Мұхтар Әуезов (7 сынып)

Орыс тілінде оқытатын мектептеріндегі 7 сынып оқушыларына арналған қазақ әдебиеті пәнінен "Мұхтар Әуезов" тақырыбына сабақ жоспары. Сабақ жоспарына қоса Мұхтар Әуезов туралы 10 минуттық фильм және презентация беріледі. Сабақ заманауи талаптарға сай құрастырылған. Сабақ барысында постер қорғау, рефлексия жүргізу деген тәсілдер қолданылды. сабақтың мақсат-міндеттері оқушылармен бірге қойылған. Нәтижесінде сабақ өз мақсатына жетті. Сабақ барысында оқушыларды топтарға бөлу әдісі қолданылды. Сондықта...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұхтар Әуезов (7 сынып)Мұхтар Әуезов (7 сынып)Мұхтар Әуезов (7 сынып)Мұхтар Әуезов (7 сынып)Cабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов.

Өткізілген күні: 24 ақпан 2015 жыл

Сынып: 7 «Б»

Мақсаты:

Білімділік: оқушылар Мұхтар Әуезов туралы түсінік алады.

Дамытушылық: өнерге айналған өмірді танып біледі, өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйренеді.

Тәрбиелік: туған халқының тағдырына ортақтасады. Адамдық, сүйіспеншілік өсиеттерге баулиды.

Міндеттері:

  1. Мұғалімді мұқият тыңдап, ақпаратты ұғу.

  2. Берілген тапсырмаларды бар жауапкершілікпен орындау.

  3. Сабақта қызығушылық пен белсенділік таныту.

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов туралы фильм, сабақ барысы бойынша

презентация, үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару. Балаларды топтарға бөлемін.

ІІ. Жаңа сабақ:

Мұхтар Әуезов туралы фильм көрсетемін. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсат-міндеттерімен таныстырамын.

ІІІ. Тәжірибе алмасу: 151 беттегі мәтінді оқуға бөліп беремін (5 минут). Әр топ түсінгенін айтады, постер арқылы қорғайды (5 минут).

ІV. Рефлексия: әр топ қарсыластарының постеріне пікір жазады.

V. Класстер толтыру:

Мұхтар Әуезов туралы не білдік?

Мұхтар Әуезов


VІ. Сабақты бекіту:

Сұрақтар арқылы сабақты бекітемін.

  1. М.Әуезов қашан дүниеге келді?

  2. Қай жерде дүниеге келді?

  3. Мұхтардың әкесі мен атасының аты қалай?

  4. Мұхтар қай жерде оқыды?

  5. Алғашқы шығармасы?

  6. «Көксерек» шығармасы не туралы?

  7. Қай жылы дүниеден озды?

VІІ. Үй тапсырмасы:

«Көксерек» әңгімесін оқып келу.

VІІІ. Бағалау:

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын. Қойылған бағаға түсінік

беремін.

ІХ. Қоштасу.



© 2010-2022