Разработка на казахском языке Ашу-дұшпан, ақыл-дос

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Ашу-дұшпан, ақыл-дос

Құндылық: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер: сабырлылық, төзімділік

Мұғалiм: Н. Уразниязова

Сыныбы: 4 «А»,«Ә»,«Б»,«В»

Сабақтың мақсаты: Ұстамдылық,сабырлылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • сабырлылық пен ақылдылықтың, төзімділікткң мәнін түсіндіру;

  • өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: оқулық, дәптер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Әңгімелесу

  • Сендердің ашуланған кездерің болама, не себепті ашуланасыңдар?

  • Сол уақытта қандай күйде боласыңдар?

  • Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестіресіңдер?

Әрине адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соғады. Кикілжің болған жерде , міндетті түрде ашу туындайды.Ашу өзіне де өзгелерге де, айналасына да зиян.Ашу үстінде адам дұрыс шешім қабылдай алмайды.Сондықтан да барлық уақытта ең алдымен адам жасайтын нәрсесін ойланып, ақылға жеңдіріп сабыр сақтап, ұстамдылық танытуы керек.

Мәтінмен жұмыс.

Сурет

* Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

* Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

Түйіндеме Данышпан атаның кеңесі ұсынылады.

  • Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл.

  • Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана

  • Жақсы нәрсе туралы ойла

  • Өзіңді сабырлы, ұстамды адаммын деп есепте

  • Ашуды ақылға жеңдір

Дәйексөз

Ақыл- адамның көрігі,ақылдың сабыр -серігі

М. Әуезов

- Ашуды жеңдірудің ең тиімді жолдары ақылға салу,сабыр сақтау ұстамды болу. Ақылды, сабырлы, кішіпейіл, әділ, батыл, мейірімді адам ашулана қоймайды.Ашуын ақылына жеңдіреді.

Дәптермен жұмыс

Оқулықта берілген даналық сөздерден түйген ойларын дәптер бетіне түсіру

Жаңа ақпарат

Іс-әрекеттің байыбына бара алатын, жақсымен -жаманды айырып, дұрыс бағасын беретін адамды ақылды адам дейді

Үйге тапсырма. «Сабыр» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.




© 2010-2022