70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информация об участнике на конкурса

Ф.И.О

Кайр Гульнар Алдабергеновна

Абылгазина Акжайк Аманжоловна,

Должность

Учитель казахского языка и литературы

Язык работы

казахскиий

Полное найменование учебного заведение

Пресновская средняя школа им.И.П.Шухова

Область

Северо-Казахстанский Жамбылский район

с. Пресновка

Адрес электронный почты

[email protected]

[email protected]

Контактный телефон

8-715-44-2-02-45 87759793029

8-718-44-2-16-45 87053204142

Тема конкурного материала

70-летие Победы в ВОВ

«Қазақ қызы Әлияның ерлігі - ел есінде»



70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»


Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.

(Слайдта заставка)

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған Әлияның өмірбаяны мен ерліктері туралы оқушыларға хабар беру. Оның ерлігін үлгі ете отырып, ел есінде мәңгі сақтау.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке - Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батыр қыздың бірі - Әлия Молдагулова.

Ендеше, бүгінгі «Қазақ қызы Әлияның ерлігі - ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.


1-оқушы ( на фоне музыки)

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,

Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.

Аққу құстың бейне бір баласындай,

Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.
Әлия - ару қызы сен халқымның,

Әлия - батыр қызы сен халқымның,

Ерке құсы сен даламның!

(Слайд «Әлия»)

70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»

2 -оқушы

Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.

3- оқушы

Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.

4 - оқушы

Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болады

(Слайд сегіз жасар Әлия)

70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»


5-оқушы

Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында ұлы Бағдат пен қызы Әлия қалады. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікеннің қолына беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейеді. Үй-іші Әлияны өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретіп, оған қыздар үй жұмысында көмектеседі, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бағады. Өз құрдастарына қарағанда, Әлияның мінезі қисық, қатал болған екен.

(Слайд Балалық шағы)

70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»



6-оқушы

Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жалқауларды жек көріп, бүкіл балалардың алдында сынап, ұрысатын. 6-7 сыныптарда Әлия староста болған. Үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген.


(Слайд Әлияның бағалары)

70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»


7 -оқушы

Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды.

8-оқушы

Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.

Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...

(Слайд Ленигнград

қаласы)


70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»

70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»


70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»



9-оқушы

1943 жылы Әлия мергендер мектебін үздік бітіріп, өз еркімен майданға аттанды. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Алайда жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

(Слайд «Достарына хат»)


70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»


10-оқушы

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

11-оқушы

1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігінде Новосокольники ауданында қаза тапты.

Құрметті, барша қауым, Әлия апамызды және Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен орнымыздан тұрып еске алайық. (Слайд «Еске алу»)

Ешкім де, еш нәрседе ұмытылмайды. 70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»

Отан үшін ерлікпен қаза тапқандар!

Насиева Лананың орындауында «Әлия» әні орындалады. Бұл композиция орындалып жатқанда Әлия туралы фильм көрсету.

12-оқушы

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес ОдағыБатыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.

(Слайд «Кеңес Одағының Батыры»)

70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»

13-оқушы

Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монаково ауылында жерленген.

14-оқушы

Соғыс жалмап аға - іні бауырды,

Зар жылатып тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл жеңісті алып келген

15-оқушы:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары

16-оқушы

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

17-оқушы

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын! (хормен)

18-оқушы

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы.

Ж.Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні хормен орындалады.

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,

Оқ дауысы мәңгілік жойылсын.

Бомбаның орнын тегістеген,

Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.

Көтеріп жаңғырық!

Данасын дала, баласын ана,

Жоқтамасын мәңгілік!

Көктесін жас ағаш одан әрі,

Өткен күн қайтадан жанбайды.

Сұлудың кестелі орамалы,

Сүртсін, тек тершіген маңдайды.

Қайырмасы:


Осымен бүгінгі Әлия апамызға және соғыс ардагерлеріне арналған тәрбие сағатымыз тәмамдалды. Қош сау болыңыздар ! Жеңіс күні құтты болсын!

(Слайд «Жеңіс күні»)

70-летие Победы в ВОВ «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»



















© 2010-2022