бойынша)

1 деңгей - жоғары (білім сапасы 75%)

2 деңгей - жеткілікті (білім сапасы 60%)

3 деңгей - мүмкіндік (білім сапасы 50%)

4 деңгей - төмен (білім сапасы 50%-дан төмен)

4,9,11 сыныптарда қазақ тілінен білім сапасын тексерудің қорытындылары

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Сонымен, мен лицейдегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні ӘК жұмысының сапасын арттыру үшін ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесімен таныстырдым.





© 2010-2022