«Публицист. стиль ерек. » (9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Публицистикалық стиль туралы алған білімдерін байқау, тақырыпты ауқымды түрде ашу.
ә) дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.
Көрнекілігі: сызба тірек, презентация.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, үй тапсырмасын тексеру, түгендеу.
II. Қайталау сабағы.Топқа бөліну (кеспе қағаздар арқылы I-топ «Қазақстан», II-топ «Хабар»болып бөліну себебі, публицистикалық стиль болғандықтан, телеарналардың атын алуды жөн көрдім).

1-тапсырма: I-топтың тапсырмасы жалпы публицистикалық стиль дегеніміз туралы ойларын талқыға салады. II-топ публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктерін ортаға салады.

98-жаттығу (слайд)
1. мәтінді мәнерлеп оқып шығу
2. мақала не туралы жазылған ? «мазмұнына тоқталып кету»
3. мақала қандай стильде жазылған ? Оның стильдік ерекшелігі неден көрініп тұр ?
4. Мақала авторы туралы ойларыңды жазу.
Тапсырма
1. Өзіңіз жайлы шағын мәлімет.
2. "Арман - адам қанаты" дейді, арманыңыз жайлы не айтар едіңіз?
3. Алдыңызға қандай мақсат, жоспар қойып отырысыз?
4. Жақсы адамға берер мінездемеңіз (Бес сын есім)
Өзіңізден осы қасиеттер табыла ма?
5. Өзіңіздің алдағы жеңістеріңіз туралы не айтар едіңіз?
6. Құпия сырыңыз бар ма? Оны кіммен бөлісер едіңіз?
7. Сізден оқырмандарға әдемі тілек.

Поэзия минуты

3-тапсырма: М.Мақатаевтың «Бақыт туралы ой» атты аудиосын тыңдап, шағын эссе жазу.

INSERT

Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?

Үй тапсырмасы:

  1. 104-жаттығу. Жергілікті өңірде шығатын және республикалық газеттерден бір-бір мақаланы алып, салыстыра талдап, стильдік ерекшеліктеріне назар аударыңдар.

  2. Ғаламторда қандай стиль түрлері қолданылатыны туралы ойландың ба? Пікіріңмен бөлісе отырып, мақала жаз.

Бағалау.


© 2010-2022