Қазақ тілі Ұяң дауыссыз дыбыстар (5 сынып)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

5 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы

Ұяң дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты

Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білу, ұяң дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын түсіну.

Күтілетін нәтиже

Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата біледі.

Ұяң дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын түсінеді.

Ойлау және есте сақтау қабілеттері артады.

Сабақта қолданылатын материалдар

Компьютер, оқулық, дәптер, бағалау парақшалары, қалам, үлестірмелі материалдар

Қолданылатын әдістер

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 5. Оқытудағы басқару және көшбасшылық


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдас

тыру кезеңі

Тренинг (3м)

Топқа бөлу

(2м)

«Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...»

1 қатар - 1 топ

2 қатар - 2 топ

3 қатар - 3 топ

Топ басшылары сайланып, бағалау парақшалары таратылады.

Оқушылар бір-бірін көруге неліктен қуанышты екенін айтады, топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды.

2. Үй жұмысын тексеру

(5м)


Сұрақ-жауап әдісі

  1. Балалар, біз тіл білімінің қай саласын өтіп жатырмыз?

  2. Фонетика саласы нені зерттейді?

  3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

  4. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  5. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?

  6. Тілдің қатысына қарай неше түрге бөлінеді

  7. Жақтың қатысына қарай неше түрге бөлінеді?

  8. Ерін мен езудің қатысына қарай неше түрге бөлінеді?

  9. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді

  10. Ұяң, үнді және қатаң дауыссыз дыбыстардың бір-бірінен айырмашылығы бар ма?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді








  1. Жаңа сабақ

(6м)





4.Оқулық

пен жұмыс (6м)

















Сергіту сәті

(2м)

5. Лото ойыны.

(10м)



6.Бекіту

(5м)

















7.Қорыту

(3м)



8.Бағалау

(2м)

9.Үй тапсырма

сын беру

(1м)

Жаңа сабақтың тақырыбы «Сиқырлы сандар» тәсілі арқылы шешіледі

1 топ. 27 42 19 (ұяң)

2 топ. 7 1 26 37 24 24 37 11 (дауыссыз)

3 топ. 7 37 3 37 24 25 1 23 (дыбыстар)

Дұрыс балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз - ұяң дауыссыз дыбыстар. Мақсатымыз - ұяң дауыссыз дыбыстарды басқа дауыссыз дыбыстардың түрлерінен ажырата білу,

Ұяң дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беріледі

1 - тапсырма.

118 бет, 264-тапсырма. Мәтінді оқушыларға бөліп беремін.

Мәтінді оқып шығып, ұяң дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

1-топ:

Ақыл айтыпты: … - дүниеге, ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып, үйрене алмайды екен.

2-топ:

Осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? - депті.

Сонда ғылым айтыпты: - Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз еш нәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің.

3-топ:

Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның - екеуінің де сүйенгені сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман, - депті.

Үш топ бір-бірімен ауысып, бір-бірінің жұмысын тексереді.

Бейнероликтен жаттығуларды қайталау

2 - тапсырма

Миға шабуыл

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

1 топ - Ріпәрет

2 топ - Дыбсырат

3 топ - Кафоните

Жасырылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Тест жұмысы.

  1. Ұяң дауыссыз дыбыстардан басталған сөздердің қатарын көрсет.

А) Тарақ, қалта

Б) Кеме, нан

С) Бала, домбыра

2. Ұяң дауыссыз дыбыстар қалай

жасалады

А) Тек үннен тұрады

Б) Үннен салдыр басым

С) Салдырдан үн басым

3.Қатаң дауыссыз дыбыстарды

көрсет.

А)қ,т,с,ш,щ,т

Б) б,в,г,ғ,д,з,ж

С) р,л,м,н,у,й

4. Дауысты дыбыстар еріннің

қатысына қарай қандай түрлерге

бөлінеді?

А) Ашық және қысаң

Б) Жуан және жіңішке

С) Еріндік және езулік

5.Ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан

сөздерді тап

А) Аға, балабақша

Б) Ата, ана

С) Мектеп, қала



  1. Балалар, біз бүгін дауыссыз дыбыстардың қандай түрін өттік?

  2. Ұяң дауыссыз дыбыстардың үнді және қатаң дауыссыз дыбыстардан айырмашылығы бар ма?

  3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.

Жиынтық баға бағалау парақшаларының негізінде қойылады

Сыныптағы ұяң дауыссыз дыбыстан басаталатын балалардың есімдерін жазып келу, бір сөзге фонетикалық талдау жасау

Оқушылар әліпбидегі әріптер реті бойынша керекті әріптерді тауып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады



Берілген мәтіннен ұяң дауыссыз дыбыстарды тауып, астын сызады, бір-бірінің жұмысын тексереді















Балалар қимылдарды қайталайды

Топ басшылары өз топтарына қапшықтан тапсырма таңдайды, жасырынып тұрған сөздерді табады, сөздерге фонетикалық талдау жасайды



Балалар тест сұрақтарына жауап береді, берілген кілт арқылы өз жауаптарын тексереді















Балалар сұрақтарға жауап береді, топ басшылары бағалау парақшаларын тапсырады



Балалар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады



© 2010-2022