С. Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Lesson Planner TemplateС.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары

Сабақты жоспарлау

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы. Сыныбы: 10. Юнит: Тарихи тұлғалар. Сәкен Сейфуллин

Тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының тарихи негіздері . Мұғалімдер: Алмагүл Социалқызы Шималова - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Асқар Қантайұлы Қосыбаев - Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі.

Мазмұны

Пәнге тән түсініктер.

Зерттеу сұрағы.

Іс-әрекет (Нұсқаулық пен іс -әрекеттер тәртібін өзгертуге немесе қайталауға болады)

Ресурстар

С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын әдеби, тарихи тұрғыда талдау, географиялық тұрғыда толықтыру;

  • Көзқарас

  • Мінез





Негізгі концепция- шығармашылық

Ғаламдық мәнмәтін - жеке және мәдени көзқарас

Тарихи тұлғалардың

жеке және мәдени көзқарасы, мінезі олардың шығармашылығына әсер етуі мүмкін.

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

Атыңнан айналайын қайран Сәкен,
Ұмытпан демім бар да тұлғанды әсем.
Ту ұстап,тұлпар мініп, қол бастаған,
«Тар жолда тайғақ кешіп» болдың көсем,-деп, Сәбит Мұқанов жырламақшы, бүгінгі сабағымыз С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын талдауға арналады.

Ұйымдастыру:

  • Сынып 3 топқа бөлінеді. Ол үшін оқушыларға сандар беріледі, олар сол сандар бойынша топтасады. І топта 3 санына бөлінетін сандар, ІІ топқа 4 санына бөлінетін сандар, ІІІ топқа 5 санына бөлінетін сандары бар оқушылар отырады.

  • Топ ережесі шығарылады;

  • Оқушылардың алдарына А-4 қағаздары таратылып, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмір картасы» салу керектігі айтылады;

Қызығушылықты ояту кезеңі (10 минут):

Топтарға тапсырма:

І топқа:

Тарихи тұлға дегеніміз кім?

ІІ топқа:

Сәкен тарихи тұлға деп атауға лайықты ма?

ІІІ топқа:

Сәкен өз шығармаларында қандай тарихи тұлғалардың өмірін суреттеуге тырысқан?

  1. Бурабай туралы бейнефильм көрсетіледі;

Сол бейнефильмге байланысты сұрақ қойылады.

(Бейнефильмде Жекебатыр тауына байланысты қызықты мәлімет берілген).

С.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары



Сұрақ:

  • Бейнефильмнен қандай көріністі тамашалаңыздар? Аталған жер атауы қандай шығармада кездеседі?

( Оқушылардың жауаптары тыңдалады).

  • Сәкеннің «Көкшетау» поэмасының ерекшелігі неде деп ойлайсыздар?

/Көкшетау табиғатын суреттеуден басталады, аңыздар желісіне құрылған/

  • Көкшетаудың көркем табиғаты ақын шығармашылығына қалай әсер етті? С.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспарыС.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары

Көкшетаудың көркемдігін суреттеу үшін жоғарыдағы суреттер пайдаланылды.

Мағынаны тану кезеңі:

«Bilimland» сайтынан Көкшетаудың табиғатын суреттейтін үзінділер тыңдалады, сол үзінділер бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады:

С.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары







  • Ақын Көкше табиғатының қандай ерекшелігіне назар аударып отыр?

І топқа:

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

ІІ топқа:

Сексен көл Көкшетаудын саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісті

Көкірек канша жұтса, тоясың ба?

ІІІ топқа:

Ырғалған көкке бойлап қарағайы,

Қасында көк желекті аппақ қайың,

Жібектей желмен шарпып төңіректі,

Балқытып мас қылады иіс майы.

Көкше табиғатының ерекше жаратылысына байланысты бейнефильмнен үзінді көрсетіледі;

«Bilimland» сайтынан үзінді тыңдалады:С.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары

Абылай батырларын алды жиып,

Үлеске олжаларын салды жиып.

Сол жерде бір сұлуға талас болды,

Бере алмай біреуіне бірі қиып.

Ондағы Абылай кім?


  • Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасалады;

Үш топ класстер арқылы Абылай бейнесін, Адақ бейнесін, қалмақ қызының бейнесін талдайды. Ол бейнелердің бойындағы қасиеттерін поэма эпизодтары арқылы дәлелдейді.

  • «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен» жұмыс жүргізіліп, «Адақ» сөзінің мағынасы анықтады;

«Адақтап» -жекеленіп бөліну, аулақтану дегенді білдіреді.

  • Бұл бейнелер оқушы үлгілері арқылы дәлелденеді.

Абылай дәуірі жайлы сөз тарих пәнінің мұғаліміне беріледі;С.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары

1-тапсырма: Берілген ақпараттың ақиқат не жалған екенін анықтау;

С.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары

С.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары



2-тапсырма: Кейіпкерлердің тарихтағы орны, қарым-қатынас, сол замандағы тарихи оқиғалар мына кесте бойынша анықталады:

С.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспарыС.Сейфуллин Көкшетау поэмасы, сабақ жоспары

3. Баянауылдағы «Сәкентас» тауының тарихы туралы айтылады;

tarihi-tulgalar.kz/

kk.wikipedia.

adebikz.com/books/view/author/14/












youtube.com/watch?v=MugutAYHMxs





aitaber.kz/blog/FotoSuretkz/753.html





bilimland.kz/index.php/kz/catalog/structure/1141-qazaqadebieti



bilimland.kz/index.php/kz/catalog/structure/1141-qazaqadebieti







youtube.com/watch?v=MugutAYHMxs




Рефлексия (5 минут):

Осы поэмаға әдеби тұрғыдан қалай баға беруге болады?

Бұл шығарманың тарихилығы неде?

Аталған поэманы географиялық тұрғыда қарастырудың маңыздылығы бар ма?



Бағалау:

Топтар бірін-бірі бағалайды;

Қорытынды жасалады.

Рефлексия: сабақ барысында түрлі ресурстарды, әсіресе «BILIMLAND» сайтындағы материалдарды қолдану пәннің мзмұндылығы мен оқушылардың пәнге деген арттыруда зор үлес қосады. Сайттағы қазақ тіліндегі интерактивті ресурстар - мемлекеттік тілдің тиімді дамытудың негізгі құралының бірі. Осы сайтты тиімді пайдалану мұғалімдердің АКТ құралдарымен жұмыс істеу мүмкіндігін жеңілдетті.



© 2010-2022