Урок по казахскому языку на тему Тоқтар Әубәкіров-тұңғыш ғарышкер

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С/ тақырыбы: Тоқтар Әубәкіров-тұңғыш ғарышкер.

С/ мақсаты:1.Оқушылардың қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы білімдерін тиянақтап, жаңа мәліметтер арқылы кеңейту.

2. Шәкірттердің өздігінен ойлануын, таңымдық іс- әрекетін жетілдіру.

3. Т. Әубәкіровтың өнегісі арқылы батылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

с/ түрі: аралас

с/әдісі: жартылай- іздену, талдау,ойландыру

с/көрнекілігі: үлестірмелі тапсырмалар, жоба,

сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық бағыт

  1. Өткен материал бойынша білімдерін тексеру. ҰБТ-ға дайындық тест

(Етістік.Етістіктің шақтары.10 сұрақ )

  1. Ой қозғау. Жұмбақ шешу:

Аспанда түнде көп, күндіз жоқ.Ол не? ( жұлдыз) Жұлдыз тек аспанда ғана емес, адамдар арасында да болады.... Дұрыс ғарыш жұлдыздары да бар. Олар ....

4.Сабақтың мақсаты. Сабақта не істейміз қалай ойлайсыңдар?

Жұлдыз болу оңай емес, мына ұранды басшылыққа алайық.

Ерді талап ұшырар, құсты қанат ұшырар. ( сөз құрамына талдау)

5.Жаңа сабақты түсіңдіру кезеңі.

  • Сөздік алқабы: тұңғыш,

сыңақшы- ұшқыш - летчик испытатель

Сынақ - испытание

Әскери - военный

қызмет атқарады ( жұмыс істейді)

қабылданды - принят

игерген- освоил

Қиыр Шығыс -дальний восток

  • Ауызша.берілген сөздермен сөйлем құрастыру.

  • Мәтінмен жұмыс:

Қазақтың тұңғыш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров. Мектепте оқып жүргенде ұшқыш болуды армандайды. Аэроклубқа қатысып, парашютпен секіруге жаттығады. Орта мектептен кейін Армавирдегі әскери авиация училищесін бітіреді. Тоқтар Әубәкіров- сыңақшы- ұшқыш. Қиыр Шығыстағы әскери бөлімдерде инженер- ұшқыш мамандығы бойынша қызмет етеді. Ол ұшақтардың 50- ден астам түрлерін игерген.Тоқтар Оңғарбайұлы Ю. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлау орталығына қабылданады. 1988 жылы жаңа авиация техникасын сыңақтан өткізу кезіндегі ерлігі үшін Тоқтар Әубәкіровке Батыр атағы берілді. 1991 жылы Тоқтар Әубәкіров Қазақстан -Австрия экипажымен ғарышкер - зерттеушісі ретінде ғарышқа ұшты.


  • Мәтінді бекіту.

Алған мәліметтер бойынша сөйлемдердің дұрыс,бұрыстығына баға беріңдер.

1.Т.Әубәкіров мектепте оқып жүргенде парашютпен секіруге жаттығады.

Дұрыс +

Бұрыс -

2.Ол Армавир әскері училищесін бітірген.

3.Тоқтар ұшақтардың 50-ден астам түрлерін игерген.

4.Ғарышқа ұшқан үшін Батыр атағы берілді.

5.Ғарышкер Әубәкіров ғарышқа зерттеуші ретінде ұшты.

6.Т.Әубәкіров 1991 жылы ғарышқа ұшты.


6. Жаңа материал бойынша зерттеу кезеңі. Жоба:

1- топ «Тоқтар Әубәкіров- ел азаматы»

2-топ «Тоқтар Әубәкіров- тұңғыш ғарышкер»

  • Сұрақ - жауап жұмысы

7. Бекіту кезеңі

Эссе жазу «Тоқтар Әубәкіров- ел мақтанышы»

8.Үй жұмысы: ғарыш, ғарышкер туралы өлеңдер жаттау, жаңа сөздермен СҚС құрастыру(5).


© 2010-2022